Мазмҧны кіріспе


Абай дәстҥрін шеберлікпен ҥйреніп



Pdf көрінісі
бет18/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   133
Абай дәстҥрін шеберлікпен ҥйреніп, батыс пен шығыс классикалық 
әдебиетінен сусындаған Ахмет, Шәкәрім, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Міржақып 
сынды сӛз ӛнерінің щеберлері ХХ ғасырдың басында ұлттық поэзиямыздың 
әлемдік деңгейге кӛтеріліп, қоғамның шындығын шынайы ашып, оны 
эстетикалық қуатпен бейнелеудің кӛркемдік үлгісіне айналуы жолында 
аянбай еңбек етті. 
ХХ ғасырдың басында кӛзі ашық, кӛңілі ояу қазақ азаматтарын 
ойландырған барлық мәселе – поэзияда айқын кӛрініс тауып отырды. 
Азаттықтың, тәуелсіздіктің биік идеясымен қатар қазақтың ӛз ішіндегі ӛзекті 
проблемалары – партиягершілік, әйел теңдігі, надандық, қара халықтың 
жағдайы поэзияның ӛзекті тақырыбына айналды. Қандай бағыт ӛкілі 
болмасын қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Сондықтан олардың 
шығармалары сарындас, желілес болып отырды.
ХХ ғасырда қазақ поэзиясын әлемдік деңгейге кӛтерген біртуар ақындар 
дүниеге келіп, олардың әрқайсысы соны үнімен, тың тынысымен қазақ 
поэзиясы айдынында емін-еркін жүзді. 
Поэзиясы аз да болса саздығымен, қазақ ӛлеңінің тӛл табиғатынан туған 
тазалығымен, бір естігенде-ақ кӛңілге қона кетіп, ойға ұялай қалатын әрі 
бейнелі, әрі мағыналы сӛз үлгісімен ерекшеленетін Ахмет Байтұрсынов жеке 
басының, әлеуметтік топтың, немесе белгілі бір таптың мүддесі емес, ел 
мұңы, ел шері, ел зары, ел кегін жырлаған Міржақып Дулатов, 
заманымыздың атақты жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай “жарқыраған 
әшекейімен, Европалығымен” тамсандырған жыры сұлу, сезімі сыршыл 
Мағжан, терең танымдық ӛлеңдерімен, асқақ романтикалық эпикасымен 
толғандырған Шәкәрім, қазақ ой-санасының аспанына жарық “күн” 
сәулесінің нұрын шашуды, ӛлең ӛнерінің “толған айы” болуды аңсап, 
ұлтының ұлы мұратын алға асыруға ұмтылып, поэзия кӛгінде жарық 
жұлдыздай жарқырап ӛткен Сұлтанмахмұт қазақ әдебиетінің “алтын 
кезеңінде” ӛмір сүріп, туған әдебиетімізге қайталанбас туындылар сыйлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет