Мазмұны Кіріспе Пән



бет24/64
Дата09.09.2022
өлшемі2.08 Mb.
#460463
түріСеминар
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64
filosofiya. oak. 2021-2022

Иррационализмтабиғатта, қоршаған дүниеде логикалық қисынды байланысты жоққа шығарады. Иррационализмнің негізгі идеясы - қоршаған дүниенің бәрі бөлшектенген байланыссыз хаос, ішкі заңдылықтары жоқ, ақыл-парасат бақылауына бағынбайтын, тек ерік-жігерді қозғаушы күш деп түсіну. Иррационализмнің көрнекті өкілі – Артур Шопенгауэр(1788-1860жж.).
Шопенгауэрдің «Дүние, ырық және елестету» деген еңбегінің төртінші кітабында философтың құнды идеяларының бірі анығырақ баяндалған. Дүниені елестету арқылы оны әрі сенімді, әрі анық тануға мүмкіндік туады. Осыдан соң ғана ырықтың алдында оның өзін жарқырата көрсететін айна пайда болады. Ол айнадан ырық өзін өзі толығырақ, анығырақ, үнемі өсіп отыратын дәрежеде танып, соның ең жоғарғысы адам ырқы екеніне көз жеткізеді. Бірақ адамның мәні оның іс-қимылы мен әрекетінің байланыстары арқылы белгілі болады. Осындай саналы бірлік ақылдың, зерденің пайда болуына жеткізеді, ал одан тұтастықты қамтуға мүмкіндік туады. Органикалық емес нәрселердің, өсімдіктердің табиғаты мен оның заңдарындағы бізге көрінбейтін ырық соқыр, бой бермейтін ұмтылыс қана. Оның өзі не істеймін десе сонысы болмай қоймайтын осы дүние, өмір. Сондықтан біз өмірдің құбылысын ырықтың айнасы, оның нысаны дейміз. Ал ырықтың ең қажеттісі - ол өмір. Өйткені өмір дегеніміз елестетуге арналған осы ырықтың бейнесі ғана. Ендеше бұл ырық немесе «өмірге қарай ырық» деген сөз.
С.Кьеркегор (1813-1855жж.) - философ, жазушы. Къеркегор шіркеуге, ресми діни идеологияға қарсы шықты. Ол жеке тұлғаға тән дін қалыптастыруды, яғни адамның Құдаймен тікелей қарым-қатынасына жол ашатын мүмкіншілікті іздеді. Объективті өмірді тану емес, адамның өзін өзі шынайы тануы «субъективті танымның» басты мақсаты деді. Өмірде осы мақсаттағы кредосымен көрінген адам, Кьеркегор ұғымы бойынша, нағыз тұлға. Кьеркегор танымы бойынша, Дүние «өлім сепкен ауру хал» үстінде. Оның пікірінше, бақытсыз бақыттымын деп, бақытты - бақытсызбын деп, ақиқат - өтірік, өтірік - ақиқат, т.б. ретінде бұл өмірде көрініс тапқан. Адам өз мақсатына жету үшін үш сатыдан өту керек деп тұжырымдайды: эстетикалық, яғни ешқашан ақиқатқа айналмайтын, «қиялдағы өмір», бір сәтті сезіну мүмкіншілігіне ие кезең; этикалық, яғни адамның шынайы ақиқат өмірі, сол өнерге деген өзінің жауапкершілігін сезіну, бұл кезең ұзақ толғаныс, іштей саралау, өзіндік «Менді» іздеу кезеңі; діни, яғни мәңгілік құндылықтарды таңдау. Кьеркегордің ғылыми-философиялық көзқарастары «Немесе-немесе» (1843), «Үрей және қалтырау» (1843), «Философиялық түйірлер» (1844), «Үрей ұғымы туралы» (1844) т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Кьеркегор өзінің «Үрей және қалтырау», «Ажалға бастайтын ауру» т.б. шығармаларында адамның тіршілігіне байланысты, бірақ ақылға сиымсыз көптеген категорияларды анықтап, талдау жасайды. Оның философиясында «үрей», «жазықсыздық пен жазықтылық», «абсурд», «қажу», «күдер үзу» т.б. ұғымдар кеңінен қолданылған. Бірақ философ осыларға анықтама беруден бас тартады. Олардың ойлау процесіне, ендеше ғылымға ешқандай қатысы жоқ. Мұның өзі Кьеркегордың иррационалистік философиясының негізгі бір ерекшелігі. Оның айтуынша, үрей белгілі бір құбылыс ретінде тек адамға ғана тән. Өйткені адамда рух бар. Ал рухы жоқ жануарларда үрейдің болуы мүмкін емес. Адам белгісіз бір нәрседен, тосын оқиғадан үрейленеді. Алайда, бұл жазықсыз не жазықты деген проблеманың бастамасы ғана. Философ осы жерде жазықты мен жазықсыздың арасындағы диалектикалық байланысқа тереңінен тоқталып өтеді.
Кьеркегор «Адам – жан мен тәннің синтезі» дей келіп, бұл екеуін біріктіретін үшінші бір нәрсе бар, егер олар оған жүгінбесе ешбір мәні болмас еді дейді. Ол үшінші - рух. Рухтың пайда болуы үрейдің тууына әкеледі.
Иррационализмнің барынша өріс алып, әсіресе, XX ғасырда негізгі ағымдардың тұтқасына айналуына үлес қосқан ойшыл, неміс философы Фридрих Ницше (1844-1900жж.) болды.
Ф.Ницше бүкіл адамзаттың ғасырлар бойы қалыптасып келген салт-санасы мен дәстүріне, әсіресе, философияда зердеге қарсы шықты. Ол бүкіл философия тарихына қайтадан шолу жасап, ескі соқпақты жолдардан бас тартып, бұрын-соңды болмаған бағытқа бет бұрды. Ол көне грек тарихының бүкіл проблемаларын, ондағы философиялық, ойлардың пайда болуын сол кездегі халықтың музыкалық рухына және олар өмір сүрген дәуір деп тіршілік қарекетіне байланысты деп есептеді. Осыдан келіп, философ олардың күнделікті мүшкіл халінен туған рухты шебер тілмен суреттеп берді. Мұндай жаңалық философия тарихында бұрын-соңды болмаған еді. Ол өзінің шығармасында көне грек мәдениетін, әдебиетін және өнерін жетік білетіндігін көрсетіп қана қоймай, сол кездегі рухани дүниені танудың жаңа бір әдісін тапқандай болды.
Ф.Ницше өмірдің негізінде ерік, жігер, құлшыныс жатыр дейді. Оның философиясының негізі – билікке деген ерік. Билік – ғарыштық күш, ол бар өмірдің өзегі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет