Мазмұны кіріспе микроэкономика пәні және методологиясы


Қоғамдық игіліктерді пайдалануға беру тәсілдері



бет88/92
Дата03.03.2023
өлшемі1.67 Mb.
#470298
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Микроэконом каз

3. Қоғамдық игіліктерді пайдалануға беру тәсілдері

Қоғамдық игідіктерді пайдалануға беруде «билетсіздік» мәселе кездеседі. Бұл мәселенің мәні: тұтынушылар қоғамдық игіліктер өндірісін қаржылаудан қашады немесе олардың төлеміне кететін шығындарды азайтқысы келеді, басқаларға сеніп, яғни солар төлесін деп. «Билетсіз» басқаның есебінен пайда түсіру үшін игілікті тұтынудан алынатын пайдалылықты әдейі төмендетіп, қоғамдық игіліктің құндылығын азайтады. Осыған байланысты қоғамдық игілікті өндіру мен қаржыландыру ахуалында оны пайдалануға беру тәсілдерін таңдау мәселесі тұрады. Қоғамдық игілікті пайдалануға берудің 2 нұсқасы мүмкін: нарық арқылы немесе мемлекет арқылы. Қоғамдық игілікті нарық арқылы пайдалануға беру қосылмайтын қоғамдық игіліктерді жеке спектр арқылы өндіру. Бұл жағдайда қоғамдық игіліктер жеке игіліктер сияқты сатылады. Мысалы, әр түлі ойын-сауық шараларға билеттерді сату, кабель теледидар үшін, телекоммуникация немесе компьютерлік желістерге қосылу үшін төлем енгізу. Қоғамдық игіліктерді нарық арқылы пайдалануға берудің екінші нұсқасы – өзара келісілген қаржыландыру, бұл бірыңғай пакетте қосылатын қоғамдық игілік пен қосылмайтын жеке игілікті сату немесе қосымша (жанама) өнімді сату. Мысалы, қоғамдық теледидардың қаржыландыруына жіберілетін жарнама роликтерінің төлемі. Нарықтық қаржыландырудың үшінші тәсілі – жеке жәрдемдерден қоғамдық игіліктердің төлеуін ұйғаратын жәрдемақы. Бұндай жәрдемақылардың себебі: жеке тұлғалардың немесе ұйымдардың материалдық емес пайда алуы қоғамдық бедел немесе қоғамдық игілікті жоғары бағалауы. Мысал – қоршаған ортаны т.б. қорғаудың қоғамдық бағдарламаларына қатысу. Қоғамдық игіліктердің өндірісі салықтар арқылы қаржыланады.




Сұрақтар мен тапсырмалар
Талқылауға арналған сұрақтар



  1. Игіліктердің жалпы және қоғамдық игіліктердің жеке алғандағы жіктеуін келтіріңіз. Игіліктердің қосылушылық/қосылмаушылық, бәсекелестік/бәсекелессіздік деген сипаттары нені білдіреді?

  2. Қоғамдық игіліктерге сұраныс қалай анықталады? Оның ерекшелігі неде?

  3. Қоғамдық игілік өндірісінің нәтижелі көлемі қалай анықталады?

  4. Қоғамдық игіліктерді пайдалануға берудің қандай тәсілдері бар?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет