3. Өндіріс нәтижелілігінің үлгісі. Парето – нәтижелілік
Сонымен, Эджворт жәшігін және шарттар қисық сызығын салу нәтижесінде біз 2 тұтынушы араларында 2 тауарды мүмкін нәтижелі үлестіруін алдық, бірақ олардың қайсысы ең ұтымды екенін айталмаймыз. Бұл сауалға жауап беру үшін өндіріс нәтижелілігін табуға Эджворт диаграммасын салу қажет, яғни өндіріс нәтижелілігінің үлгісін. Ол сәйкес салынады, айырмасы: тауарлар емес, өндіріс факторлары (еңбек пен капитал), олар 2 тұтынушы емес, X пен Y тауарлар өндірісі араларында үлестіріледі. Парықсыздық қисық сызықтарының орнына біз изокванта саламыз, факторлардың өндірісті нәтижелі үлестіруін табу үшін – өндірістік шарттар қисық сызығын. Егер экономика нәтижелі болса, Х тауарды өндірудің жалғыз мүмкіндігі – Y тауардың біршама санын өндіруден бас тарту. (X,Y) координаталар жүйесіндегі өндірістік шарттар қисық сызығын салғанда, біз 2 тауардың өндірісі үшін өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығын аламыз – бұл 1 тауардың өндірісі екінші тауар өндірісінен тәуелділігі. Әр нүктедегі өндірістік мүмкіндіктер қисық сызықтарының еңкіштігі түрленудің шекті нормасы деп аталады (95 сурет).
Y Тауары
Х Тауары
95 сурет. Өндірістік мүмкіндіктер қисық сызығы
MRTXY түрленудің шекті нормасы (marginal rate of transformation) – Y тауардың әр қосымша бірлігін алу үшін бас тартуға қажет Х тауардың саны.
MRTXY = MCY/MCX, мұнда МС – әр тауар өндірісінің шекті баламалы шығындары
Нәтижелілік үлгісін, «таза» ауыстыру мен өндіріс нәтижелілігі үлгісін қосып, біз жалпы үлгіні аламыз, табамыз. Оның көмегімен қойылған міндетті шешеміз: өндіріс факторларын, тауарларды ең жоғары тұтыну нәтижемен қалай үлестіру керек?
Парето – нәтижелілікті көрсететін ахуал 96 суретте салынған. Парето – нәтижелі үлестіру Е нүктесінде, онда өндіруші көзқарасы бойынша нәтижелілік тұтынушы көзқарасы бойынша нәтижелілікпен сәйкес келеді. Бұл нүктедегі парықсыздық қисық сызығының (MRC) еңкіштігі өндірістік мүмкіндіктер қисық сызықтарының еңкіштігіне тең (MRT). MRTXY = MRSAXY = MRSBXY
YТ ауары
Е
Х Тауары
96 сурет. Парето – нәтижелілік
Барлық нүктелерді қосып, пайдалылық шегін табамыз. 97 суретте көрсетілген (пайдалылық сызығын), онда UA – A тұтынушы пайдалылығы; UВ – В тұтынушы пайдалылығы.
U B
•Н
E
UA
97 сурет. Пайдалылық шегі
Достарыңызбен бөлісу: |