166
асқақ реалистік шыншыл бейне. Шәкәрім оны солай сомдағысы келген, солай
сомдаған да! Қалқаманның елден безуі – тағдырдан, ажалдан қашуы емес, ол
ӛлімнен емес, әділетсіздік жайлаған жұрттан безді. Бұл – “Рахымсыз,
бауырсыз еліне” кӛрсеткен қарсылықтың, күрестің саналы әрекеті еді.
Поэмадағы қайшылықты кейіпкер – Кӛкенай. Ол – ӛз заманының, ӛз
дәуірінің ұлы. Сан ғасырдан бері қалыптасқан қазақ елінің әдеп-ғұрып, салт-
дәстүрінің сақшысындай тұлға. Ол – қатал да қатігез кӛзсіз ер, намысшыл
батыр. Ел
бірлігі, ел іргесі бұзылмауы жолында ол ештеңеден де
тайсалмайды. Ӛз руының намысы тапталды деген ұғымдағы сенімі оны небір
қатыгездікке барудан тартынтпайды.
Ата жолын бұзып, ӛз руластарына қара күйе жаққан немере қарындасына
оқ атқанда Кӛкенайдың қолы қалтырамауы – оның ӛз сеніміне беріктігінің
белгісі. Шәкәрім Кӛкенай батырды оқырманға таныстырғанда, ӛзінің оған
деген жылылығын жасырмайды.
Кӛкенай – Мәмбетейдің бастаушысы,
Ӛзі батыр, мінезі қатты кісі,
Сол кісінің алдынан тараушы еді,
Бабаңнан соң бұл елдің кӛп жұмысы.
Ол – тобықтының Әнет бабадан кейінгі бетке ұстар адамы, ел тұтқасы –
батыры. Сондықтан ӛз түсінігіндегі әділет жолындағы күресте Кӛкенай еш
нәрседен тайынбайды. Тереңнен ойлайтын абыз Бабаның екі жас тағдырына
араша түспек әрекетін оның түсінгісі келмейді. Баба әрекетін солқылдақтық
деп біледі. Егер екі жас жазасын алмаса, елді бӛліп әкетпек. Кӛкенай
Қалқаман мен Мамыр дер кезінде жазаланбаса, ӛзіне кешірілмес күнә
санайды. Оны толғандыратын мәселе – кейінгі ұрпағын жат үлгіден
сақтандыру. Кӛкенайға
тән мінезіндегі қаттылық, қала берді қатігездік
осынау жат әдеттің салтқа айналып кетпеуін кӛздеуден туған-дықтан да ӛзін-
ӛзі ақтайды. Шәкәрім ақын Кӛкенай батыр табиғатын жақсы танып, оны
жанымен түсініп, мінезінің қаттылығын, қанішерлік, кешірімсіздігін –
зұлымдық етіп кӛрсетпей, ел ағасы, ата-ғұрыпты бұзған адам туысы болса да
аямайтын ел намысының қорғаны ретінде сомдаған. Кӛкенай – соған лайық
Қаһарман. “Ол – ӛз заманының перзенті, рулық, патрихалдық мораль
сақшысы” (М.Мағауин).
Шәкәрім Құдайбердиевтің “Қалқаман-Мамыр” поэмасы – Қалқаман мен
Мамыр арасындағы
махаббатты бейнелей отырып, сол дәуірдегі адам
санасын, қоғамдық-әлеуметтік ӛмірді, ондағы қайшылықты құбылыстарды
кең кӛлемде кӛрсетуге бағышталған туынды.
Шәкәрімнің “Еңлік-Кебек” поэмасының жазылғанына ғалым Қайым
Мұхамедхановтың айтуы бойынша 109 жыл болыпты. Бұл поэма 1912 жылы
167
Семейдегі “Жәрдем” баспасынан жарық кӛрген. Шәкәрім “Еңлік-Кебекті”
тікелей Абайдың тапсыруымен жазған. Поэманың жанрын – әлеуметтік
дастан деп қарастырған орынды. Кӛп ғалымдар осы пікірге тоқтап жүр
(М.Мағауин, Б.Әбдіғазиев т.б.). Ӛйткені ақын ғашықтар трагедиясын сыртқы
арқау ретінде ала отырып, негізінен сол кезеңдегі әлеуметтік мәселелерді
басты назарда ұстаған. Поэмаға ӛзек болған оқиға желісі туралы Шәкәрім
шағын кіріспеде былай дейді: “Бұл әңгіме – 1780
жылы шамасында, осы
Шыңғыс тауында Матай мен Тобықты арасында болған іс. Шариғатта
әкесінің атастырғаны жас қызға неке есепті десе де, ӛзге дүниелік пайдасын
ойламай, жалғыз ғана қызының пайдасын ойлап берер дегені. Әйтпесе, жас
ба-ланы сатып, пайдаланып, кем-кетікке беріп обалына қал демейді. Мен
соны ойлап, Еңлік-Кебекті соншалықты жазалы демеймін”. Кіріспеден кӛріп
отырғанымыздай, ақынның Еңлік-Кебек тағдырына деген кӛзқарасы айқын,
ол – олардың жақтаушысы. Ендеше дастан осы бір кӛзқарас ыңғайында
жазылып, екі жастың іс-әрекетін ақтаушылыққа бейімділік байқалады.
Автор ел ішінде аңызға айналған, болған оқиғаның ізімен жаза отырып,
поэмадағы екі жастың махаббат трагедиясын жеке адамның қасіреті ретінде
бағаламай, сол тұстағы қазақ қоғамының қасаң қағидаларын ескілікті
сананың қасіреті ретінде бейнелеуге ұмтылады.
Поэмадағы оқиға сюжеті қысқаша былай болып келеді. Матай мен
Тобықты арасындағы жерге байланысты тартыс-талас
толастаған бір сәтте
Тобықтының жас батыры Кебек Еңлік сұлуға кездеседі. Екеуі бір-біріне
ғашық болып, ақыры тағдырын қосып, елден жырақ тұрып жатады. Осы
тұста Матай елі қалыңын тӛлеп, айттырып қойған қызды қайтарып, Кебекті
жазалауды сұрап, Тобықты еліне кісі салады. Ел арасы тағы бұзылатын
болады. Осыны сезген Тобықты басшысы Кеңгірбай Матайларға
қашқындарды ӛздері ұстап алып, жаза қолдануға рұқсат береді. Олар Кебек
пен Еңлікті жасырынып жатқан жерінен қолға түсіріп, ӛлім жазасына кеседі.
Сӛйтіп екі жас қайғылы қазаға ұшырайды.
Поэмада махаббат мәселесі ӛте қысқа сӛз болады. Еңлік пен Кебектің
кездесуі, қашып кетуі, Шыңғыстауда жасырынып жатуы. Ал оқиға дамуының
бүкіл тұтқасы Матай мен Тобықты арасындағы айтыс-тартыста, екі жастың
тағдырын шешудегі әлеуметтік астарда жатыр. Бұнда ел мен елдің тартысы,
ру мен рудың бәсекесі алдыңғы қатарға шыққан. Екі елде ӛз
намысын
жібермеуге тырысады. Түптің түбінде ескі салттың қатаң қағидасы бойынша
шындық салмағы Матай жағына ауа бастайды, Тобықты жағы шарасыз. Осы
бір замана сипаты ерексіз туғызған жалған шындықтың құрығына Еңлік пен
Кебек ілігеді.
Поэманың басты кейіпкерлері Еңлік пен Кебек. Бірі – ел мақтан тұтқан
батыр, екіншісі – ардақ тұтар ару. Кебек “Қалқаман-Мамырдағы” Қалқаман
секілді қарапайым жан емес. Ол – елге енді танылып келе жатқан жас батыр.
168
Ертеңгі ел қорғаны болуға ұмтылып, кӛзге түсіп, елдің үміт отын жаққан
жігіт. Шәкәрім Кебектің жорықтарын, батырлық соғысын кӛрсетпегенмен,
алғашқы таныстырудағы бітім болмысын ерекшелеп береді. Соның ӛзінен-ақ
Кебектің қандай жан екені айқын танылады. Ӛзгелерден тым ерекшелініп
кетпесе де, болайын деп тұрған ұл екені елес бергендей.
Достарыңызбен бөлісу: