Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың зардаптарын жою
Заңсыз алынған мүлікті немесе заңсыз көрсетілген қызметтің құнын өндіріп алу
1. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдар немесе соларға теңестірілген адамдар сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесінде негізсіз байыған жағдайлардың бәрінде заңсыз алынған мүлік мемлекет кірісіпе жатқызылуға ал заңсыз көрсетілген қызмет құны мемлекет кірісіне өндіріліп алынуға тиіс.
ІІ – тарау. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түрлері
2.1. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдары
Қызметтік өкілетті теріс пайдалану (307-бап).
Қызметтік өкілетті теріс (заңсыз) пайдалану қызметтік қылмыстардың неғұрлым кең тараған түрі. Ол көптеген жағдайларда лауазымды адамның қылмыстық әрекетінің бастамасы, баска ауыр қылмыстар жасаудың тәсілі де болып табылады. Бұл қылмыстың мәні мынада, лауазымды тұлға өзіне берілген қызметтік өкілетті пайдалана отырып, мемлекеттік аппарат жүйесіндегі құқық пен өкілетті зұлымдық жолына қолданады.
Оның қауіптілігі сол, лауазымды тұлға өзінің қызметтік өкілетін қызметтік мүддеге қарама-қайшы қылмыстық жолмен пайдалана отырып азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтіреді.
Мемлекеттік аппараттың қалыпты, заңды қызметіне қол сұғу осы қылмыстың объектісі болып табылады. Осыған байланысты, егер қызметтік өкілетті теріс пайдалануды мемлекеттік органда, жергілікті өзін-өзі басқару органында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Қазақстан Республикасының басқа да әскер құрамадарына және әскери құрамдарда лауазымға ие адамдар жасаған жағдайларда ғана аталған қылмыс және 13-тараудан көзделген өзге де қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік туындайды. Мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарында болып табылмайтын коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызметтік өкілетті теріс пайдаланған тұлғалар ҚК-тің 228-бабы бойынша осындай іс - әрекеттері үшін қылмыстық қудалау тәртібі туралы осы бапқа ескертпелерді ескере отырып жауап беруге жатады.
Қызметтік өкілетті теріс пайдаланудың объективті жақтарының міндетті белгілері мыналар болып табылады: лауазымды адамның өзінің қызметтік екілетін пайдалануы; лауазымды адамның қызмет мүдделеріне қайшы келетін белгілі бір іс-әрекет жасауы; егер осы іс-әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, не қоғамдық немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтірсе.
Мынадай іс-әрекеттер лауазымды адамның өзінің қызметтік өкілеттігін пайдалануы деп түсініледі, егер ол іс-әрекет оның қызметтік өкілетінен туындайтын болса және осы лауазымды адам атқарып отырған қызметінің арқасында берілген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға байланысты болса.
Лауазымды адамның әрекеті деп лауазымды адам оның атқарып отырған қызмет жағдайының арқасында ғана жасай алатын әрекетін айтуға болады. Әрекетсіздік дегеніміз лауазымды адамның қызметтік парызы бойынша орындауға міндетті қызметтік міндеттерін орындамауын айтамыз. Қызметтік жағдайын пайдаланумен байланысты емес жасалған әрекет немесе әрекетсіздік қызметтік өкілетті теріс пайдалану ретінде қаралуы мүмкін емес.
Лауазымды адамның іс-әрекеті егер ол қызметтік парызын бұзса, яғни лауазымды адам өзінің қызмет жағдайын қызметтік мүддеге қайшы келетіндей пайдаланған жағдайда ғана ҚК-тін 307-бабы бойьшша қылмыс ретіңде қаралады
Егер іс-әрекет мемлекеттік аппаратқа қойылатын жалпы міндеттер мен талаптарға тұтастай алғанда, сол сияқты жекелеген билік құрылымдары немесе басқару буындары орындайтын міндеттерге объективті түрде қайшы келетін болса, аппараттың белгіленген принциптері мен жұмыс тәртібін, ең алдымен заңдылық принциптерін бұзған болса, қызметтік мүдделерге қарсы жасалған деп танылады.
Қызметтік мүдде деп, сондай-ақ нақты бір мекеменің кәсіпорынның қалыпты жұмыс барысын, тәртіптің, жеке және заңды тұлғалардың заңды құкықтары мен мүдделерінің сақталуын түсіну керек. Қызмет мүддесі талаптарының бұзылуы қай уақытта болса да лауазымды адамның іс-әрекетінің заңсыздық сипатымен көрінеді.
Егер лауазымды адамның қызметтік өкілетін заңсыз пайдалануының салдарынан заңда көзделген белгілі бір зиянды зардаптар туындаған болса, осындай жағдайда ғана ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қызметтік өкілетті теріс пайдалану, билікті және кызметтік өкілетті шамадан тыс асыру, қызметтегі әрекетсіздік, салақтық Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне немесе қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүддесін елеулі түрде бұзудан тұрады, яғни 1959 жылғы Қазак ССР Қылмыстық кодексіндегі зиян шектірудің нұсқалығынан айырмашылығы Казақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі — "елеулі түрде бұзу" деген басқа терминді қолданады. Мүдделерді бұзудың "елеулілігі" деген белгі — бірнеше жағдайға байланысты болатын баға беру түріндегі түсінік.
Азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін не қоғамның, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға, ең алдымен заңмен қорғалатын объектілерге елеулі түрде материалдық және моральдық зиян келтіру жатқызылуы тиіс.Материалдық зиян мүліктік, жеке бастық және ұйымдық зиян болып бөлінеді.Мүліктік зиян қылмыс жасалған сәттегі республиканың зандарында белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің еселенген мөлшеріндегі ақшаға сәйкес айқындалады. Жеке басқа келтірлген зиян егер ел жәбірленушінің денсаулығына жеке орта ауырлықтағы зиян келтірілсе, елеулі түрде деп санауға болады.Мүліктік, жеке бастық және ұйымдық зияндар бағытау сипатында болады, ал моральдық зиянның дәрежесі ақшалай бағалауға келмейді.
Азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін не қоғамның, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін жоғарыда келтірілген бұзудың жиынтығы — істің нақты жағдайы бойынша лауазымды адамдардың аталған қылмыс түрлерінің қоғамға қауіпті зардаптарын құрайды.
Лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттері мен пайда болған зардаптарының арасында келтірілген себептік байланыс болуы керек. КСРО Жоғарғы сотының Пленумы атаған санаттағы істерді қарау кезінде — соттарға өзінің 1990 жылғы 30 наурыздағы «Билікті немесе қызмет жағдайын теріс пайдалану, билікті немесе қызметтік өкілетті шамадан тыс асыру, салақтық және лауазымдық жалғандық туралы істер бойынша сот практикасы туралы» қаулысында келтірілген зиянның сипаттамасын, сондай-ақ «сотталушының әрекеті (әрекетсіздігі) мен зиянның арасындағы себептік байланыстың бар екендігі анықталуы және үкімде көрсетілуі тиіс» деп атап көрсетті.
Өзге де жеке мүдделілік, мүліктік емес сипаттағы, мансапқорлық пайда күнемдік, ықпалды қамқорлық көрсету, отбасылық кек, қызғаныш, көре алмаушылық, нәрсенің шын тұрпатын боямалап көрсету, өзара қызмет көрсету, өзінің атқаратын қызметіне сәйкес еместігін бүркемелеу сияқты себептерді басшылыққа ала отырып пайда табуға ұмтылушылықтан көрінуі мүмкін.
Мемлекеттік қызметшісі түсінігі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңының1 – бабында берілген. Соған сәйкес ақы төленетін мемлекеттік қызметте істейтін және мемлекеттік міндеттер мен фукцияларын іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар атынан заңға сәйкес өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Репсуликасының азаматы мемлекеттік қызметші болып табылады. Барлық мемлекеттік қызметшілердің ішінен Қазақстан Республикасының жаңа ҚК бойынша қаралып отырған қылмыстардың субъектісі болып танылуы мүмкін жекелеген лауазымды тұлғалардың санаттары ерекшеленеді: 1) өкімет өкілі функциясын тұрақты, уақытша немесе арнайы екілеттік бойынша жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер; 2) мемлекеттік органда не Қарулы Күштерде немесе Қазақстан Республикасы басқа да әскер құрамында және әскери құрамаларда ұйымдастыру-реттеу немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер.
Өз қызметінің түріне қарай оларға бағынышты қызметкерлерге қатысты ғана емес, сонымен бірге олардың әкімшілік бағынысында, оларға қызметтік бағыныстағы емес азаматтарға қатысты да өкіметтік функцияларды жүзеге асыру өкілеттігі берілген адамдар өкімет екілі деп танылады.
Өкімет екілдерінің функциялары өкіметтің барлық салаларында жүзеге асырылады — заң шығару; республикалық деңгейдегі, сол сияқты жергілікті өзін-өзі басқару деңгейіндегі атқарушылық және сотта. Парламент Мәжілісінің депутаттары мен Сенаттың сенаторлары, сондай-ақ мәслихаттардың депутаттары заң шығару өкілеті саласындағы өкімет өкілдері болып табылады. Казақстан Республикасы үкіметінің мүшелері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметкерлері; құқық қорғау және бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық кауіпсіздік комитегінің, прокуратураның, кеден, салық қызметінің кызметкерлері мен шекарашылар және соған ұқсас тұлғалар. Сот өкілеті саласында барлық деңгейдегі соттардың судьялары өкімет өкілдері болып табылады. Арнайы өкілдік бойынша өкімет өкілінің функцияларын жүзеге асырушы тұлғалар белгілі бір кезеңге заңдық маңызы бар, өкімет өкілдігін жүзеге асыруға тартылған түрлі қоғамды инспекторлар, ревизорлар, бақылаушылар.
Арнаулы өкілеттік деген штаттық қызмет орнында есептелмейтін адамға белгілі бір ұйымдық-әкімдік реттеу немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді не өкімет өкілі функциясын орындау тапсырылған деп түсініледі. Бұл арнаулы құқықтық актімен (бұйрықпен, еңбек келісімімен, сенімхатпен немесе еңбек ұжымының, қоғамдық ұйымның шешімімен) немесе ауызша өкім ету негізінде ресімделуі мүмкін.
Мұндай жағдайда өкілеттік белгілі бір уақытқа немесе нақты тапсырманы орындау үшін беріледі.
Мемлекеттік органдарда біржакты кәсіби немесе қосалқы техникалық міндеттерді орындайтын мемлекеттік қызметшілер лауазымды тұлға болып табылмайды. Мемлекеттік қызмет туралы заңмен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің саяси қызмет атқаратын санатына жататын қызмет орнындағылар соларға тең. Қазақстан Республикасының жауапты мемлекеттік лауазымдарын атқаратындарға Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Терағасы, Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, министрлер, Жоғарғы Соттың төрағасы, Бас Прокурор, Конституциялық кеңестің төрағасы және мүшелері, судьялар және Қазақстан Республикасының басқа да жоғары лауазымды адамдары жатады.
Талданып отырған баптың 3-тармағы жағдайға айрықша баға беру ретінде ауыр зардаптардың болуын атайды. КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1990 жылғы 30 наурыздағы "Билікті немесе қызмет жағдайың теріс пайдалану, билікті немесе қызметтік өкілетті шамадан тыс асыру, салақтық және лауазымдық жалғандық туралы істер бойынша сот практикасы туралы" қаулысының 10-тармағына сәйкес ауыр зардаптарға тиісті мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының жұмысында берекесіздік жасау, аса ірі материалдык шығын келтіру, денсаулығына ауыр зиян келтіру, егер осы зардаптар оны лауазымды адамдардың қызметтік екілетті теріс пайдалануымен жасаған жағдайда орын алады. Ауыр зардаптар баға беру санаты болып табылады. Осы айрыкша бағалау белгісін тану нақты іс жағдайына байланысты болады және факті мәселесі болып табылады.
Қызметтік өкілетігін асыра пайдалану (308 – бап)
Билікті немесе қызметтік өкілетті асыра пайдалану қызметтік өкілетті теріс пайдаланудың айрықша түрлерінің бірі болып табылады. Қылмыстың бұл түрінің қызметі теріс пайдалану құрамынан (ҚК-тің 307-бап) айырмашылығы мынада: қызметті теріс пайдалану кезінде заңсыз әрекет лауазымды тұлғаның әдеттегі қызмет шеңберінде жасалады, ал асыра пайдалануда, керісінше, әрекет құқық пен өкілеттің осы шеңберінен ашықтан ашық асып кетеді.
Талданып отырған қылмыс белгілерін анықтау үшін осы лауазымды тұлғаға берілген өкілеттік көлемін нақты айқындап алу керек.
Кінәлы лауазымды тұлға қаралып отырған қылмысты жасай отырып, солардың шегінен асып кететін құқықтар мен өкілеттер заңдармен және мынадай заңдық актілермен айқындалады: қаулылармен, өкімдермен, бұйрықтармен, нұсқаулықтармен, жарлықтармен, нұсқамалармен және т.б.
Билікті немесе лауазымдық өкілетті шамадан тыс асырудың және өзге қызметтік қылмыстардың да объектісі болып — мемлекеттік аппараттың қалыпты қызметі табылады.
Объективті жағынан алғанда бұл қылмыс міндетті түрде болуы керек деп саналатын 3 белгімен сипатталады: лауазымды тұлғаның оған заңмен берілген құқығы мен өкілетінің шегінен ашықтан-ашық асып кететін іс-әрекеттер жасауы; осы бапта келтірілген заң бұзушылық түріндегі қоғамға қауіпті зардаптар; тұлғаның өкілеттік шегінен асуы мен жасалған зардаптар арасында себептік байланыстың болуы.
КСРО Жоғарғы Сотының 1990 жылғы 30 наурыздағы жоғарыда аталған Пленумының қаулысындағы түсіндірме бойынша лауазымды тұлғаның өкілеттік шегінен ашықтан - шығып кету әрекеттері мыналар болуы мүмкін аталған ведмоствоның жоғары лауазымды тұлғасы ғана жасауға құқы бар әрекеттер (мысалы, университет факультетінің, деканы факультетінің қызметкерлерін жұмысқа және жұмыстан шығару функиияларын, осы функциялар заң бойынша жоғары оқу орнының ректорына ғана тән бола тұрса да, өзіне иемденеді басқа ведомствоның лауазымды тұлғасының құзыретіне кіретін іс-әрекеттер (мысалы, тінтуді жүргізу құқығы анықтама, тергеу, прокуратура және сот органдарына берілген, сондықтан ауыл әкімінің тінту жүргізу туралы өкім беруі билікті асыра пайдалану ретінде бағалануы тиіс);
алқалы органның құзыретіне кіретін іс-әрекеттер (мысалы, заң бойынша мүгедектік туралы анықтаманы тек қана дәрігерлік-енбек сараптама комиссиясы бере алатындығы айқын бола тұра емдеуші дәрігердің осындай анықтаманы өзі беруі);
осы лауазымды тұлғаның құзыретіне кіре тұрса да, бірақ заңда және өзге де нормативтік актіде көрсетілген жағдайлар болғанда ғана жол берілетін іс-әрекеттер (қылмыскер шабуыл жасаған сәтте қару қолдану);
бірде бір лауазымды тұлға немесе орган жасауға құқылы емес іс-әрекеттер (көбінесе, қарамағындағыларға қатысты жәбірленушінің жеке басын кемсітетін күш көрсету).
Билікті немесе қызметтік өкілетті қылмыстық асыра пайдалану кұрамы болу үшін мемлекеттік не қоғамдық мүдделерге немесе жекелеген азаматтардың құқықтары мен заңмен корғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзу түріндегі және тұлғаның әрекеті мен зардаптардың арасында себептік байланыстар болуы қажет. Билікті немесе кызметтік өкілетті асыра пайдаланудың объективті жақтарының осы міндетті белгілерінің сипаты мен мазмұны қызметті теріс пайдалану кезіндегімен бірдей. Билікті немесе кызметтік өкілетті асыра пайдалану құрамының қажетті белгілерін елеулі түрде бұзудың болмауы Қылмыстық кодекстің 308 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікті жокқа шығарады.
Ашықтан-ашық заң бұзушылықтың белгілері жасалған іс-әрекеттердің берілген өкілеттіктердің шегінен асып кеткендігінің айқындығын, сөзсіздігін білдіреді.
Заңда көрсетілген зардаптар басталған сәттен бастап қылмыс, атап айтқанда азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзу аяқталған болып есептеледі. Тергеу-сот тәжлрибесінде бұл зардаптар көбіне дене күшін жұмсау және психикалық зорлық көрсету түрінде, көрінеді.
Билікті асыра қолдану кезіндегі зорлық дене күшін жұмсау және психологиялық болуы мүмкін. Билікті немесе қызметтік өкілетті асыра пайдалану кезінде дене күшін жұмсау жәбірленушінің денесіне зақым келтіру, ұрып соғу, азаптау, бостандығынан заңсыз айыру түрінде көрінуі мүмкін. Билікті асыра қолдану кезінде психикалық зорлық, дене күшін жұмсаумен қорқыту және денеге жарақат салумен, өліммен қорқыту жәбірленушінің белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздікті істеуге және басқадай нысандарды мәжбүрлеп қорқытуы арқылы көрініс табады. Мұндай қорқытулар субъект тарапынан сөзбен, жазбаша, дене қозғалысы, ым көрсету арқылы жүзеге асырылады және де осы қорқытулар жәбірленушінің жеке басына ғана емес, оның туыстары, жақындары жөнінде де болуы мүмкін.
Талданып отырған қылмыс субъективтік жағынан тек қана қасақаналықпен жасалады. Кінәлы адам билікті немесе қызметтік өкілеттікті көріне асыра пайдаланғанын және оның азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соғатынын сезеді және өз екілеттігін асыра пайдалану арқылы құқық қорғау объектілеріне зиян келтіруді тілейді немесе осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол береді.
Қылмыстық ниеттің іс-әрекетті саралау үшін ешқандай әсері болмайды.
Қылмыстын субъектісі болып өкімет өкілі немесе басқадай лауазымды адамдар танылады. Олардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 307-бабының ескертуінде берілген. Талданып отырған баптың 2-тармағында бұрынғы занда болмаған осы қылмыстың ауырлататын түрі — жауапты мемлекеттік лауазымда істейтін адам жасаған билікті кемесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланган әрекеттер үшін жауаптылық көзделген. Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың да түсінігі қылмыстық кодекстің 307 -бабының 2-есі ертуінде көрсетілген.
Лауазымды адамның өкілеттігін иемдену (309-бап)
Мемлекет мемлекеттік аппараттың өздерінің қызметтік өкілетін теріс пайдаланатын лауазымды тұлғаларымен қалай күрессе, лауазымды тұлғаның атағын өз бетінше иемденуге тырысатын өзге қызметкерлермен де солай күреседі. Шындығында осындай әрекеттер мемлекеттік апараттың қалыпты дұрыс жұмысын бұзады және сонымен азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің мүддесіне елеулі түрде зиян келтіреді. Осы жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің 309-бабы лауазымды тұлға болып табылмайтын мемлекеттік қызметшіге лауазымды тұлғаның өкілетін иемденгені үшін жауапкершілік белгілейді.
Мемлекеттік аппараттың жекелеген буындарының қалыпты дұрыс қызметі түсілдіріліп отырған құрамның объектісі болып табылады.
Аталған құрамның объективтік жағы лауазымды тұлға болып табылмайтын мемлекеттік қызметші өздігінен, алдау жолымен лауазымды тұлғаның өкілетін иемденеді және оны азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзатын қоғамға кауіпті әрекеттер жасау үшін пайдаланады
Қылмыс белсенді әрекеттер жолымен жасалады. Қылмыс-жасаушы кінәлы адам мемлекеттік қызметші — өзі белгілі бір лауазымды тұлға ретінде көрсетеді және іс жүзінде елгі тұлғаның өкілетін заңсыз орындайды. Лауазымды тұлғаны иемдену нысандары заңда көрсетілмеген, бірақ олар барынша әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: қатардан қызметкер — аудандық өкімнің референті келушілерді қабылдайды да солардың арыздары бойынша шешім қабылдайды; қандай да болмасын құжаттарға өз бастығының атынан қол кояды немесе қатардағы полиция өзін аудандық ішкі істер басқармасының (АІІБ) жедел қызметінің қызметкері ретінде таныстырады және азаматтарды тұтқынға алу қаупін төндіріп, өзіне керекті заттарды алады және т.б.
Талданып отырған құрам өзінің құрылымы бойынша материалдық құрамға жатқызылатындықтан, осы құрамның объективтік жағының тағы бір міндетті белгісі болып — кінәлының заңсыз әрекеттері мен орын алған зардаптар арасындағы себептік байланыстың болуы болып табылады. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері елеулі түрде бұзылған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп есептеледі.
Лауазымды тұлғаның өкілетін иемденудің субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Қаралып отырған қылмыс субъектісі лауазымды тұлға болып табылмайтын мемлекеттік қызметші болады. Егер осындай әрекеттерді мемлекеттік қызметші болып табылмайтын басқа жат тұлғалар жасаған болса, онда олар бұл бап бойынша жауапкершілік атқармайды, бірақ олардың әрекеті істің нақты жағдайына байланысты ҚК-тің басқа баптары бойынша саралануы мүмкін, мысалы: тұрғын-жайдың қол сұғылмаушылығы бұзу, денеге жарақат салу, денеге жарақат беруге мәжбүр ету, қорқытып талап етушілік немесе алаяқтық және т.б. Осы қылмыс қызметтік өкілетті теріс пайдалану құрамынан мынадай адамдар бойынша ажыратылады.
Кәсіпкерлік кызметке заңсыз қатысу (310-бап)
"Казақ КСР-інде шаруашылық қызметтің бостандығы және кәсіпкерлікті дамыту туралы" 1990 жылғы 11 желтоқсаңдағы Қазақ КСР Заңына сәйкес кәсіпкерлік қызмет деп өзара тиімді нәтижелер мен табыс алу мақсатындағы кез келген қызмет түсініледі (1-бап), мұңда кез келген меншік түріндегі кәсіпорын және солар құрған бірлестіктер құрыла алады және жұмыс істей алады. Кәсіпкерлік қызметтің саласында, егер оған заңмен тыйым салынбаған болса, шектеу қойылмайды.
Түсіндіріліп отырған қылмыстың объективті жағы — субъектінің әрекеті осы ұйымға жеңілдік және артықшылық берумен немесе оған басқа нысанда қамқоршы болумен байланысты жағдайда, не лауазымды тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйым құруымен, не осыған қатысты тыйым салынғандығына қарамастан осындай ұйымды басқаруға қатысуымен түйінделеді.
Кінәлы лауазымды тұлға өзінің атқарып отырған қызметтік өкілеттігінің арқасында оны өз мүддесіне теріс пайдалана отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құрады, не осындай ұйымға өзі немесе өз адамы арқылы басшылық етуге қатысады. Әрекеттің кайсы нысаны болмасын, кінәлы адамның оған заңмен берілген лауазымдық өкілетті пайдалануы арқылы жасалады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында мемлекеттік қызметшіге басқа қызметпен, соның ішіңде педагогтік, ғылыми және жеке творчестволық қызметті қоспағанда, кәсіпкерлікпен айналысуға тікелей тыйым салынатындықтан, кінәли адамдардың аталған ирекет кысандары заңсыз болып табылады. Осы қылмыс үшін қылмыстың жауапкершілікті қажетті шарты болып кінәлы адамның іс-әрекетінің ұйымын құру немесе оны басқаруға қатысу (осы кәсіпкерлік ұйымға жеңілдіктер мен артықшылықтар берумен), мысалы, салықтық, сараптамалық, кезектен тыс тіркеу және құжат беру, тауарларды, шикізаттарды немесе өзге де материалдарды кезектен тыс алу, аукциондарға қатысу (немесе өзге де қамқорлықтар жасаумен), тексерулерден, ревизиядан босату, олардың қызметі үшін, қолайлы жағдайлар жасау және т.б.) арадағы тікелей байланыстар болып табылады.
Осы құрамның ауырлататын түріне — мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының лицензия беру жөніндегі өкілеттіктерді мемлекеттік емес ұйымдарға, соның ішінде қоғамдық бірлестіктерге беруге әкеп соқтырған әрекеттер жасағаны жатады. (Қылмыстық кодекстің 310-бабының 2-тармағы) яғни лицензия туралы заң шартын бұза отырып мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары лицензияға байланысты өздері жүзеге асыратын өкілдікті мемлекеттік емес, қоғамдық бірлестіктердің жүзеге асыруына жол береді.
Бұл құрам формальдық санатқа жатқызылады, сол себепті 310-бапта көрсетілген әрекеттер жасалған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп саналады.
Түсіндіріліп отырған қылмыстың субъективтік жағы тек тікелей қасақаналықпен ғана сипатталады.
Қылмыстың осы құрамының субъектісі қызмет жағдайы бойынша Қылмыстық кодекстің 310-бабында (1,2 тармақтарда: көзделген әрекеттерді (лауазымды тұлға туралы түсінікті ҚК-тің 307-бабына түсіндірмеден қараңыз) жасауға мүмкіндігі бар лауазымды тұлғалар болуы мүмкін.
2.2.Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жекелеген құрамдары
Пара алу (311 – бап).
Қоғамымызға парақорлық қандай зиян келтіріп отырғаны белгілі. Бұл лауазымды қылмыстардың өте қауіпті түрі болып табылады. Оның қауіптілігі пайдақорлық ниетпен жасалынатын қылмыстармен араласып, қосылып жасалуында (көбіне ұрлықпен). Парақорлық мемлекеттік аппарат қызметінің дұрыс жұмыс істеуіне бөгет жайды және олардын беделін кетіруге, өкімет және атқару, органдарының қызметінде әділдік қағидасын бұзуға әкеліп соқтырады.
Парақор көптеген лауазымды тұлғалардың адал екеніне күмән туғызып, масқаралау арқылы сенімсіздік келтіріп қана қоймай, жалпы мемлекетке, конституциядағы азаматтардың мүдделері мен құқықтарын шектеуге, заңдылық қағидаларының бұрмалануы және Қазақстан Республикасының нарықтық реформаларының дұрыс жүргізілуін тежейді.
Паракорлықтың ұғымы үш қылмыс құрамымен түсіндіріледі. Пара алу (311-бап); пара беру (312-бап); парақорлыққа делдал болу.
Лауазымды адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін акша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер мұндай іс-әрекет (әрекетсіздік) лауазымды адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сондай-ақ жалпы қамкоршылығы немесе қызметі бойынша жол берсе — ол Заңға сәйкес пара алу деп танылады. Пара алудың объектісі мемлекеттік ақпараттың дұрыс қызметі, беделі болып табылады.
Қылмыстың кажетті белгілерінің бірі параның заты болып табылады.
Пара заты болып табылатындар: ақша, бағалы қағаз, материалдық игіліктер, өтеусіз төлемдер, төленетін қызметті тегін көрсету, қымбат заттар мен техника, антикварлық, жеке коллекциялық заттар және де мүлікке құқық беретін жеңілдіктер (құрылыс жүргізу, қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары, жол жүру билеті, жеңілдік арқылы қарыз алу және т.б.).
Қазіргі кезенде нарықтық экономика жағдайында парақорлықтың жаңа түрлері туындаған: паралар біріншіден ғимарат; офис, жер алу үшін, қолда жоқ ақша қаражатын нақты ақшаға аудару, пайдалы банктік несие алу үшін алынады. Екіншіден параның өзі жаңа мәнге ие болды. Лауазымды тұлғаға аталған не басқада қызметтері үшін банктен есеп шоттары ашылып, оларды меншікке ие жасап, оларды әр түрлі сылтаулармен шетелге белгілі бір маман, консультант ретінде шығуын жол - жүруін төлеп және де бірталай көп ақша қаражатын СКВ – мен берілуін ұйымдастырады.
Пара ретінде автомобильдер, ақша, мал, кәсіптік тауарлар, азық – түліктер, бағалы заттар және де басқадай материалдық мәндегі игіліктер беріледі.
Тәсіліне қарап параны алу екі түрге бөлінеді екі түрге ашық және көмекскі түрлер.
а) Ашық пара беруде пара заты лауазым адамның өзіне тапсырылады немесе оның келісімі бойынша жақындарына тапсырылады, пара үшін істелетін іс-әрекеттер жөнінде келісіледі.
б) Көмескі түрде пара беруде пара затын беру сырттай қарағанда заңды сияқты болып көрініп, бүркемелеу жолымен кінәлыға тапсырылады.
Тапсырылу уақытына қарай пара алудың екі түрі болады: оның біріншісі параға сатып алу, яғни лауазым адамының параны мүдделі жақтың өзіне тиімді іс-әрекеттерді істегенге дейінгі мерзімде тапсыруы.
Екіншісі пара — сыйлау, мұндай пара лауазым адамына келісілген іс-әрекеттерді істегеннен кейін "алғыс" ретінде тапсырылады.
Пара үшін жүзеге асырылатын іс-әрекеттің мәніне қарай бұл қылмыс тағы да екі түрге бөлінеді: 1) пара-сыйлық (мздоимство) — пара лауазым адамына заңға сәйкес жүзеге асырған әрекеттері үшін тапсырылады. Мысалы іс-әрекетінде қылмыстың құрамы жоқ адам жөнінде тергеушінің істі қысқартып пара алуы.
2. Пара — ақы (лихоимство). Лауазым адамына заңсыз әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін тапсырылады. Мысалы, көрінеу ұрлық жасаған адамды қылмыстық жауапка тартпау арқылы тергеушінің немесе прокурордың пара алуы.
Объективтік жағынан алғанда пара алу лауазымды адамның пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті арқылы сипатталады. Пара алу кінәлының кызмет жағдайын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс өте лауазымды адамның қызмет бабын пайдалануы арқылы пара алуы мыңадай тұрғыда сипатталған: іс-әрекет лауазымды адамның қызметтік өкіліне кіретін болса не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс – әрекетке мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесс қызметі бойынша жол берсе.
Кінәлының пара алуының бірінші нысаны лауазымды адамның қызметтік өкіліне кіретін іс-әрекеттерді жасауы арқылы пара алуы (басшылық жұмысқа аламын немесе жұмыстан шығарамын деп пара алуы; қызметін жоғарылату немесе басқадай көтермелеу жасағаны үшін қол астындағы бағынышты адамнан пара алуы; немесе ревизия, материалдық игіліктерге тексеру жүргізбегені, жетпейтін заттарды тексеру қорытындысында көрсетпегені үшін) пара алуы. Қызметіне байланысты пара алу пара алудың екінші бір нысаны болып табылады. Бұл жерде лауазым адамы өз құзыретіне жатпайтын іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін өзінің беделін, қызметтік байланысын пайдалану арқылы басқа бір лауазым адамына ықпал ету арқылы пара алады.
Мысалы: прокурордың тергеуші тергеп жатқан іс бойынша пара алып, өз лауазымын пайдаланып, тергеуді заңсыз қысқарттыруға ыкпал етуі т.б.
Кызмет бабын пайдаланудың үшінші бір нысаны қамқорлык жасау немесе қызметі бойынша жол беру болып табылады.
Камқорлық жасауға — тамыр-таныстық бойынша қызметке орналастырып пара алу, негізсіз сыйлықтар беру, көтермелеулер көрсету немесе өте құнды заттарды босату арқылы пара алулар сияқты әрекеттер жатады.
Қызмет бойынша жол беруге — қол астындағы бағынышты адамдардың заңсыз, қылмысты әрекеттеріне тыйым салмау, жұмысқа мас болып немесе келмей қойғанын елемеу, басқа да заңсыздықтарға жол бергенін көре тұра, жоғарыда көрсетілген адамдардан пара алу арқылы шара қолданбау әрекеттері жатады. Пара лауазымды тұлғаға пара берушінің мүддесі үшін қызметін пайдаланып белгілі бір әрекетті істеуге немесе істемеу үшін беріледі.
Пара берушінің мүддесіне тек оның жеке мүддесі емес, сондай-ақ оның қорғап отырған үшінші жақтың — жақын туыстарының, өзі кызмет істейтін занды ұйымның мүдделері де жатады.
Пара алу — формальдық қылмыс құрамға жатады. Ол лауазым адамының келісілген параның бір бөлігін алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Егер кінәлы адам өз ырқына байланысты емес себептермен параны ала алмаса, онда оның әрекеті пара алуға оқталғандық деп танылады.
Пара алудың субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен, пайда табу мақсатымен сипатталады. Кінәлы адам қызмет жағдайын пайдалану арқылы іс-әрекет ететінін және соны тілей отырып, пара алып отырғанын сезеді. Пара алуда жанама қасақаналылық пен абайсыздық болу мүмкін емес. Пара алушының қасақаналығы, қызмет жағдайына байланысты пара берушінің мүддесіне байланысты әрекетті істеу немесе істемеу арқылы, заңсыз сыйақы алуымен керінеді. Және де лауазымды тұлғаның ниеті пайда табу мақсатында болады.
Занда пара алудың ауырлататын, аса ауырлататын бірнеше түрлері көрсетілген.
Пара алудың ауырлататын екінші бір түрі — жауапты мемлекеттік лауазымды атқарушы адамның пара алуы болып табылады (311-баптың 3-тармағы).
Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамның түсінігі ҚК-тің 307-бабының ескертуінің 2-тармағында берілген.
Пара алудың аса ауырлататын түрлеріне мыналар жатады:
а) қорқытып алу жолымен;
б) адамдар тобы аддын ала сөз байласып немесе ұйымдастқан топ;
в) ірі мөлшерде жасалса;
г) әлденеше рет жасалса, — (Қылмыстық кодекстің 311-бабының 4-тармағы) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды Соттардың қолдану тәжірибесі туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы №9 қаулысына сәйкес лауазымы адамның, пара берушінің мүддесіне залал келтіретін әрекеттер істелетінін айтып қорқыту әрекетін жасап пара талап етуі немесе соңғыны өзінің құқықтық мүдделері енетін зиянды болдырмау мақсатында пара беруге мәжбүр болу жағдайына жеткізу параны қорқытып алу болып табылады.
Егер осы қылмысты бірлесіп жасауға алдын ала келіскен екі немесе одан да көп лауазымды адам қатысса, онда параны алдын ала келісім бойынша бір топ адам алды деп есептеледі.
Осыған орай бұл тұрғыдағы құрам болу үшін мына шарттардың болуы қажет:
-
пара алу туралы екі немесе одан көп лауазым адамының арасында пара алу туралы келісімнің болуы;
-
бұл келісімге пара алғанға дейін қол жеткізу;
-
келісімге келген әрбір лауазым адамы өз қызметін пайдалана отырып пара берушінің мүддесіне белгілі бір іс-әрекеттерді жасайды;
-
келісімге қатысқан әрбір лауазым адамы параның тиісті бәлігінен өз үлесін алады.
Заңға сәйкес бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны ірі мөлшердегі пара деп танылады (311-баптың ескертуі).
Пара алудың аса ауырлататын түріне — әлденеше рет пара алу жатады. (311-бап 4-тармағының "г" тармақшасы). Әлденеше рет жасалатын қылмыс түсінігі Қылмыстық кодекстің 11- бабында берілген.
Бұл жерде алдын ала уағдаласпай жүзеге асырылған осы әрекеттер үшін лауазымды адамдар тәртіптік жазаға тартылады, ал ондай уағдаластық бар болған ретте олардың іс-әрекеті қылмыс қатарына жатқызылып, кінәлы 311-баптың тиісті тармақтары бойынша жауапқа тартылады.
Пара алудың субъектісі — лауазымды адам, оның түсінігі Қылмыстық кодекстің 307-бабында берілген.
Қылмыстық кодекстің 311-бабының 3-тармағы бойынша қылмыс субъектісі жауапты мемлекеттік лауазымды адам (307-бап ескертуінің 2-тармағын қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |