ПСИХОАНАЛИЗ – З.Фрейд ұсынған жүйке және психалық ауруларының жалпы териясы мен емдеу әдісі, фрейдизмнің теориялық негіздерінің бірі.
ПСИХОЛОГИЯ (гр. psyche – жан және logos - ілім) – адам қызметі мен жануарлар құлқындағы обьективті шындықтың психикалық бейнеленуінің пайда болу және әреке заңдылықтары туралы ғылым. П. өте ертеде тұрып, ұзақ уақыт бойы философия қойнауында дами отырып, П.ұғымдарын алғаш жүйелеген Аристотель еңбектерінде жоғары деңгейге дейін көтерілді.
ПОЗИТИВИЗМ (лат. positivus – оң, жағымды) –шетел философиясының нақты ғылымдарды нағыз, шынайы білімнің бірден-бір көзі деп жариялайтын және философиялық зерттеудің танымдық маңызын теріске шығаратын бағыты. Нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт.
ПІКІР – заттар, белгілер немесе зет пен оның белгілері арасындағы қарым қатынаста (терістеу не қостау) түрінде бейнелейтін ойлау формасы.
РАЦИОНАЛИЗМ - болмыстың, танымның, моральдың негізі ақыл деп санайтын философиялық ілім.
РЕАЛИЗМ - (лат. realis шындық, заттық), - әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеуметтік қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі. РЕАЛДЫЛЫҚ - заттылық, шындық. Объективті реалдылық– адам еркінен тәуелсіз өмір сүретін объктивті дүние. Субъективті реалдылық - керісінше.
РЕЛЯТИВИЗМ - дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар өзара тек салыстырмалы қарым-қатынаста болады деген методологиялық қағида. Релятивизм заттардың, құбылыстардың, ғылыми теорияның, адамгершілік құндылықтардың, моральдық нормалардың, т.б. баяндылығын, тұрақтылығын, абсолютті мәнін жоққа шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |