Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет53/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   133
Ӛсек, ӛтірік, мақтаншақ
Еріншек, бекер мал шашпақ – 
Бес дұшпаның білсеңіз. 
Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым, ойлап қой – 
Бес асыл іс кӛнсеңіз. 
Шәкәрім “Талап пен ақыл” ӛлеңінде сегізге жеткізеді: 
Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан, 
Анық тӛмен болмай ма хайуаннан. 
Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса, 
Ӛлген артық дүниені былғаған. 
Шәкәрім ӛлеңді, ақындық ӛнерді “даналық бесігі”, “ақылдың кені” 
санайды. Арманы “қазақты ӛрге сүйреп ӛлу” болған ақын ӛрге сүйреудің ең 
озық құралы – ӛлең, оның “ар түзейтін” ұлы қасиеті деп біледі. Ал сол ӛлеңді 
жаратушыны, яғни ақынды туған халқымен тұтасып кеткен ұлы тұлға 
таниды. 
Шәкәрім Абайдағы ӛнер-ғылымға үндеудің арнасын отаршылдықтың 
езгісіндегі ұлтының бостандығы жолындағы күреске бұруға ұмтылып, ол 
жолдағы 
ел 
мен 
ер 
бірлігінің 
атқарар 
міндетін 
айқындауды 
шығармашылығының негізгі ӛзегіне айналдырады. Жаңа ізденістерге бет 
бұрады. Осы бетбұрыстан кейінгі ӛз шығармаларына азаттық ойды арқау 
еткен Ахмет, Міржақыптарға ой салған алғашқы идеялардың кӛрінісі бой 
кӛрсетеді. Әрине, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім шығармалары тікелей 
азатшылдық күресті меңземегенмен, осы ойдың ӛміршең болуына, ӛзінен 
кейінгілердің шығармашылығынан мол орын алуына септігі аз болған жоқ. 
Азаттық ойдың, ұлт-азаттық идеяның орнығуына үлкен әсер етті. “Қош” атты 
ӛлеңінде: 
Мен қайғы жедім ғой, 
Қапы ӛтті дедім ғой. 
Қазағым, қам ойлан


155 
Сен де адам едің ғой, – 
дейді Шәкәрім. Бұдан біз ел-жұрт қамын ойлаған тұлғаның халқына 
қайырылуын кӛреміз. Мұнда үмітсіздіктен гӛрі сенім басым. Туған халқының 
бойындағы ұлы күштің бұлқынысына сенеді ақын, сол сеніміне үмітті серік 
етеді. Тұлғаның толығарына, елінің оянарына ақын үлкен сеніммен қарайды. 
Шәкәрімнің азаматтық лирикаларындағы бір арна – ӛскен орта – қазақ 
қоғамы. Шәкәрім ӛзі ӛмір сүрген дәуірдің кертартпа кесір-кесапатын кӛре 
білді. Оның қаншалықты зиянды екенін сезіне де білді. Ӛз ортасынан озып 
туған тұлға ретінде әлгі кесапаттан құтылудың емін іздеді. Сол ой ақын 
жанын жегідей жеп, жүрегінің тереңінен шыққан кемел ойларын 
шығармашылық толғанысқа айналдырды. Ақын жүрегін, ең алдымен, ел 
пысықтары, залым билеушілер, атқа мінерлер шошындырды. Оларға тән 
мінез-құлық ақынға ӛте таныс болатын. Сондықтан да ақын “Партия қуған 
ӛңкей қырт” ӛлеңінде оларды:
Партия қуған ӛңкей қырт, 
Жазылмайтын ол қылқұрт. 
Мен тартам ел қайғысын
Әкімі – залым, биі – әңгірт, – 
деп дәл сипаттайды. 
Шәкәрім шығармашылығының дені – ӛлеңмен жазылған дүниелер. 
Ӛйткені Шәкәрім – ең алдымен ақын. Ақын болғанда, алдыңғыны дамытқан, 
кейінгіге үлгі болған ақын. Әдебиеттегі жаңашылдық пен дәстүр 
ұғымдарының нақты белгісін осы Шәкәрім шығармашылығынан кӛреміз. 
Дәстүр дегеніміз М.Әуезовтің сӛзімен айтқанда: “…мағынасына характер де, 
түр де, оқу мен ӛсу де, дами түсіп ӛзгеру де, мазмұн мен сыртқы сипат кӛрік-
күй мәселесі – бәрі де кіретін нәрсе”. 
Бұл тұрғыдан келгенде Шәкәрімнің Абайдың інісі ғана емес, дарынды 
шәкірті екендігін, ұлы ақын дәстүрін ӛзіне тән ӛрнегімен әрлеп алға апарушы 
екендігін алғаш айтып, ғылыми тұжырым берген Мұхтар Әуезов болды. 
Шынында Абай мен Шәкәрім арасындағы шығармашылық байланыс аса те-
рең. Ол – құрғақ еліктеушілік емес, бірін-бірі толықтырған ӛнерге 
тамырластық. 
Шәкәрімнің шын мәніндегі ақындық болмысы оның ӛмір шындығын 
нақты, әрі бейнелі суреттеуге ұмтылғандығынан кӛрініс табады. Ӛз 
ортасынан ойып алған оқиғалармен, сол ортадан тапқан кейіпкерлерін бүкіл 
қоғамға тән типтік бейне дәрежесіне кӛтеріп, кӛркем образ жасай білген 
Шәкәрім шеберлігіне тәнті болмау мүмкін емес. 


156 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет