Мазмұны Кіріспе Пән


-тақырып. Өнер философиясы



бет27/64
Дата09.09.2022
өлшемі2.08 Mb.
#460463
түріСеминар
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64
filosofiya. oak. 2021-2022

10-тақырып. Өнер философиясы
1. Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде.
2. Философиядағы эстетика жайлы ойлар тарихы.
3. Негізгі эстетикалық категориялар: сұлулық – ұсқынсыздық, трагикалық-комедиялық, асқақ-төмен.
4. Философия және өнер.
Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет. Профессор Б.Ғ. Нұржанов өз еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада-кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады. Өзінің кең мағынасында өнер адамның барша шығырмашылық жасампаз әрекетін білдіреді және бұл мағынада өндіріс те, тіпті дін де өнер формалары ғана болып табылады. Әсіресе осы мағынасында ол ежелгі грек тілінде көбірек қолданылады: орыстың «искусство» деген терминінен аударылатын «poiesis» сөзі ежелгі гректерде «білім», «туынды », «сана» ұғымдарын да білдіреді. Адам әрекетімен байланысты және осы әрекетінің өнімі болып табылатын барлық нәрселер «poiesisia»- адамзат саласына жатқызылады және ол адамзат жаратпаған табиғи салаға – « physis’y» қарсы қойылады. Өзінің тар мағынасында өнер әр түрлі формалардағы көркем шығармашылық нәтижелері , үдерістері (бейнелеу өнері, музыка, поэзия және т.б ) болып табылады.
Эстетикалық мәдениет— өзінің көпқабаттылығынмен сипатталатын күрделегі құрылым. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мәдениетінің ілгерілмелі дамуы әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады. Өз консерватизмімен ерекшелетін кейбір дәстүрлі мәдениеттердің өмір сүруінің өзі тоқырау белгісін көрсетеді. Мұндай мәдениеттер, әдетте, декоративті формаларды, қолөнер бұйымдарын, ғұрыптық, көркем безендіруді, тұрғын үй интерьерін және т.б. кеңейтілген түрінде түрінде емес, жай ғана қайта өңдіріп қоюмен шектеледі. Мәдиеттануда соңғы жылдары мәдениеттің белгілі бір құбылысы мен көріністерін рухани немесе материалдық мәдениет салаларына жатқызу өлшемі деген мәселеге байланысты пікірталас толастамай келеді. Біздің ойымызша, эстетикалық мәдениетке де, рухани мәдениетке де қатысты нәрселерді енгізеді. Бұл мағынада эстетикалық мәдениеттің универсалдылығы айдан анық.. Эстетикалық мәдениет қабаттары көп жағдайда субьекттің рухани күш-жігерін пайдалану негізінде де, әрекеттің практикалық тәжірибесін, шеьерлігін игеру нәтижесінде де құралады. Оның үстіне эстетикалық құндылықтарды қалыптастыру құралдарды, құрылғыларды және т.б . талап етуі мүмкін.
Тіпті музыкат немесе суретші өз ойын жеткізу үшін техникалық құралдарға жүгінеді. Адам өнері мен талантты шығарма тудыру сәтінде не нәрсенің мәнді рөл атқаратынын білу маңызды. Бұл үшін дарындылық пен эстетикалық сұңғылалық қажеттігі айдан анық. Алайда, эстетикалық мәдениет құбылысының рухани немесе материалдық мәдениет саласына жататындығын анықтағанда , ең алдымен, бұл құбылыстың бір рет табылған шешімді немесе шаблонды қайта көшіруі емес, әсресе оның қаншалықты мөлшерде нағыз шығармашылықты білдіретіндігіне көңіл аудару қажет.
Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет.
Профессор Б.Ғ. Нұржанов өз еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада –кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады. Жекеленген ғылымдар мен рухани, практикалық әрекет салалары әлемнің әр түрлі қырларын игереді, тұлғаның белгілі бір қырлары қалыптасуына жағдай жасайды және соған сәйкес белгілі бір мәдени құндылықтар қалыптастырады. Өнер болса, ол әлемді өз тұтастығында қабылдау кепілі, адамзаттың өмірлік тәжірибесі мен мәдениеті тұтастығын сақтаушы. Өнердің бұл бүкіләлемдік тарихи мақсаты адамзат дамуының барлық кезеңдері үшін қажеттілігі мен құндылығын қамтамасыз ететін оның фолифункционалдылығын тудырады. Алайда дамыған қоғамдық жүйелерде көркем шығармашылықтың барша қызметтерінің дерлік өз дублерлері бар:өнер-бұл таным, алайда әлемді танытатын ғылым да бар; өнер-тәрбие, бірақ бұл мәселемен айналысатын педагргика да бар; өнер-тіл және ақпарат құралы, бірақ онымен қатар табиғи тіл мен ақпарат құралдары да өмір сүреді; өнер- әрекет, бірақ еңбек -әлемді өзгертуші адамның әрекеттік мәні көрінісінің ең басты формасы. Алайда өнер адам әрекетінің бірде-бір формасын алмастыра алмайды, көркемдік әрекеттік ерекше үлгілейді. Бұл ерекшелікті түсінудің кілті ешнәрсені де көшірумен айналыспайтын, көркемдік әрекеттік ерекше пререгативасы болып табылатын өнердің эстетикалық және гедонистік функцияларында.
Өнер қоғамдық адамның нақты өмірлік тәжірибесін тереңдету, кеңейту үшін өмірді өз тұтастығында қайта қалыптастырады. Ол-адам өмірқамының бейнелік үлгісі. Өнер тұлғаны өзінің бүкіл көпқырлылығында және көркемдік тәжірибесімен өзара әрекеттесе отырып, адам әрекеті мен санасының барлық құрылымында әсер етеді. Көркемдік шығармашылықта диалектикалық өзара әрекет барысында бейнелік ойлау құрылымын айқындайтын тұлға ұлт-адамзат сияқты әлеуметтік бастаулар қиылысады. Өнер тұлғалық формаға көркемдік идеяларды еге отырып, өз аудиториясына оқырмандарды, көрермендерді, тыңдармандарды тартады. Және осыдан көркемдік идеялардың инвариантты көпшілігі туындайды: бір ғана көркем идея әркім де әр түрлі қабылданады. Ғылымда идеяларды иеленудің деңгейі ғана әр түрлі. Өнерде болма иеленудің деңгейі де, мазмұны да әр түрлі: көркем шығармада берілген әлеуметтік-тарихи тәжірибені адам өзінің индивидуалдық санасына көшіреді, нәтижесінде көтерілген мәселелер мен шындыққа деген оның тұлғалық қатынасы қалыптасады. Өнерде тек суреткер тұлғасы ғана талқыланбайды. Шығармада адамдардың жалпы бұқарасы үшін маңызды, қажетті, тұрақты, нәрселерді бейнелей отырып , суреткер оған формалық тұлға береді, яғни әлемді өзі арқылы ашады.
Осылайша ,ол халықты өзінің өмірлік тәжірибесін иеленуге мәжбүрлейді. Өнердің ұлттық ерекшелігі автордың көркемдік ойлау ерекшелігінен көрінеді. Өнердің төлтумалылығы ашу кілті де осында.
Ақындар, суретшілер,музыканттар, философтар табиғаттан үйлесімділік іздейді. Және үйлесімділіктегі, ырғақтағы, мақсатылықтағы, заңдылық көрінісіндегі эстетикалық құндылықты теріске шығаруға болмайды. Мәселе оның нені білдіретіндігінде. Үйлесімділік бұл-алуантүрліліктің тұтастығы, өінше құндылық еме,с, тек адамға қатынасында ғана құндылық. Табиғаттың өзінде үйлесілімдік те, ырғақ та, тепе-теңділік те заңды өмір сүреді. Алайда мұның барлығының құндылығы, яғни адам үшін маңыздылығы –бұл адамзат мәдениетінің құбылысы.
Өнер өзінің нақты түрлерінде өмір сүреді: әдебиет, театр, кескіндеу, мүсін, би, ән, графика, сәулет қолданбалы және декоративті өнер, цирк, көркем фотогафия, кино, теледидар. Өнердің түрлерге бөліну принципі-шындықтың эстетикалық байлығына сүйенетін, әлемді көркемдік игеру саласындағы адамның қоғамдық практикасы типтерінің алуан түрлілігі. Адамзаттың әлемдік-тарихи практикасының негізінде, адамдардың еңбек әрекеті үдерісінде дамзат рухының байлығы қалыптасты, адамның эстетикалық сезімдері, оның әуезді құлағы, форма сұлулығын көретін көзі, сұлулықпен шабыттану қабілеттері дамыды.
Сазгер табиғат картинасын естіп қабылдайды, ал суретші сол картинаны дыбыспен емес, көз жанарымен қабылдайды, формалар сұлулығынан, желілер ,жарық пен көлеңке ойынынан ләззәт алады.
Өнердің дамуы үшін оның әрқайсысы өз ерекшеліктеріне орай бөлінуімен қатар, әрқайсысы өз қайталанбастығымен дараланатын музалардың өзара әрекеті де маңызды ықпал етеді. Өнер түрлерінің бірігуге, қосылуға жақындығына қарамастан, олар осы өздерінің айрықша ерекшеліктерін сақтай отырып, адамзаттың көркемдік мәдениетіне, әлемдік эстетикалық игілікке жаңа, өзгеше үлестерін қосып отырады.
Қолданбалы өнер Көркем шығармашылықтың ең ежелгі және қазіргі күні де дамып отырған түрлерінің бірі- қолданбалы өнер. Қолданбалы өнер түындылары өзінің қайталанбас индивидуалдылығымен ерекше көзге түседі. Бұл оны жаратушы- суретшінің, қолөнершінің бүкіл тұлғасы мен талантын сақтап қалатын уникалды туындылар.
Сәулет өнері. (архитектура). Адам еңбек құралын даярлауды үйренгеннен кейін, енді оның тұрағы үңгір немесе ұя емес, эстетикалық кейіпке келген мақсатты құрылыс болды. Құрылыс сәулет өнеріні айналады. Архитектура-адамның тұрғын үйге және қоғамдық орынға деген қажеттілігін өтеуге негізделген ғимараттар мен құрылыстарды салу барысында шындықтың сұлу заңы бойынша қалыптасуы.
Кескіндеу өнері. Кескіндеу өнердің ең ежелгі түрлерінің біріне жатады. Қазіргі түсінігінде жазудың бір түрі ретінде қарастырылады. Өзінің не істегенін жазуға талпыну, графикалық түрде көрсетуге ұмтылу адамға әуел бастан-ақ тән.
Мүсін өнері. Мүсін өнері-құбылыстардың өмірлік бейнесін бере алатын, матеиалдарда таңбаланатын, әлемді пластикалық образдар арқылы игеретін кеңістіктік –бейнелеуші өнер. Адам –мүсін өнерінің жалғыз болмағынымен, ең басты обьекті.
Әдебиет. Әдебиет әлемді көркем сөзбен игереді. Оның саласына табиғи және қоғамдық құбылыстар, ірі әлеуметтік катализмдер, халық бұқарасының қозғалыстары, тұлғаның рухани өмірі, сезімдері енеді. Барлық адамзаттық тілмен байланысты және тілге қатысты барша нәрсе адамға тән.
Театр — әлемді драмалық әрекет арқылы көркемдік тұрғыда игеретін, оны актерлер көрерменнің көз алдында жүзеге асыратын өнер түрі. Театрдың негізі-драматургия. Сонымен қатар ол өз құрамына кескіндеме, мүсін өнерін, кейде сәулет, сән өнерін, кейде кино, музыка, би өнерлерін де енгізеді. Театр өнерінің синтетикалылығы оның ұжымдық сипатымен анықталады: спектакльде драматургтың, суретшінің, сазгердің, актердің шығармашылық күш-жігерлері біріктіріледі.Театрдағы көркемдік бейненің «құрылыс материалы»-тірі адам, актер. Драмтург пен режиссердің ойы актер ақылы жүзеге асады.
Өнерде образ өзінің жеке қасиетінде көпшіліктің белгісі мен сапасын білдіреді.
Орта Азия халықтарының ежелгі және орта ғасыр кезеңіндегі музыкалық мәдениетінің тек қана тәжірибе жүзінде ғана емес, ғылыми жетістіктерге қол жеткізді. Наво, парда, рах, кавлхусрави және сол секілді кәсіптік музыканың ежелгі түрлері алғашқы фольклорлы синкретизмнен алшақтап, негізгі музыкалық бастама ретінде қалыптаса бастады.
Орта Азия халықтарының исламға дейінгі кезеңіндегі музыка ғылымы жөнінде жазылған толық жеткен мәліметтер аз болғанымен, өнердің бұл түрі белгілі бір деңгейге дейін көтерілгені туралы дәлелдер бар. Беруни: « Араб әскер басы Кутейба ибн Муслим хорезмдік жазушыларды өлтіріп, көптеген кітаптары мен еңбектерін өртеп,хорезмдіктерді жазуға тыйым салған. Мүмкін олар үшін бұл тиімді болған шығар»,-деп айтқан
Арабтардың алғашқы династиялары Омейядтар мен Аббасидтер кезінде музыка жөнінде музыка саласын жетік меңгерген устадтар араб тілінде жазып қалдырған. Атап айтсақ, Мансур залзал , Якя әл-Макки, Ибрахим Маусили , Исхак маусили, сонымен қатар аджамнан араб емес халық шыққан белгілі теоретиктер болды. Орта Азия елдері де өздерінің мәдени дәстүрінің дамуына, соның ішінде музыкаға улкен мән берді.
Орта және Таяу Шығыс елдеріндегі музыка ғылымының негізін салушылардың бірі — Әбу Насыр әл-Фараби. Өз заманының көрнекті тұлғасының бірі және ғылымның әр түрлі саласының дамуына улес қосқан ғалым.
А.Көбесов өз еңбегінде, грек музыкасының басын құрастырып, жинап-теріп , олардың музыкалық ғылымын жаңа жағдайда, жаңа заманға лайықты дамытушылар: әл-Канди, Фараби, ӘбуӘли ибн Сина болды. Бұлардың арасында Фарабидің музыка теориясын дамытудағы алатын орны ерекше деп атап өткен. Көптеген мәліметтерге сүйенсек, ғұлама әр түрлі музыкалық аспаптарда да шебер орындап, тамаша ән салғаны жөнінде айтады. Оның музыкалық шығармалары замандастарының арасында да танымал болды. Әл-Фараби Орта Азия, Иран және көптеген араб елдерінің мәдениетімен таныс болған. Өмірінің соңғы жылдарында ол Алеппода Сайфул-даула Хамдамид өнерге улкен мән берген. Осы уақыттың өзінде Фарабидің музыкалық қабілеті мен орындаушылық шеберлігі жөнінде әр түрлі аңыздар да айтылып жүрді. Мысалға алатын болсақ, Дамаскіде Сайфул –даула ұйымдастырған мәжілісінде Фараби бәрін өзінің жан-жақты білімімен таңқалдырды. Мәжіліс аяқталған соң басшы музыканттарды залға шақырып, музыка жөнінде әңгімеге тартады. Сонда әл-Фараби де өз білімін ортаға салғанын көрген Сайфул- даула таң қалып, оның гипжакта орындауын сұрайды.
Тағы да айтатын болсақ, Фараби бір күні Рейге уәзір Сахиб Аббадты күтіп алуға келгенде, оның қарапайым киінгендігі сонша, оны ешкім танымайды. Көп күткен Фараби сөмкесінен бір таяқтарды алып, одан музыкалық аспап гпижакқа ұқсап шығы келді жасап әр түрлі мелодиялар ойнай бастайды.Алғашқы ойнаған мелодиясы өте көңілді, екіншісі қайғылы болса, үшіншісі ұйықтап қалады. Фараби гипжакқа: «Сізге әл-Фараби келіп кетті»,-деп жазып кетеді. Сонда уәзір барлық музыканттарды жинап, гипжакқа жазған адаида іздейді. Иесін таппаған соң « Игіліктің сырын енді тапқанда , оның жоғалып кеткенің білесің» деген екен
Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа сыймайтыны сияқты, ізгілікке, этикалыққа және интеллектуалдыққа – бәріне жаратылысынан толық бейім адамның болуы шындыққа сыймайды, ол мумкін емес. Дәл сол сияқты кемшілік біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы да шындыққа сыймайды және мумкін емес. Бұл жағдайлардың кеуіле мумкін емес. Көбінесе, әрбір ізгілік іске немесе бірнеше ізгілерге , не болмасабелгілі бір өнерге немесе бірнеше өнерге бейім болады, сөйтіп біреу бір ізгі іске немесе өнерге, екінші біреу екіншісіне, үшінші біреу үшіншісіне бейім келеді.
Кейбір деректерге қарағанда , оның шығарған музыкалық әндері осы күні Иран, Ирак, Туркия және тағы басқа да Шығыс елдерінде орындалады. Оның өзі жасаған Канун, Уд, Қыпшақ деп аталатын аспаптары болған сияқты. Фараби музыка теориясына арнап бірнеше еңьек жазған: Музыканың улкен кітабы, Музыка жайлы талдау, Ырғақтардың классификациясы. Бұдан басқа Ғылымдардың шығуы, Ғылымдардың энциклопедиясы атты туындыларында музыка ғылымын талдауға арналған жеке тараулары бар.
Әлемге танымал болған Фарабидің Музыканың улкен кітабы атты еңбегі кейінгі жазылған бірнеше ғалымдардың трактаттарының жинағы деген көзқарастар да бар. Музыканың улкен кітабының алғы сөзінде Фараби музыканың ежелгі заманғы ғалымдардың көзқарастарымен көбімен келісе алмайтынын, кейбір қателерін тапқанын, теориясының жағдайы мен сапасына өзінің қанағаттанбағандығын, яғни көңілі толмағандығын айтқан, онда айтылған барлық басқа өнерлер әсіресе , музыка өнері, толық түрде зерттелмегендігін жазады және пайымдалған немесе қабылданған пікірлердің көпшілігі мазмұны түсініксіз, олардың мазмұнының бір- бірімен байланысы жеткіліксіз болғандығын көрсетеді. Сонымен, көне музыка ғылымының пайда болуы мен даму процесін жоққа шығармай, Фараби олардың, яғни ежелгі заманғы ғылымдардың айтқандарының кемшіліктерін, көптеген шығармалардың жойылып кетуін және олардың араб тіліндегі аудармаларының дәл еместігін, яғни араб тіліне сай аударылмағандын түсіндіреді.
Ғалымның айтуынша, теориялық өнерде қалыптасқан жағдай оны өзінің кітабын жазуға талаптандырған. Фарабидің өткен зерттеулерден белгілеп алған басты мәселесі-ол музыка ғылымында өңделген, яғни бір қалыпты жүйеге келген әдіснаманың жоқтығы.
Әдіснама дегеніміз –жалпы ғылыми әдіс туралы немесе ғылымдардың әдісі туралы ілім. Әл-Фарабидің көзқарасы бойынша, бұл ғылым саласындағы барлық еңбектер өнерді танып-білетін жолды және сол жолиен ары қарай жүрудің амалдарын, яғни осы өнердің негізін түсіндіріп, мәлімдеп бере алмады. Берілген пайымдауда теорияны алдын ала түсініп, автор музыка ғылымын қарастыруға өзінің әдісі мен амал-тәсілдерін енгізу қажеттігін дәлелдеген.
Музыканың улкен кітабының мазмұнын сипаттай келе, Әбу Насыр әл- Фараби біз өзімізге қажетті тәсілді қандай да бір басқа әдіс-тәсіл деп есептемей келдік деп ерекшеленіп көрсетеді. Трактаттағы барлық кейінгі мазмұндамалар тек қана музыкалық –теориялық жүйені көрсетуге түсіндіруге арналған, онда сонымен бірге оның негізгі әдіс-тәсілдерінің дамуы да көрсетіледі. Ортағасырлық ғылыми дәстүрге сәйкес, мұнда бұл мәселе білім сұрауы ретінде тұжырымдалады. Оның мән-маңызы, жолы мен мақсаты ғалымның терең аспектілі әлемдік көзқарасына ықпал етіп, оны талқылау ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан шығады. Әл-Фараби — өз еңбектерінде таным және әдіснама ғылымдарының сұрауларын терең зерттеген ең алғашқы араб-мұсылман философтарының бірі.
Музыканың үлкен кітабы атты еңбегі осы сұрақтардың өзгеше арнайы талқылануына қарамай, ең кең таралған еңбектерінің біріне жанады. Аталған кіріспе бөлімінде музыка ғылымының әдіснамалық мәселесі түріндегі білім тақырыбында шығарманң негізгі ішкі мағынысын қарастырып, оның әр түрлі тақырыптық бағыттарын топтастырып, біріктіріп, бір жерге жинастырады. Адамның таным қызметін, сонымен қатар олардың семантикалық бөліністерін сипаттайтын ұғымды, мағлұматты ұғындырып , трактаттағы бұл тақырыптың қажеттігін түсіндіреді. Теориялық оқудағы ең басты сауалды түсіндіруде білім музыка өнерінің мақсаты мен белгілі бір ерекше мағынасына ие болды. Сонымен, оны түсіндіруде, автор музыка теориясын зерттеуде өзінің әдіснамалық принциптерін логикалық талдау арқылы және эпистемологияны негізгі философиялық онтология түсініктерімен байланыстырып түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет