Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет50/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   133
“Байладым белді бекем буайын деп, 
Жүректі адалдықпен жуайын деп. 
Талпынған мақсат іздеп махрұм қалмас
Адамдық ғылым жолын қуайын” – 
 
деп айқын білдірген.
40
Құдайбердиев Шәкәрім. Шығармалары (ӛлеңдер, дастандар, қара сӛздер). – Алматы, 1988. -344 б.


147 
Ағасы Абайға берген уәдесінің үдесінен шығу ниетімен 1905-06 жылы 
қажыға барып қайтады. Сапардағы уақытының кӛбін Стамбул, Бағдат, 
Мысыр кітапханаларындағы ғылыми мұраларды оқуға, тарих тереңіне 
үңілуге пайдаланған. Үлкен баласы Ахаттың естелігі бойынша ол Стамбул 
кітапханасында он үш күн отырады.
Шәкәрім ел ортасының дау-дамайынан, айтыс-тартыстарынан, қаскӛйлік 
пиғылдарынан түңіліп, ең алғаш рет 1909-1910 жылдары оңаша елсізге кетіп, 
кітап оқу, жазумен шұғылданған. Шыңғыстағы Шақпақ тауының етегінде, ӛзі 
“Саят қора” деп атаған жерде еркін ӛмір сүріп, серуен құрып
шығармашылықпен айналысып, ӛзімен-ӛзі болады. Ол туралы ӛзі былай 
дейді: 
Кейбіреулер безді дейді елден мені, 
Есалаң айтады екен сезіп нені… 
Елу бес жыл жинаған қазынамды 
Оңашада қорытам ойға салып. 
Шәкәрім 1917 жылғы ақпан тӛңкерісін қуанышпен қарсы алады. 
“Бостандық таңы атты”, “Бостандықтың туы жарқырап” деген ӛлеңдер 
жазады. Осы кезде “Алаш” партиясы құрылып, қазақ зиялылары Шәкәрім 
сияқты халық алдында беделді ақсақалды ӛз ортасына шақырады. Шәкәрім 
алашшылдар съезінің құрметті ақсақалы болады. Қазақ зиялыла-рының 
ақылшысына, кеңесшісіне айналады. 
1917-25 жылдары аралығында Шәкәрім ӛмірге қайта оралғандай болады, 
ел ішіндегі игі ӛзгерістерді құптайды, газет-журналдар бетінде замана 
ағымына үн қосқан ӛлеңдер бастырады. Алайда оның тыныштық жағдайда 
ӛмір сүріп, шығармашылықпен алаңсыз шұғылдануына ойы таяз әсіре 
белсенділер мүмкіндік бермейді. Жетпіс екі жасқа қараған шағында Шәкәрім 
тағы да Шыңғыс тауына кетіп қалып, жалғыз тұрады. Сондықтанда 
жергілікті ГПУ-дың бастығы Шәкәрімге сенбейді, оның елсізде жалғыз жүруі 
сезікті ойға от береді. Ӛздері бандалар деп бағалаған адамдарды ұстауға келе 
жатқан ГПУ бастығына аң аулап жүрген Шәкәрім кездеседі. Олар ақ-қарасын 
айырып жатпай, Шәкәрімді атып тастайды. Міне осылай 1931-жылы 20-
қазанда ұлы ақын қайғылы қазаға ұшырайды. 
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті 
тарихында Абайдан кейінгі ұлы ақынымыз – Шәкәрім. М.Әуезов ӛзінің 1934 
жылы жариялаған “Абай ақындығының айналасы” деген мақаласында: “Біз 
Абайдың дәл ӛз тұсында, ӛз дәуірінде еңбек еткен бірнеше ақын туралы ғана 
қысқаша айтып ӛтеміз. Мұндай ақын – тӛртеу. Оның екеуі Ақылбай, 


148 
Мағауия. Абайдың ӛз балалары. Қалған екеуі – Кӛкбай, Шәкәрім. Осы тӛрт 
ақын Абайдың нағыз толық мағынадағы шәкірттері”
41
, – деп жазды. 
Шәкәрім ӛзінің жарты ғасырдан астам шығармашылық жолында мол әдеби 
мұра қалдырды. Оның ӛлеңдері мен поэмалары, прозалық шығармалары мен 
публицистикалық мақалалары, жұмбақтары мен мысалдары, философиялық 
ой пайымдаулары, түрлі тілдерден тәржімалаған туындылары қазақ 
әдебиетінің тарихына қосылған баға жетпес асыл қазына болып табылады. 
Жеті жасынан бастап ӛлең жазған Шәкәрімнің жеті-сегіз кітабы ғана баспа 
бетін кӛрген. Абай, Шәкәрім шығармашылығының білгірі, ғалым Қайым 
Мұхамедхановтың дерегі бойынша алғашқы ӛлеңі былай болып келеді: 
 
Жаз болса жүруші ем анау сайда, 
Ӛлтірдің одан таптың қандай пайда. 
Ӛлімнің не екенін білмеушіме ең 
Ӛлмесе кеше жүрген әкең қайда? 
 
Менің де жетім қалды балаларым, 
Оларда жылайды іздеп аналарын. 
Ӛзің жетім, жетімді аясаңшы, 
Жоқ екен басыңда ми-саналарың… 
Бұл ӛлеңнің шығу тарихы әке ӛліміне байланысты. Әкесі Құдайберді 
қайтыс болғанда, еш нәрсенің байыбына бара қоймаған жас бала Шәкәрім үй 
артында ойнап отырып, қолындағы бәкісімен жұлдыз құртты ӛлтіріп алады. 
Әке ӛлімі мен осы ӛлімнің арасынан санасы бір байланыс іздегендей боп әлгі 
ӛлеңді шығарады. “Кешке шешелеріне оқып берген де, олар жылап енді ӛлең 
жазба жүрегіңе түсіп кетеді” дейді. Бала Шәкәрім біраз уақыт ӛлеңді қойып 
кетсе керек.
Тағы да Қайым аға пікіріне сүйенсек, Шәкәрім ӛзінің бір естелігінде “30 
жас шамасында (1888) бір айдай тілім байланып, сӛйлей алмай қалдым. Осы 
кезде жеті жастан бастап жазған ӛлеңдерімді ӛртеп жібердім. Артынан Абай 
ұрысты, ӛзім де ӛкіндім”, – деп жазады. 
Шәкәрім шығармаларының басым кӛпшілігі Қазан тӛңкерісіне дейін 
жазылып, біразы баспада жарияланып, кезінде ӛз бағасын алған. Қазан 
тӛңкерісіне дейін оның бірнеше кітаптары жарық кӛреді. 1878-1909 жылға 
дейін жазған ӛлеңдері “Қазақ айнасы” (І-бӛлім) деген атпен 1912 жылы 
Семейде “Жәрдем” баспасынан, “Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі” 
мен “Мұсылмандық шарты” Орынборда 1911 жылы Каримов-Хұсайнов 
баспасынан, “Қалқаман-Мамыр” поэмасы мен “Еңлік-Кебек” немесе 
41
Әуезов М. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. –Алматы, 1967. -244 б. 


149 
“Жолсыз жаза, яки кез болған іс” деп атаған поэмасы 1912 жылы Семейдегі 
“Жәрдем” баспасынан жарық кӛрген. 
Кеңес дәуірінде Шәкәрімнің бірді-екілі шығармасы жарық кӛрді. Фзулидің 
“Ләйлі-Мәжнүн” поэмасының еркін аудармасы алғашқыда “Шолпан” 
журналының 1922-23 жылдардағы 2-3, 4-5, 6, 7, 8 сандарында жарық кӛрді. 
Кейін 1935 жылы Алматыда С.Сейфуллиннің алғы сӛзімен жеке кітап болып 
басылып шықты. А.С.Пушкиннен тәржімалаған “Дубровский әңгімесі”, 
“Бораны” т.б. жарыққа шықты.
Ақынның мол мұрасының 30-жылдардан кейін зерттелмей, басылмай 
келуінің себебі бір кездегі жалған жаланың құрбаны болып, халыққа жетпей 
жатуынан болатын. Соған қарамастан, қазақ зиялылары әр тұста Шәкәрім 
шығармашылығына назар аударып келді. 1959 жылы “Қазақ әдебиеті” 
газетінде ақынның бір топ ӛлеңдері Ә.Тәжібаевтың алғы сӛзімен жа-
рияланса, белгілі ғалым Ы.Дүйсенбаев Ш.Құдайбердиев туралы әдеби 
энциклопедияға 
арнайы 
мақала 
жазды. 
М.Базарбаев 
докторлық 
диссертациясында (1968-69 жж.) Шәкәрім мұрасын талдап, 1978 жылы 
М.Мағауин Ленинградта шыққан қазақ ақындарының жинағына Шәкәрім 
ӛлеңдерінің топтамасын орыс тілінде ӛмірбаянымен қоса жариялады. 
Бір атап ӛтетін жайт ғалым Қ.Мұхаметхановтың деректері бойынша 
Шәкәрім ӛзінің мол мұрасының ішінен үшеуін нашар деп мойындаған екен. 
Бірі – “Мұсылмандық шарты” деген кітабы. “Мұны надан білімнен хабарым 
жоқ кезімде, басқа жұртта “Ғибадат исламия” деген кітап бар, ал араб не 
түрік тілінде жоқ деп, соларға еліктеп жаздым. Оны мансұқ еттім”, – деген. 
Екіншісі “Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі” деп ӛлеңмен түрік 
қағанында болған хандарды жаздым. Түркі қауымынан шыққан ханлардың 
жақсысын да, жаманын да мақтап жібергенім бар… еңбек сіңіргенін іріктеп 
алуым керек еді”, – дейді. “Нартайлақ пен Айсұлу” поэмасының поэзиялық 
жағының тӛмен болуының негізгі себебі асығыс жазылуынан болса керек, 
егер пьесаға аударылса, қызық болар еді”
42
, – деп жазған. 
1990 жылдарға дейін Шәкәрімнің шығармашылығы күрделі ғылыми-
зерттеу еңбекке арқау болған емес. Тек кейінгі жылдары ғана қолға алынған 
жұмыстың нәтижесінде бірқатар ғылыми еңбектер жарық кӛрді. Бұл іске 
Қ.Мұхамедханов, Ш.Сәтбаева, М.Мағауин, Р.Нұрғалиев, М.Базарбаев, 
Х.Сүйіншәлиев, Б.Әбдіғазиев т.б. ғалымдар атсалысып, біраз іс тындырды. 
Ақын – заманның тӛл перзенті, ұлтының рухынан нәр алған жан. 
Сондықтан да қай ақын болмасын оның поэзиясында ӛзі ғұмыр кешкен 
кезеңнің сыр-сипаты дәуір алға тартқан ӛзекті мәселелер кӛрініс табады. Бұл 
қағиданың нақты айғақтарын қазақ ұлтының ұлы ақыны Шәкәрім Құдайбер-
диевтің шығармашылығынан да кӛреміз. 
42
мұхаметханов Қ. Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы ⁄⁄Семей таңы, 1988. 15-16 апрель.


150 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет