Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет17/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   133
3. Абай ӛнегесінің ӛрісі 
 
ХХ 
ғасыр 
бас 
кезіндегі 
қазақ 
ақын-жазушыларының 
бүкіл 
шығармашылығы Абай атты ұлы арнадан бастау алады. Сондықтан ХХ ғасыр 
басындағы әдебиетті сӛз еткенде, Шәкәрім, Ахмет, Міржақып
Сұлтанмахмұт, Мағжан сынды ұлы тұлғалар поэзиядағы Абай салған 
дәстүрдің сан қырын ашып, жаңашылдықпен жалғастырғанын атап ӛту ләзім. 
Онсыз сол кездегі поэзияның даму барысын, кӛтерілген биігін аша алмаймыз.
“Абай – қазақтың жаңа реалистік жазбаша поэзиясының, әдебиетінің 
негізін салды. Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Ол – 
керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері. 
Сонымен бірге біз Абайды ойшыл ақын дейміз. Мұны алдымен ақынның 
ӛмір құбылыстарын терең толғау жағы басым келетін ӛлеңдеріне қатысты 
айтсақ, сонымен қатар ӛмір, адам тағдыры, дүние, заман ағымы жайлы 
пікірлері, дүниетанымы кӛбірек кӛрінетін ӛлеңдеріне қатысты, яғни ойшыл-
философ ақын деген мағынада айтамыз” – деп, З.Ахметов ұлы дарынға үлкен 
баға береді де: “Ақын тұлғасы қаншалықты ірі болса, ықпалы соншалықты 
зор болатыны, айналасына түсетін жарығы да мол болатыны анық”
30
, – деген 
тұжырым жасайды. 
Абай ӛзінен кейінгі ақындардың барлығына “Жарығын түсірді” десек, 
ӛсіріп айтқанымыз емес. Ӛйткені “Абай – қазақтағы суретті, сұлу сӛздің 
атасы, тереңге сырлы, кең мағыналы кестелі ӛлеңнің атасы. Қазақ ӛлеңіне 
ӛрнек берген, түрін кӛбейтіп, қалыбын молайтқан – Абай. Ол қазақтың 
30
Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. –Алматы, 1995. -245 б


70 
ішінен оқушы тапқан”
31
. Ұлы Мұхтар Әуезовтің бұл ойларынан артық Абай 
болмысын тап басып тану қиын. Абай дәстүрін жалғастырушылар оның осы 
“оқушылары” еді. Олар – ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ поэзиясын әлемдік 
деңгейге кӛтерген Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан 
сынды бір туар дарындар еді. Бұлардың бәрі ӛз кезегінде Абай ұлылығын 
тануға ұмтылып, ақындығын бағалауға тырысқан болатын. Осы орайда Абай 
ақындығын бағалаудағы олардың ұлы ақынға берген атаулары да әрі қызық, 
әрі ой саларлық. Ең жақын шәкірті Шәкәрім “Ұлы ұстаз” тұтса, Ахмет “Қа-
зақтың бас ақыны” деп біледі, Мағжан үшін “Ақындар хакімі” болса, 
Сұлтанмахмұт “Ақындар пайғамбары” кӛреді. 
Абай ұлылығын тани біліп, ақындығына табынған осынау “оқушылар” 
ұлы ақын дәстүрінің әр қырын, әр бағытын ӛз шығармашылық мүмкіндігіне, 
ұстанған мақсатына орай дамытып, жаңғыртып әкетті.
Шәкәрім Абайдың қоғам туралы толғамын, адам болмысын танудағы 
ізденісін, адамның адам болып қалу жолындағы имандылықты, ар-ұяты, 
адамгершілікті уағыздау ӛнегесін, білім мен ӛнер шашпақ үлгісін, теңіздей 
терең ойшылдығын ұлы ұстаз дәстүрін сақтай отырып, жаңаша жаңғыртып, 
жасампаздықпен дамытты. 
Ахмет бас ақынға қоғамның ең кӛкейкесті мәселелерін қозғаған ой-
толғаныс, отарлық уысындағы ұлттың қамын ойлаған тұстан үндесіп, 
азаматтық ұстанымнан туындаған азаттық сарынды алға тартуымен жаңаша 
жол тапты. 
Міржақып ӛлең ӛнерінің Абай таныған құдіретін мойындау арқылы оны 
ұлттың санасын азаттық күреске оятудың күшті құралы деп біліп, ӛз 
поэзиясына азатшылдықты арқау етуі негізінде Абаймен іштей үндесіп, ӛлең 
ӛлкесіне ӛзіндік ӛршіл рух септі. 
Мағжан “ақынның ақыны” ретінде “Хакім Абайдың” сыр мен сезімге толы 
кӛңіл күй лирикасын, адамның ішкі болмысына терең бойлаған 
сыршылдығын, жан тебіренткен сезімнің терең иірімдерін жүрекке дӛп 
жеткізер сезімшілдігін, жансызға жан бітірер суреткерлігін шебер игеріп, оны 
“европалық әшекеймен” үлбіретіп, ӛзіндік үлгі тауып, ӛзгеше ӛріспен 
ұштастырды. 
Сұлтанмахмұт әлеуметтік ӛмірдегі теңсіздік кӛрінісін шыншылдықпен 
суреттей біліп, қоғамдық қайшылықтың негізін “кӛкірек кӛзімен” кӛріп, 
нақты танып-біліп, ащы шындықты ақындар пайғамбары санаған Абайша 
айта алып, шыншылдық пен сыршылдықтың ӛрісін кеңейтті. 
Қарап отырсақ, ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушылар Абай ақындығынан 
үлгі ӛнеге ала отырып, ұлы тұлғаның сан қырлы, мол сырлы поэзиясының 
жандарына жақын, рухына үйлес, ӛз ой-пікірімен үндес келер тұсын үйіріп 
әкетіп, жаңғырта да жаңаша дамытқанын байқаймыз. 
31
Әуезов М. Әдебиет тарихы. –Алматы,1991. -230 б


71 
Жалпы Абайдың ақындық дәстүрін дамытушылар туралы 30-жылдардан 
бергі кезеңде әр түрлі сипатта болса да сӛз болып келеді. М.Әуезовтің, 
С.Мұқановтың, 
Е.Ысмайловтың, 
Ы.Дүйсенбаевтың, 
А.Нұрқатовтың, 
Қ.Мұхаметхановтың, 
Ә.Жиреншиннің, 
З.Ахметовтің, 
З.Қабдоловтың, 
Т.Кәкішевтің, 
Р.Нұрғалиевтің, 
Ж.Ысмағұловтың, 
Б.Әбдіғазиевтің, 
К.Бейбітованың әр кезде шыққан зерттеу еңбектері осының айғағы. Осынау 
әдебиеттанудың алыптары мен әдебиет ғылымында азды-кӛпті еңбек етіп 
жүрген ғалымдардың барлығы да Абай творчествосының ХХ ғасыр 
басындағы әдебиет ӛкілдеріне тигізген игі әсері жайлы нақты мысалдар 
келтіріп, тұжырымды ойларын айтқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет