Мазмҧны кіріспе


Сәбит Дӛнентаев (1894-1933)



Pdf көрінісі
бет48/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   133
Сәбит Дӛнентаев (1894-1933). Кереку ӛңірінде дүниеге келген. “Уақ-
түйек” (1915) - алғашқы ӛлеңдер жинағы. Поэзиясының басты тақырыбы - 
әлеуметтік теңсіздік. Ақын ӛлеңдерінде сыншыл реалистік сипаттар басым 
келеді (“Заман кімдікі”, “Бозторғай”, “Менің жайым”). 1917 жылғы февраль 
революциясын шынайы түсінді (“Бостандық”). Ақынның шығармашылық 
ғұмырнамасын дәуірлеудің басты белгісі – ақынның кӛзқарас эволюциясы. 
Абай мен Тоқай және орыс, батыс классиктерінен үлгі-ӛнеге алып ӛскен. 
Шығармашылығының басты бағыты – ағартушы-демократтық бағыт. 1920 
жылға дейінгі аралықтағы поэзиясында ұлтжандылық сарын бар 
(“Адасыппыз”, “Сарыарқа анамызға” т.б.). Кеңес дәуіріндегі ірі ӛзгерістерді 
де поэзиясына арқау ете білді. 
Сәбит қазақ поэзиясындағы мысал жанрының дамуына айтулы үлес қосты 
(“Бозторғай”, “Ыбылыс пен шайтан”, “Ауырған Арыстан”, “Екі теке”, “У 


143 
жеген қасқырға”, “Кӛзі тоймайтын ит” т.б.). Ақын мысалдарының тақырып 
ӛзегінің арналары әралуан. Ақынның шығармашылығынан ӛлең-фельетондар 
да орын алады. Сәбит публицистикасының тақырып ауқымы ӛте кең. 
“Кӛркемтай” атты әңгімесінің кӛркемдік жетістігі айтарлықтай.
Кеңес тұсында біраз шығармашылық ізденістерге барды. Алғашқы тұста 
біраз тосылып, 1924 жылдан бастап шығармашылық белсенділігі арта түсті. 
Революция жеңістерін, кеңес ӛкіметі әкелген жетістіктерді жырлады. 
С.Дӛнентаев поэзиясында ӛзіне тән ойшылдық сипаттар да кездеседі (“Қиял”, 
“Ой”). Ақындық қолтаңбасының ӛзіндік ерекшелігі ретінде оқиғалы шағын 
ӛлеңге шеберлігін айтуға болады. Шығармашылығында негізінен сыншыл 
реализм бой кӛрсетеді. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінде Сәбит 
Дӛнентаевтың ӛзіндік орны бар. 
Мұхамеджан Сералин (1872-1929). Қостанай облысында туып ӛскен. 
Мұхамеджан Сералин – ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының үлкен қоғам 
қайраткері, белгілі санаткері, кӛрнекті ақыны, танымал кӛсемсӛзшісі. 
Қазақша-орысша білімді болған. Оның (“Топ жарған” (1900), “Гүлкәшима” 
(1903)) поэмалары қазақ жазба әдебиетіне елеулі үлес болып қосылды. 
М.Сералин ӛлеңдері қазақ ӛмірінің, әлеуметтік тұрмысының шындығын 
танытады (“Бай, патша һәм кедей”, “Бай, қасқыр, аңшы” т.б.). 
“Топ жарған” поэмасында Кенесары бастаған ұлт-азаттық кӛтерілістің 
нақты шындығы кӛрініс табады. Поэманың басты кейіпкері Адай жігітінің 
бостандықты кӛксеген ой-арманы Кенесары кӛтерілісімен желілес беріледі. 
Поэмада Кенесары-Наурызбай кӛтерілісін қалың бұқараның жақтауы жеке 
кейіпкерлер сӛздері арқылы беріліп, шындықты ашудың жақсы тәсілі 
қолданыс тапқан. “Топ жарған” поэмасында Кенесары кӛтерілісінің қазақ 
бұқарасының мүддесін қорғаған кӛтеріліс екендігі қилы тағдырлар тоғысы 
арқылы кӛрініс табады. Адай жігіті бейнесі – кӛтерілісті жүрек қалауымен 
жақтаған ерлер бейнесінің жиынтық образы. 
Поэманың композициялық құрылымының ерекшелігі – ақынның орыс 
классикасынан үйренуінің дәлелі. “Топ жар-ған” поэмасында тіл сонылығы 
бар. Тарихи шындықты, нақты ӛмірді тың теңеу, кӛркем суреттеулермен бере 
білген ақын поэмасының тарихи мәні ӛте зор. 
М.Сералиннің “Гүлкәшима” атты шығармасы (1903) – қазақ ӛмірінен 
алынып жазылған лирикалық поэма. Поэманың негізгі идеясы бас 
бостандығын аңсаған жастар мен әйел теңсіздігін жырлау болып табылады. 
“Гүлкәшима” поэмасы – махабатты жырлауда жазба кәсіптік әдебиет 
деңгейінде жазылған, ӛмір шындығын нақты кӛрсететін шынайы кӛркем 
туынды. Поэмада жекеленген бӛлімдердің жүйелігі мен тұтастық желісі бар.
Ақын ескілікті әдет-ғұрыптарға және қазақ қоғамының кертартпа күйіне 
бас кейіпкердің (Баймағамбет) ӛлімі арқылы наразылық білдіреді. Поэмада 
еркіннен айрылған адал жардың сезім тазалығы жырланады. Шығарма 


144 
сюжеті авторлық шешім арқылы жаңа жүйеде құрылған. Оқиғаның ӛрбуі 
кӛбіне хат арқылы беріліп, авторлық кӛзқарас арқылы түйінделіп отырады. 
Поэманың публицистикалық сипаты басым. Онда ауыз әдебиеті дәстүрінің 
белгілері де кездеседі. Поэмада қазақ тұрмыс-салты кең кӛрініс тапқан. 
М.Сералиннің “Гүлхашима” поэмасы ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ 
поэзиясының ірі табысына саналды. М.Сералин “Рустам-Сухраб” дастанын 
орыс тілінен аударған (Жуковский). Шығыстың классикалық шығармасы 
“Шаһнаманың” тұңғыш рет қазақ тіліне аударылуының тарихи маңызы ӛте 
зор.
М.Сералиннің журналистік қызметі “Айқап” журналын шығарумен тығыз 
байланысты. Журналдың бас редакторы ретіндегі идеялық кӛзқарастарының 
қазақ ұлтының санасын оятуда мәдени-эстетикалық маңызы бар. М.Сералин 
– кӛсем-сӛзші ретінде ӛзіндік қолтаңбасы қалыптасқан қаламгер. Журналдың 
қазақ мәдениеті мен әдебиетін дамытудағы іс-әрекеттерінде М.Сералиннің 
басшылық қызметінің әсері мол болды. Ӛзінің жеке мақалаларында (“Аштық 
хаһында”, “Ке-лешек заманымыздың қамы”, “Қазақ халқының мұң-
мұқтаждығы”, “Қазақ жастары”, “Отырықшы болған қазақтар туралы” т.б.) 
қазақ қауымын” жоғын жоқтап, отырықшылдық, оқу-ағарту секілді басты 
мәселелерді нақты кӛтерді. Мақалаларында тілдік тұрғыдағы жетістіктер де 
кездеседі. М.Сералин жалпы ұлттық сананы ояту тұрғысында еңбек етіп, ХХ 
ғасыр басындағы қазақ қоғамының кӛрнекті санаткерлерінің қатарына 
кӛтерілді.


145 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет