162
Ӛлгенді тірілтпесем де, ӛткенді жандырғандай болсын деп, биыл жүз
тоқсан жыл, ұмытылған істі алдыңызға қойдым. Бұл әңгіме ақсақалдар
аузынан қалып бара жатыр. Сол асықтардың ӛзі кетсе де, ізі жоғалмасын
дедім. Біздің де ізіміз жоғалатынын ойлап”. Кіріспеден кӛріп
отырғанымыздай ақын бұл шығармасын – тарихи дүние ретінде жазуды
ойластырған. Дәл тарихи дастан болмағанмен, мақсат солай болған.
Екі ғашықтың махаббат трагедиясын арқау ӛткен бұл поэма – Қалқаман
мен Мамыр атты екі жастың ғашықтық сырын шертеді.
Шығармада екі
ғашықтың махаббаты романтикалық сарын да бейнеленген. Мәселен мұны
Мамырдың Кӛкенай батыр қолынан қаза табар сәттегі сӛзінен айқын
аңғаруға болады:
Тілегім келді орнына арманым жоқ,
Артында Қалқаманның қалғаным жоқ,
Мені сен ӛлтіргенмен жасармайсың,
Сүйткенмен жас жанымды алғаның жоқ.
Тағдырдың сүйгенінің алдында алып, махаббатының пәктігі сақталғанын
жұбаныш еткен Мамыр рухының биіктігі осы жолдардан анық сезіледі. Ақын
екі жас жағында, ол екі жастың трагедиясы арқылы олар ӛмір сүрген тұстағы
қоғамның қатігездігіне ӛз үкімін шығарады.
Тақырып желісі махаббат
болғанмен де, ақын сол тұстағы қазақ ӛмірінің, салт-дәстүрінің, ой-сана,
кӛзқарастар қайшылығының бүкіл қыр-сырын ашуға ұмтылған.
Поэмада баяндалған оқиғаның қысқаша мазмұны мынадай. Ағайындас екі
жас Қалқаман мен Мамыр бір-біріне ғашық болып қалады. Шын сүйген
жүрек ӛз дегеніне жетіп, олар қосылады. Бұған Мамырдың немерелес ағасы
Кӛкенай батыр қарсы болып, ақыры ол Мамырды садақпен атып ӛлтіреді.
Қалқаманның жақыны, тобықтының әулиесі іспетті Әнет бабадан
Қалқаманды ұстап беруді сұрайды. Әнет баба үкімді қанша жұмсартқысы
келгенімен, одан ештеңе шықпайды. Ақыры жүйрік атпен шауып ӛтетін
Қалқаманды Кӛкенайдың садақпен атуына шешім шығарады. Кӛкенай
батырдың атқан оғы
Қалқаманның қара санынан тиіп, ердің қасын жарып
ӛтеді. Тірі қалған Қалқаман еліне ӛкпелеп, Ұлы жүздегі нағашы жұртына жол
тартады. Осы кезде қалмақ-қазақ соғысы басталып кетіп, бұл оқиға
ұмытылып, аяқсыз қалады. Кейін ел есін жиған тұста Қалқаманды іздестіру
мүмкін болмай қалады.
Шәкәрім сюжеттік желіге осынау тарихи
оқиғаларды негіз ете отырып,
қазақтың бұрынғы тұрмысын, әдет-ғұрпын кеңінен кӛрсететін махаббат
драмасына құрылған дастан жазып шыққан. Поэмадағы махаббат мәселесі
Шәкәрімнің
жалпы адамгершілік, азаматтық кӛзқарасының негізі ретінде
кӛрініп, оның бостандық сүйгіш бағытын айқындайды.
163
Поэмадағы басты кейіпкер екеу. Олар – Қалқаман мен Мамыр. Ақын осы
екі кейіпкерін сырттай ғана бейнелеп қоймай, ішкі сезімдеріне терең бойлап,
олардың ӛздеріне ғана тән табиғи болмыстарын аша алған. Ақын оқиғаны екі
жастың балғын кезінен бастап дамытады. “Әрі сұлу, әрі есті, еркекшора” бай
қызы Мамыр бозбалаша киініп жүрсе де, жігіттердің кӛз құрты болады. Оған
ғашық Қалқаман ӛз сырын жылқы бағып жүргенде білдіреді. Жұмбақ күйінде
айтылғанмен, жігіт ойында не бар екенін сезген ақылды қыз ӛзіне туыс
болып келетін жігітке басу айтады. Бірақ ӛзінің ғашықтығын қайта-қайта
еске салған жігітке ақыры кездеседі, бір шешімге келеді.
Достарыңызбен бөлісу: