19
зиялылары да ел аманатын арқалап, осынау ӛздерін толғандырған үш
мәселені алға ұстап, күресшіл жолға бет алды. Мұның бір белгісі – 1905
жылғы қазақ оқығандарының патшаға жіберген Қарқаралы талабы (петиция),
қазақтың алдыңғы қатарлы азаматтарының алғаш бас біріктіруі. Бүл –
толғағы жеткен мәселелерді кӛтерген саяси күреске шығудың басы, оған
үлкен серпін берген бірлікті де тірлікті әрекет еді.
1905 жылғы Ресейде тұтанған оттың шарпуы
шет аймақтағы қоздана
бастаған қоламтаның лап етуіне дем берді. Әрине, қазақ даласындағы
қозғалыс дүмпуін тек 1905-07 жылғы революцияға байланыстырып қою
біржақтылық танытары сӛзсіз. Бұрынғы тарихи және әдеби зерттеулерде дәл
осындай баға беріліп те келді. Біздіңше, 1905-1907
жылдардағы қазақ
даласындағы ірілі-уақты іс-қимылдардың негізі әріде жатыр. Ол қазақ
зиялыларының кӛкейінде пісіп, кӛкірегін жарып шыққан ұзақ толғаныстың
нәтижесі секілді.
Қазақ зиялыларының алғашқы топтасуы жалпы Россияда қалыптаса
бастаған әр түрлі саяси партиялардың патшалық басқару жүйесіне
қарсы
күрес жолындағы бағдарламаларымен танысу әсерінен және ӛз халқын
отарлық бұғауынан құтқарудың жолы тек саяси күресте жатыр деп тануынан
еді. Қазақ зиялыларының алғашқы баспа жүзін кӛрген бағдарламалы ой-
пікірлер жиынтығы – жоғарыда аталып ӛткен Қоянды жәрмеңкесінде
жазылып, 1500
адамның қолы қойылып, Петербургке жіберілген әйгілі
Достарыңызбен бөлісу: