11-тақырып. Қоғам және мәдениет
1. Әлеуметтік философияның пәні.
2. Қоғам философиялық ұғым ретінде.
3. Қоғамның типтері.
Әлеуметтік философия қоғамның, оның дамуының философиялық-методологиялық теориясы болып табылады. Философиялық теория ретінде ол қоғамдық құбылыстарды, процесстерді зерттеп-талдағанда оның негізгі мәселесін шешу тұрғысынан қарайды. Ал социологиялық теория ретінде ол қоғамдық құбылыстарды, процестерді зерттеп-талдағанда оның негізгі мәселесін шешу тұрғысынан қарайды. Ал социологиялық теория дегенде қоғамды зерттеп, талдау біртұтас ыңғай, бүтін бір құбылыс, белгілі бір жүйе, өзін-өзі қозғаушы, өзін-өзі дамытушы ретінде де оның нақты салаларын, бөлшектерін талдап, арнайы қарауды да айтамыз. Біріншіден, қоғамдағы іс-әрекет, қызметтің субъектісі - нақтылы адам, ол өзінің материалдық және рухани қажеттері мен мұқтаждарын тек қоғамда ғана қанағаттандырады. Қоғам дамуының екінші бір маңызды алғышарты - қоғамдағы адамдардың енжар емес, керісінше, белсенді болып, қоғамда болған жағдайды жайбарақат қабылдамауы. Егер адамдар қоғамда жағымсыз жағдайды байқаса, олар оны белсенді іс-әрекетті, саналы қызметі арқылы өзгертіп, өздеріне тиімді, ыңғайлы жағдай жасайды. Үшіншіден, қоғам дамуындағы алғы шарт - әрбір дара адамның өзіне тән потенциалдық күш-жігері, қасиеті, жағдай мен ортада өзара байланыста ғана дамиды. Өйткені, бұл болмаса, қоғам да адам да болмайды. Адамның мәнін қоғамнан тыс, еңбек құралсыз, материалдық өндіріссіз танып білу мүмкін емес. Төртіншіден, методологиялық алғы шарт - қоғам жеке адамдардың жай ғана механикалық жиынтығы емес, ол өзгеше бір тұтас әлеуметтік жүйе, олардың бірімен-бірі тығыз байланыста болатын қоғамдық қатынасы. Қоғамды зерттеп, талдаудағы ақырғы методологиялық алғы шарт - қоғам біртұтас бөлінбейтін әлеуметтік өмір, бір-бірінен ажырамас, бір-біріне әсер ететін екі фактордан, яғни адамдардың белгілі бір қызмет әдісінен және әлеуметтік фактордан тұрады. Олар адамдардың материалдық, рухани өндірісті дамытудағы тарихи қызметі арқылы пайда болады.
Әлеуметтік философияның обектісі қоғамды тану болып табылады, яғни әлеуметтік шындықты танумен айналысады.
Бұл білім саласы адамдардың дүние мен дүниедегі өз орнын түсінудегі қызығушылығы жайлы мәселені қозғағанмен, әлеуметтік философияны анықтау күрделі.
Әлеуметтік философия өз бастауын Антикалық кезеңнен алады. Оның пайда болуын, яғни қоғам және жеке салалары туралы философиялық пайымдауды алғаш қарастырған Сократ пен Платон есімдерімен байланыстырамыз.
Платон өзінің «Мемлекет» және «Заңдар» атты шығармаларында ежелгі қоғамның логикалық – түсініктік сараптамасын жүзеге асырады, ал Аристотель «Саясат» атты шығармасында өз кезіндегі қоғамның әлеуметтік мәселелеріне эмпирикалық-ғылыми зерттеу жасайды.
Антикалық заманнан бері қоғамның мемлекеттік-құқықтық және саяси құрылымының теориясы мен тарихының, әділетті қоғам мен билік туралы ілімдерінің маңызы арта түсті.
Ортағасырлық тарихнама мен Тарихтың қоғамдық санасына заттардың әдеттегі тәртібін төңкеріп, ескімен салыстыруға келмейтіндей жаңа әлем жасайтын жалпы әлемдік маңызды дәуірлік оқиға түсініктері енді.
Дәл осы ортағасырлардан бастап тарих философиясы «тарих даналығына құштарлық» ретінде қалыптаса бастады. Өйткені, даналық қана Құдаймен байланысты кәсіп ретінде түсіндірілді.
Қоғам мен адам туралы философиялық ілімдер дамуының ішкі логикасы Жаңа заман мен Ағартушылық дәуірінде ерекше қырынан көрініп, әлеуметтік философияның ішкі ядросын құрайтын философиялық-тарихи білімдер негізі қаланды.
Қоғамдық өмірді тануды алғаш жаратылыстану принциптерімен байланыстырған француз утопияшыл соцалисі - Клод Анри де Сен-Симон (1768-1825) болды.
Сен-Симон француз материалистерін қолдай отырып, деизм мен идеализмге қарсы шықты, оларға «физицизмді», яғни табиғатты зерттеуді қарсы қойды. Детерменизмді үзілді-кесілді қорғай отырып, оны адамзат қоғамының дамуына қолданды және тарихи заңдылық идеясын баянды етуге ерекше көңіл бөлді. Тарих, оның айтуынша табиғаттану сияқты орнықты ғылым болуы керек. Әрбір қоғамдық жүйе, Сен-Симонның пікірінше, тарихтағы алға басқан қадам болып табылады.
Тарихқа идеалистік тұрғыда қарағанымен қоғамдық прогрестің объектілігі, қоғам дамуындағы жеке меншік пен таптардың ролі туралы болжамдары Сен-Симонның үлкен жетістігі болып табылады.
Сен-Симон социологиялық ілімі өткен тарихтың заңды нәтижесі – жаңа қоғамдық құрылыстың орнауын тарих қажеттілігіне негіздеу мақсатына арналды.
Вебер Макс (1864-1920) - атақты неміс экономисі, әлеуметтанушы, философ, тарихшы және мәдениеттанушы. В. «идеалды типтер» теориясын қалыптастырды. Идеалды типтер - деректемелік материалдарды ұғымды түрде ретке келтіруге мүмкіндік беретін үлгілер, схемалар, бітімдер. Вебер оларды өзінің нақтылы зерттеулері мен өмірлік тәжірибе қисындарын жүйелендіру мақсатында қолдана алады. Мысалы, антиктік, феодализм, капитализм ұғымдары осындай үлгілерге жатады. Алайда идеалды типтер нақтылы өмір байлығын және күрделілігін толық қамти алмайды. Сол себептен ғалым олардың шектілігін де аңғаруы керек деген пікірде. Мәдениеттану тұрғысынан Вебердің екі еңбегін: «Протестанттық этика және капитализм рухы» (1904-1905) және «Әлемдік діндердің шаруашылық этикасы» (1905) атап өтуге болады. Бұл еңбектердің басты идеясы - әр елдердегі экономикалық өмір оларда қалыптасқан діни-әдептік нормаларға тікелей байланысты өтеді. Данилевский, Шпенглер және А. Тойнбиге тән өркениеттерді биологияландырған деп қарау ұстанымдарына қарсы шығып, Вебер жаңа ғылымды - ғылым социологиясын жасады. Оны П. Сорокин мәдениет социологиясымен теңестірді. Әлемдік тарихты экономика шешеді деген Маркстен өзгеше, Вебер адамдар дүниесінде тұтыну емес, ақиқат, ізгілік және әсемдік билеуі керек деді. Адамдық қауымдастықтардың мәдени тағдырына биліктің тигізетін ықпалы зор. Вебер 3 түрлі бағындыру тәсілі мен билікті атап өтеді: «жария» немесе рационалды тип (демократия, парламентшілдік); дәстүрлі тип (әдетте, монархия); харизматикалық тип (әдетте, диктатура мен «көсемшілдік»), Вебер бойынша, нақтылы әлеуметтік жағдай мен заман талаптарына сай рационалдылық, дәстүрдің және харизманың бірлігі қоғамдық өмірдің орнықтылығын қамтамасыз ете алады.
Достарыңызбен бөлісу: |