Тарау- IIІ. Омбыдағы білім ордаларындағы қазақ жастары.
Омбы қаласы ХІХғ. ІІ-ші жартысында Сібір өлкесінің ағартушылық орталығының бірі болып табылды. Өз қамалын тұрғызғанға дейін бұл жерде қазақ балаларына арналған мектептер болды.
Омбыда бірінші оқу орны 1789 ж құрылып 1870 ж. дейін өмір сүрген азиялық мектеп еді. Бұл мекемені құру Омбы қамалын құрушы Сібір корпусының командирі генерал- поручик Шпингер И.И. ойы болатын. Себебі, Азиялық халықтардың қарым-қатынаста болу үшін «толмач» аудармашылар дайындау қажет болатын. Бірақ мектеп ол қайтыс болғаннан 18жылдан кейін ашылды. Бұл оқу орны татар тіліндегі аудармашыларды, қазақтармен, Орта жүз және азия елдерімен байланыс орнату үшін дайындады. Мұнда орыс тілінен басқа математика, түрік тілі, араб, парсы тілдерін оқытатын болды. Кейінірек манчгжур және қалмақ тілдерімен толықтырылды.
ХІХ ғасырдың бас кезінде мектепте Сібір магометандарының еркін тыңдаушылары келіп дәріс алды. 1828 жылы Азия мектебі Сібір кадет корпусына берілді. 1837 жылы Шығыс тілдер класы 3 бөлімге: топографиялық, монғол тілдерінің аудармашылары, татар тілінің аудармашылары болып бөлінді. Оқу курсы 8 жыл, 10 нан 12 жасқа дейінгі балаларды қабылдады. .[42]
Сібірдегі ең бір ескі оқу орны 1813ж. негізі қаланған Сібір кадет корпусы болатын. Бұл элитарлық оқу орны мұнда 1847-1853 ж. қазақтың ағартушысы, ғалымы Ш. Уәлиханов әскери ғылыми білім алды.
Оқу пәндеріне (провиславие) үшін құдай заңдары, (мұсылмандар) үшін магометан оқулары және орыс, татар, француз, неміс тілдері, математика, геодезия, артилерия негіздері, далалық фортификация (әскери- инженерлік құрылыс), алғашқы тактика, әскери сот ісін жүргізу, маңызды істерді көшіріп жазу ережелері, сурет салу пәндері жатады. Бұдан басқа кадет корпусы гимнастика, суда жүзу, би, ән айту, атпен жүру, фехтованияларды үйретті. 1853 жылы Шоқан кадет корпусын бітіргенен кейін Сібір қазақ әскеріне қызметке жіберіледі. Көп ұзамай Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт оның қабілеттілігіне назар аударып 1854 жылы Шоқан оған адьютант болып тағайындалды. Жаңа қызмет оны Сібірдің шенеуліктік аппаратымен тікелей бетпе-бет келтірді, олардың арасында астанадан, Орталық Ресей мен оның шет аймақтары - Финляндиядан, Поляк патшалығынан, Қырымнан, Кавказдан осында мансап іздеп, қаржы жағдайын жақсарту үшін келген немесе қайсы бір оқиғаларға араласып, істі болған әртүрлі адамдар бар еді. Болашақ ағартушы өзінің демократиялық көзқарастары арқылы патша өкіметінің мұндай итаршыларынан бірте-бірте алыстай берді және патшаның отаршылдық аппараты тудырған зұлымдыққа қарсы аянбай күрескен үшін олардың тарапынан қудалануға, зәбірленушілікке ұшырап отырды. Үкімет орындарының заңсыз әрекеттеріне Шоқан қатты күйінді, оған езілген халықтың үміт арманы жақын болатын. Өзінің достары - Ф.М. Достоевскийге, А.Н. Майковқа, В.С. Курочкинге, К.К. Гутковскийге үкімет орындарының озбырлығы жайлы ызалы хаттар жазды.
Келесі, 1855 жылы Ш.Уәлиханов Гасфорттың Омбыдан Іле Алатуына дейінгі сапарына қатысады. Бұл сапар қарапайым халықтың өмірін танып білудің басы болды.Олардың тарихи аңыз әңгімелері мен жырларын жазып алуға мүмкіндік берді. Сапар кезінде көрінген білімдарлығы мен қабілетіне тәнті болған Гасфорттың өзі қайтып келегенен кейін Шоқанға аса мақтаулы мінездеме беріп, наградаға ұсынады. Генерал-губернатор Гасфорт былай деп жазды: «...корнет Уәлиханов сұлтан қызмет істегеніне екі жылдай ғана болса да, қырғыз-қазақ тіліне мейлінше жетік болуының және жергілікті қырғыздардың әдет-ғұрыптарын терең білуінің арқасында менің сахараға шыққан сапарымда қасыма ере жүріп, үлкен пайда келтірді...мен Уәлихановты марқабатты сыйлықпен марапаттау қажет деп санаймын, оның үстінде Уәлихановты жергілікті қырғыздар ерекеше құрметтейді». .[43]
1856 жылың көктемінде болашақтағы Шығыс зерттеушісінің өмірінде өшпес із қалдырған айтулы оқиға болды- ол аса көрнекті ғалым, белгілі географ П.П Семенов-Тян-Шанскиймен танысты. Ш. Уәлихановтың П.П Семенов- Тян-Шанскиймен танысып, араласуы оның өмірінде ерекше орын алды, мұның өзі оның бүкіл ғылыми қызметіне едәуір дәрежеде бағдар беріп, жол сілтеді. Сол жылы Ш. Уәлиханов екі экспедицияға қатысты - біреуі Орталық Тянь–Шань арқылы Алакөлден- Ыстықкөлге дейінгі; екіншісі дипломатиялық тапсырма бойынша Құлжаға сапар. 1856-1857 жылдың қысында ол экспедицияларда жинақталған этнографиялық материалдарын өңдеумен айналысты, сондай-ақ ертедегі қазақтар тарихынан қызықты, бұрын беймәлім болып келеген деректерді іздеп табу мақсатымен Омбы мұрағатында болды.
1986 жылдың шілдесінде Шоқан Шыңғысұлы атымен Омбы қаласындағы көше, бұрынғы кадет корпусында Шоқанның мемориалдық тақтайшасы қойылып, бір корпус көшесі соның атымен аталды.
1881 жылы 1- қаңтарда Омбы қаласында 20-оқу орны орнатылды. Мұнда 1567 ер балалар және 414 қыз балалар білім алды. Мұның бәрі орта оқу орны деген статусқа ие болатын. Сонымен қатар Омбы қаласында гимназия, прогимназия, пансиондар семинария, арнаулы мектеп тағы да басқалар болды.
ХХ ғасырдың басында Батыс Сібірдегі алғашқы арнаулы оқу орындарының бірі Омбыдағы оқытушылар семинариясы еді. Ол 1872 жылы 1 декабрьде педагогиколық кеңестер шешімімен ашылған. Оқу орындағы барлық жағдайлар түгелімен жазылып, педагогикалық кеңестің хаттамасында барлығы Омбы Архивтерінде сақталады. Мәселен, 1877 жылы кеңестің хаттамасында бірде-бір қазақ фамилиясы кездеспейді. Бірақ 1887 жылы полиция департаментінің губернаторға берген есебінде «записка о мужских и женских гимназиях и реальных училищах» бізді қызықтарған мәліметтер кездеседі.
1881-1887 жылдары полиция департаменті гимназияда тәрбиеленуші 457 ер балалар мен 110-қыз балаларға, реальдық училищеде тәрбиеленуші 166-яғни 733 .[44] балаларды қарағаны айтылады. Олар 1900 жылы 1 январьда семинарияда тек 77 оқушы болғандығын, ұлты мен діни нанымы бойынша оларды 1889 жылы- орыстар-77, немесе 96,1 %, қазақтар-3 немесе 3,9%, 1890 жылы орыстар- 76 немесе 98,7%, қазақтар-1 немесе 1,2% /217/ екендігін айтты. Бұдан да басқа кейінгі мәлімдемелерден мәселен 1900 семинария есебінде «Бұратана (киргиз) халқына келетін болсақ үш білім алып жатқан оқушының бар екендігі, 1-ші жартысында 2-еуі семинария курсын бітірді, ІІ-ші жартысында біреуі бітіруші класында қалдырылды. Ал 1 және 2 класста бір де бір бұратана халықтың жоқ екендігі айтылды. Берілген жеңілдіктерге қарамастан 1900-1909 ж. олардың ешқайсысының білім алмағандығы айтылады.
Қазақтардан оқушының аз болуын, Ақмола және Семей облыстарындағы, көшпелі қазақтарда мектептердің жоқтығы кейінгі уақытта облыстық әкімшілік және жергілікті дирекцияның назарын аударып, ауылды жерлерде мектеп ашу ісін қарастырды.
Семинария курсын бітіргендер көбіне облыстық, уездік және басқа да мекемелерде көбіне аудармашылық кәсіпті қалап, мектепте сабақ беруге ынталы емес еді. Себебі қазақ халқы ежелден көшлі еркіндікті қалап өскен халық. .[45]
ХХ ғасырда семинарияда оқитын қазақтар саны өте аз болған. Семинарияда айтулы оқытушылар жұмыс істеп, олар қазақ халқына ағарту ісінің қажеттігін түсініп, 1904 жылғы педагогикалық кеңесте семинария жұмысына қазақ тілінің мамандарын шақыру туралы шешім қабылдады./219/ Сонымен қатар мұнда «Омская учительская семинария, будучи единственной, на всю западную Сибирь, в течение большого времени обслуживала огромный район, приготовляя уяителей для народных, селшьских, городских и уездных училищ. Но в настоящее время обстаятельства изменились, почему и роль семинарии должна прийти в соответствие с ними. Семипалатинская семинария озобочена приготовлением учителей для киргизских школ этой области. Между тем Акмолинская область, с многочисленным киргиөским населением, для которой Министерством народного просвешения открываются многочисленные школы-без контигента учителей- киргиз. Мы должны позоботиться о подготовке учителей- киргиз для киргизского населения, по примеру, Ташкентской и Семипалатинской семинарий».
Бұдан әрі педагогикалық кеңес семинария директориясының өтінішімен:
1.Омбы семинариясына жылына қазақтардан 10-15 адамға дейін оқуға түсуге, ондағы кондидаттарды Омбыға орыс-қазақ пансионынан 2-і класты қазақ училищесінен алуға болады.
2.Қазақ тілінінң маманын жылына 600 сом айлық жалақымен жұмыс істеуге шақыру және қазақ тілін оқытуға қосымша сағат берілу керек деп, қазақ тілін оқытуға молданы шақыруды керек еместігін айтты.
Бұл өтінішті дала генерал- губернаторлығына жіберді.Сөйтіп ХХ ғасырдың бас кезінде оқушы қазақ семинарист саны көбейді. Бұл жөнінде біз көптеген еңбектер мен дессиртациялардан мынандай мәліметтер алдық.
№12 7 май 1914 жылы тәрбиеленушілердің 1-3 кл. дейінгі білімін яғни, 1913-1914 ж. оқу жылының көрсеткіші мене емтиханға жіберілуге көрсетілген көрсеткіш мынандай «дайындық курсында тәрбиеленуші 4-кл. М. Жұмабаев, бірінші. кл.-3. Байлин Тұрғанбек, Сейфуллин, Сәдуақасов екінші кл.-1. Арыстанбек Сәдуақасов, Нұрмақов Нығмет.
Кейінгі бір мінездемеде Нұрмақов Нығмет Семей облысы, Қарқаралы уезінің қазағының баласы. Степендиат, 19 жаста оның бағалары «тәртібі-5», педагогика-3, орыс тілі-3, арифметика-4, геометрия-4, тарих-4, география-3, жаратылыстану-3, таза жазу-3, сызу-3, гимнастика-5, қол еңбегі-2, ән айту-3.[46]
Сәкен Сәдуақасов Сейфуллин туралы , ол «Ақмола уезінің ардақты азаматы ұлы, степендиат ,20 жаста, қабілеті төменнен жоғары, ықыласы төмен , мінезі нашар. .[47]
Осы сынды мінездемелер семинарға қатысушылардың барлығына жасалған болатын. Мысалы, «Баржақұлы Ахмет- №1 қазақ ауылының баласы Ақмола облысының, Атбасар уезінің, Жезді болысының степендиаты,жасы 21-де, ықыласы орташа, денсаулығы мықты, бірақ өзі баяу. Мешінбаев Сейіл- Ақмола облысының, Атбасар уезінің №5 қазақ ауылының ұлы, жасы 23-те, жұмсақ мінезді және шыдамды, қол еңбегі сабағын жүргізе алады. Нұрұмов Қорған-№2 қазақ ауылының, Ақмола облысының, Атбасар уезінің Айнақұл болысының ұлы, степендиат, жасы 20-да, талпынысы айтарлықтай жақсы, орташа тәрбиелі» .[48] 1914 жылы жоғарыда аталған үш қазақ мұғалім атағына ие болды.Одан әрә осы сынды мәліметтерді мысалға алсақ болады, 2-класстық тәрбиеленушілер арасынан, қанағаттанарлық нәтиже көрсеткен Сәкен Сейфуллиин «тоқсандығында үш қанағаттанарлықсыз бағалары бболған, сурет пен сызудан, таза жазу мен әннен, яғни Сейфуллин еріншек деген қорытындыға келіп тоқталамыз. Дәл осындай нәтижелер Нығмет Нұрмақовқа да тиеселі еді. Ол да ән және қол еңбегі пәндерінен қанағаттанарлықсыз деген бағамен бағаланғандығын атап өту керек. Ал бұлардан бір жыл кейін оқыған Мағжан Жұмабаевтың жақсы оқығындығы жайында баяндалған.
1916 жылдағы протоколдарда қазақ жастарының семинарияда оқуға деген талпынысы едәуір өскендігі жайында жазылған. Мұнда да таныс есімдер кездеседі.1916 жылдың 7- тамызындағы протоколда семинарияның дайындық класына түсу үшін өкініш білдірушілер: 1.Альмұхамедов Нұрмахамет; 2.Жүніспеков Сүтжан; 3. Жанғұнақ Жүнісбек; 4.Қадылбеков Нұрғали; 5.Сейілов Айтмұхамед; 6. Садуақасов Исмаил. .[49]
Қазақ жастары жыл сайын бөлінетін степендияға оқитын еді. Бірақ қазақ жастары үшін бұл степендия жеткіліксіз болатын, сол себептен олар мемлекет тарапынан қолдау жасауларына өтініш білдірген еді, бірақ бұл өтініштері мемлекет тарапынан қабыл болмады. 1882 жылы Н.Г Казнаковтың өтініші бойынша Батыс Сібірдегі Омбы техникалық училищесі құрылған еді. Ресей императорының бұйрығы бойынша бұл училище төменгі техникалық мамандар дайындау үшін құрылған болатын, училищінің негізгі мақсаты Сібір темір жолын соғуға кірісуге кадр мамандарды қажет етті. Оларға қатаң талаптар қойылған еді.Сондықтан да 3-класстық білімі бар гимназия және Сібір кадет корпусының түлектері экзаменнен өте алмады.Бітірушілердің 14 % дворян балалары, 3% дін қызметкерлердің, 59% қала тұрғындарының, 24% шаруа балалары болатын.
Жалпы білім пәндерінен басқа оқушыларға практикалық сабақтарды да оқытты: ағаш шеберлері, теміршілер және слесар механик.
Техникалық училищенің бітірушілерінің арасынан біз Итжанов Иляьс, Тарабаев Иманбай, Нұрмұхамедов Әлихан, Сердалин Мәмбет-Әлі және Әлихан Бөкейхановты да кездестіреміз. Әлихан Бөкейхановты директордың өтініші бойынша ең үздік оқушылардың бірі болғандықтан Санкт-Петербургке орман шаруашылығы институтына жіберіп, оны ол жақсы бітіріп шығады. Еліне қайтып оралғаннан кейін ол рмбыдағы орман шаруашылық училищесінде сабақ берді.
Омбыда Транссібір магистралінің ашылуымен жаңа оқу орындары ашылып көптеген ауыл шаруашылық, өнеркәсіп, сауда мамандығын даярлады. Сібірде медицинамен қамтамасыз ету өте мардымсыз болатын. Мәселен Томбы губрниясының 196065 тұрғынын 1885 жылы небәрі 44 врач. 91 фельдчер және 65 окушерлер болатын. Яғни 1 врач 27,183 адамға келетін. Ауылдық фельдчерлерді дайындау үшін 1878 жылы Томск губерниясында Фельдчерлік мектеп ашылды. Мектептегі оқытылатын қиын пәндердің болуына қарамастан мұнда қазақ жастары көбірек келе бастады. Мысалы 1883 жылы 2-ші арнайы кластың тізімі бойынша экзамендердің өту туралы мәләметтерді: 1. Досымбеков Баймұрат, хирургиядан- 5, медсанургидан- 5, фармакология- 5. 2Досымбеков Садық орташа балы хирургия- 4,9, медсанургидан- 4,5, фармакология-5. 3.Айманов Атбас хирургия-4, фармакалогия-4. Құжаттар арасынан қазақ балаларының оқудағы жетістіктерін көруге болады. «1886 жылы 2-кластың үздік оқушысы Ниязбековке құрмет грамотасы берілген еді. Осы сияқты толық ақпараттарды Қазақстан тарихындағы ең алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Арын Сүлейменов туралы мәліметтерді көреміз. «1895-96 оқу жылындағы Сүлейменовтың медициналық пәндердегі бағалары: «2», «2», «4», «4». Ол Павлодарда жұмыс істеді. Оның баласы Сүлейменов Аргын Арын 1916 жылы туған .Ол әкесінің жолын қуған, хирург, медицина ғылымдарының докторы, кейінірек медмцина ректорының көмекшісі болып қызмет атқарды.
Осы фельдшерлік мектепке қазақ тәрбиеленушісі, оқытушылар да келе бастады. Қазақ балаларына «Дала мектеп интернаты» Семей және Ақмола облыстарында ашыла бастады. Бұл мектептерде бар жоғы 12-10 балалар ғана білім алды. 90-жылдары бұл мектептер ауыл- шруашылық мектептері болып қайта құрылды. ХХ ғасырдың басында Омбыда орта ауыл шаруашылығы және коммерциялық училишелер құрылды, Бұл кезеңге де Орынбор, Орал, Омбы гимназияларында ашылған қазақтарға арналған пансиондарды да жатқызуымызға болады. Педагогикалық кеңестің 1914 жылдың 14-тамызындағы мәжілісінің хаттамасын қарайтын болсақ Омбы орта ауыл-шаруашылық училишесі жөнінде: «Ақмола облысының степендиясына Ақмолалық губернатор төмендегі оқушыларды ауыл-шаруашылық бөлімі бойынша ұсынды- 3-сынып оқушысы Нагибина және 2-сынып оқушысы Кемеңгеровты, ал сонымен қатар Ақмола губернаторы Абдрахимов Ахметті тәртібі мен сабаққа деген ықыласының жоқтығына степендиядан алып тастауды ұсынды.
Ауыл-шаруашылық училишелерінде басты назарды жазғы практикаға оқушылар қоныстандыру басқармаларында, статистикалық әртүрлі коммисиялар ведомстваларында жұмыс атқарды. Оларға арнайы куәліктер беріліп, онда былай деп жазылды: «Айбасов Бірмұхаммед жазғы практикада Ақмолалық қоныстандыру басқармасына 1-қыркүйекке дейін командировкаға жіберілсін. Шұрманов Аспандияр Омбы ауыл-шаруашылық училишесінің мәдени-техникалық бөлімін аяқтады және инженер гидротехник М.Д. Глебовқа көмекші ретінде жіберіледі. Кемеңгеров, Қазыбековке статистикалық бөлім қызметінде қалуға рұқсат, 17 май 1917 жыл. Көптеген материалдар мен құжаттар Омбыда білім алған қазақ жастарының үлке.н дәрежеде білім алғанын, кейінірек олардан жауапты орындарда жұмыс істеп қадірлі тұлғаға айналғандығы айтылады. Солардың бір-екеуін айтатын болсақ, Айтпенов Мұқан өзінің өмірінің тең жартысын Омбы қаласында өткізіп Кеңес өкіметінің идеяларын жақтаушылардың бірі болды. Итбаев Ережеп Омбы сотында жұмыс істеп Алаш қозғалысының белсенді қатысушыларының бірі.
1916 жылы Омбыда 11 орта жалпы білім беретін оқу орны 2946 оқушы оның ішінде 3-і ерлер гимназиясы, 5 –і қыз- балалар гимназиясы, 3-і жеке меншік гимназия, 6-ы арнаулы оқу орны, 1646 оқушысымен (коммерциялық училище кадет корпусы, ауыл-шаруашылық мектебі, оқытушылар институты, 14- кәсіптік-техникалық ,1267 оқушысымен темір жол техникалық және механикалық училищесі және фельдшерлік мектеп т.б.) бес жоғарғы және Еврей училишесі, мектеп пен медреселер, орыс-татар училишесі жұмыс істеді. 1912 жылғы халыққа білім беру шығыны 128438 сом немесе 18,1 %,
Омбы қаласы дала өлкесінің ағартушылық орталығы ретінде қазақ интелегенциясының қалыптасуы мен дамуына маңызды әсер еткендігін атап өтуіміз керек. Сонау Шоқан Уәлихановтан бастап Омбыда білім алған Әлихан Бөкейханов, Кошке Кемеңгеров, Мұхан Айтпенов, Сәкен Сейфуллин, Асылбек және Мұсылманбек Сейітовтер, Айдархан Тұрлыбаев, Ережеп Итпаев және тағы да басқаларды атауымызға болады. Омбыдағы оқу орындары қазақ интелегенциясының рухани баюына ұлт-азаттық ауыр кезеңдерде революциялық күрес тұсында қазақ лидерлерінің шығуына әсер етті.
Тарау ІУ. Омбы ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғы
ширегіндегі қазақ интелиигенциясының қалыптасуы мен
саяси-рухани орталығы.
Зерттеу барысындағы Батыс Сібір интелегенциясының құрамы үлкен империяның Еуропалық бөлігіндегідей болды. Олар көптеген маман иелері: (дәрігерлер, оқытушылар, инженерлер, жоғары әскери шендегілер, ғалымдар, әдебиетшілер, суретшілер, актерлар, музыканттар. Батыс Сібірде 1917 жылы 374 жер аударынлған белсенділер болып олардың көпшілігі Омбы, Томбы, Барнаул қалаларында жұмыс істеді. .[50]
Омбы қаласы қазақ даласы мен Батыс сібірдің шекарасында жатқандықтан, қаладағы саяси жағдайлар қазақ зиялы қауымына да өз әсерлерін тигізді. Себебі қазақ интелегенциясының көп бөлігі Омбы қаласында тек білім алып қана қойған жоқ сонымен бірге олар ғылыми жұмыстарын жазып, саяси қызметтермен айналысып патша үкіметін мазасыздандырды. Әлихан Бөкейханұлының өмірі мен қызметі Омбы қаласымен тығыз байланысты. Оның географиясының үлкен бөлігі, яғни 14 жыл 1894-1908 жылдар аралығында осы қалада өмір сүріп, кадет партиясының жетекшісі болды. 1908-1917 жылдары Әлихан Бөкейханұлы самара қаласында өмір сүріп, онда Керенскиймен кездеседі. Қазақ лидерінің Омбыдағы кезеңін бірнеше бағытта көрсетуге болады.
1.Техникалық училищедегі дәріс алу, жоғарғы оқу орнын бітрген соң орман шаруашылығында жұмыс істеуі, қоныстандыру басқармасындағы қызметі.
2. Омбы бөліміндегі императорлық Москва ауыл-шаруашылық бөліміндегі қызметі.
3. Дала өлкесіндегі қазақтар арсындағы қаладағы саяси қызметі.
Әсіресе қазақ лидерінің Омбы бөліміндегі қызметі туралы тоқтап кетуге болады. ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанға буржуазиялық қатынастардың енуі, ұлттық буржуазия мен интелегенцияңың қалыптаса бастауы, жалпыхалықтық ояну жағдайында ұлттық-мемлекеттік бірлік мәселесі күн тәртібінде қайтадан қойылды. Мемлекеттік билік қажеттігін бүкіл елдік көлемде түсіну (мейлі ол ұлттық буржуазиялық елементтер арқылы немесе ұлт зиялылары арқылы жүрсін) есею жолындағы барлық халық басынан кешіретін тарихи кезең екендігі мәлім. Осы тарихи кезеңдегі ұлттық саяси элитаның мемлекет туралы ұғым-түсінігін, бағыт-бағдарын Ә.Бөкейхан Ұлттық еркіндік пен дамудың алғышарты ұлттық мемлекеттің болуы деп түсінді. Ол Г.Н. Потаниннің өмірбаянына арналған мақаласында ғалымның біз қарап отырған мәселеге байланысты көзқарасына тоқталып: «Саяси жолдағы бізге жылы көрінетін бір негізді факті мынау: елдің тұрмысын, тілін, мінезін, білмеген кісі көш басын алып жүре алмайды. Олай болса көп ұлтты құрылған Россияны бір орыстың билеймін дегенінде мағына жоқ. Россия өзге тілі, тұрмысы, қаны басқа жұртқа автономия беруі керек дейтін Г.Н» .[51],-деп жазды. Оның түсінігі бойынша ол мемлекет автономия түрінде болмақ. «Автономия болу- өз алдына мемлекет болу». Россия федерациялық мемлекет болса, Қазақстан оның құрамына әзірге автономиялық негізді еңбек. «Федерация мағынасы құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада Һәм мемлекеттің іргесі бөлек ынтымағы көп болады. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді. Үкімет басында учредительное собрание мен . Дума қалауынша келісімді жылға сайланған президент болу » Бір сөзбен айтқанда, Бөкейхан ұсынып отыпған автономия буржуазиялық демократиялық республика болатын. Сондай- ақ бұл көп ұлтты автономия. «Түбінде қазақ ұлты бір автономия бола қалса, іштегі орысты ала кетеміз бе деген үміт. Біздің қазақ ұлтының автономиясы енді тұрмыс халде туысқан автономиясы болар емес; жерге байлаулы автономия болмақ. Ішіміздегі орыс мұны мақұлдайтын көрінеді». Көп ұлттық елдің экономикалық, саяси және мәдени даиуына қажет қолайлы фактор болмақ. Мәдени және саяси мешеулік ұлттық мемлекет құрудағы негізгі кедергілер екенін айтып, осы кемшіліктерден құрыла келіп, түпкі мақсат саяси дербес мемлекет түзу болатындығын Ә. Бөкейхан жасырмай ашық білдірді де, ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейінгі кезеңде Сібір автономиясы туралы жоспарды қолдау себебін түсіндіре келіп: «Біз ойладық, әуелде Сібірге сүйеніп, тасымалдап, жалғасып көшіп кетелік: жіп жалғап, зор мемлекет күрмегінен құтылып ап, отау болып соңынан бөлінелік»,-деп жазды.
Ұлттық мемлекет құру Ә. Бөкейхан және басқа буржуазиялық-демократиялық бағыттағы интелегенция өкілдерінің түпкі мақсаты болды. Олар 1905-1907 жылдарғы орыс революциясынан кейінгі кезеңде алғашында радикалдық, бағытта көрінген буржуазиялық конституциялық-демократиялық партиның құрамына еніп, конституциялық демкратия шеңберінде қазақ ұлтына автономия алудан үміттенді. Бірақ олардың бұл үмітінің негізсіз екендігін көп ұзамай уақыттың өзі де көрсетіп берді. Кадеттер партиясына үміт артқан тәжірибесіз ұлттық интелегнция өкілдерінің онымен саяси-идеялық алшақтығы Ақпан төңкерісінен кейін біржола айқындала түсті. Ә. Бөкейхан «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген ашық хатында ол туралы былай деп жазды: «Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де жөн» дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылдв сытырылып, жалаңаш шыға келеді.
Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз, Алаш ұранды жұрт, жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық. Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді, молла һүкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болады. Жалование алған моллалар үкіметке жетекшіл болып еріп кетеді. Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса, үкімет ісінен бөліп қойған оң болды.Оны орысша «отделение церкви от государства» дейді. Кадет партия менің бұл ісіме өзгеше қарайды. Осы үшін жол айырылғаны биыл жазда ашыққа шықты. Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға кірістім. Мен мұны июльдегі жалпы қазақ съезіне айтқан едім. .[52]
Хатта айтылған пікірлердің бәрі дерлік сол күйінде осы жылғы қарашада жарияланған Алаш партиясы бағдарламасының жобасында келтірді. Жобаның VІІІ- «Жұмысшылар» атты тарауында Алаш партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик тобының бағдарламасын жақтайды», -деп жазылды. Жандарм орындарының құжаттарында да көрсетілгендей, социалистермен бұрыннан байланысы бар. Ә. Бөкейханның революциялық өрлеу барысында кейбір мәселелер бойынша меньшевиктер бағдарламасынмен жақындасуы да кездей соқтық емес болатын.
Өз кезегінде Бөкейхан үшін кадет партиясынан шығып, ұлттық Алаш партиясынан шығып, ұлттық Алаш партиясын құру мемлекеттік суверинитетке жету жолыпда жасалған келесі саяси қадам еді. Егер 1905-1907 жылдары, одан кейінгі кезеңде де мұндай мақсаттың іске асыруға қажет шарттар түзілмеген болса, Ақпан төңкерісінен кейінгі елдегі қалыптасқан жағдай оған мүмкіншілік туғызды.
Ә. Бөкейханның саяси өмірбаянында 1916-жылдыңдүрбелеңі және майдандағы қара жұмысқа алынған қазақ жастарына көрсеткен азаматтық қызметі ерекше орын алады.
1916-жыл оқиғасына байланысты ғылыми әдебиетте болашақ Алаш партиясының негізін қалаған қазақ зиялыларының «сатқындық» ролі туралы пікір қалыптасқан. Бұл тұжырымды мәселеге қатысты фактілердің бәрін де талдау арқылы жасалынған деп айту қиын. Өйткені зерттеушілер «Қазақ» газетінде жарияланған екі-үш материал төңірегінде ғана сөз қозғап келді. Ал осы газетте ертеерек жарияланған мақалалар мен құжаттар назардан тыс қалып қойды. Мәселен, әскерге адам беру мәселесін «Қазақ» 1915 жылы көтеріп (қараңыз: №166, 168,177, т.б.), бүкіл қазақ жұртын қамтыған пікірсайыс туғызып, елдің ортақ пікірін біліп, мынадай тұжырымдар жасаған болатын: «Қазақтан осы соғыс үстінде солдат алынбау; солдат алудан бұрын метрике түзеу үшін муфтилікке қарау, лажсыз алынатын болғанда, жаяу солдат болмай, атты әскер болу, қазақ-орыспен жер-су һәм правода теңгерілу» .[53] Уақиғалар ағымы Ә. Бөкейхан мен А. Байтұрсынұлы бастаған топтың ұстанған бағыты дұрыс болғандығын көрсетіп береді. Көтеріліс аяусыз басылып, майдандағы жұмысқа қазақ жастары алынғаннан соң Ә. Бөкейхан бастаған бір топ қазақ зиялылары өз еріктерімен майданға аттанып, Петроградтағы билік орындарымен жүргізілген келіссөздер соң, Минскіге барып Батыс майдан штабы жанындағы земскі және қалалық одақтың бұратына бөлімін ұйымдастырып, оны басқаруды Ә. Бөкейхан өз қолына алады. Бөлімнің міндеті майдандағы жігіттерге қажет тұрмыстық жағдай жасау және басқа түрлі көмектер көрсету еді.Бұратана бөлімі қазақстаннан дәрәгерлер, фельдшерлер шақырды,қазақ мұғалімдерін тпртып, жігіттердің сауатын ашу үшін үйірмелер ұйымдастырды. Олардың арасында осы мезгілде «Еркін дала» ұйымы құрылды. «Қазақ» газеті майдандағы жігіттер мен қазақ даласын жалғастырушы көпірге айналды, жігіттерге қуат берді, саяси танымын өсіріді. Осы тұстағы қазақ зиялыларының майдандағы жұмысшыларға көрсеткен ағартушылық (дәрігерлік және басқа азаматтық) қызметі ұлттық интеллигенция тарихының жарқын беттеріне жатады.
Әлихан Бөкейхан мәселелердің жоқтаушысы ғана емес, бүкіл қазақ елінің саяси қайраткері ретінде осы күрес жолындағы көш бастаушысы да болды.Ұлы қайраткердің соңына ерген інілерінің бірі , азаттықтың тағы бір құрбаны Жүсіпбек Аймауыт ұлы оған арнау сөзінде: «Қараңғыда қан жылып, қаңғырған күнде басыңды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз асақар беліміз! Өміріңде жүрген жолың біздей інілеріңізге жағып қойған шамшырақ», дегенде, асыра айтып қателескен жоқ еді.
Достарыңызбен бөлісу: |