Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет8/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   133
Петиция талаптары орындалмады, реакция күшейіп, петиция авторы 
деген кісілер қуғындалды. Қaзақ тілінде бейресми газет шығарып, баспа 
ұйымдастыру талабы 1905 жылы маусымда айтылса да, 1911 жылы “Айқап” 
журналы жарық кӛргенше толыққанды күйде орындалмай келді. 
Бұл туралы 1910 жылы Әлихан Бӛкейханов: “На киргизском языке пока 
нет ни одной газеты, точно также киргизы не располагают до сих пор своей 
типографией, Мысль о том и о другом возникла в киргизской степи в 
счастливые дни свободы но не осуществилась…” деп, ӛкіне жазған еді. Бағыт 
айқындылығын, мақсат бірлігін ұғынысқан қазақ оқығандары бас біріктірген 
соң, ӛз ой-пікірлерін халыққа жеткізер баспасӛз орнының болуын қалауы 
табиғи нәрсе еді. 
7
Брайнин С.,Шафиро Ш.Очерки по истоии Алаш – Орды. – Алма – Ата –Москва, 1935.-С.17.


22 
Қaзақ зиялылары қазақ баспасӛзінің қос жұлдызы “Айқап” пен “Қазақтың” 
жарық кӛруіне дейін қажымай, талмай еңбек етті. Бұл екі басылым ӛз 
кезегінде қазақ оқығандарының бағыт-бағдарын айқындаған, идеялық-саяси 
кӛзқарастарын танытқан ұйым болды.
1905 
жылдың 
аяғына 
қарай, 
кейбір 
деректерде 
кадеттердің 
бүкілроссиялық І съезінен дәл бір жарым айдан соң, яғни 1905 жылдың 
ноябрь айының аяқ кезінде Оралда Дала ӛлкесінің 5 облысының ӛкілдері бас 
қосқан съезд ӛткізілді. 
Съезд ұйымдастырушылар қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы ӛкілдері 
Ә.Бӛкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Сейдалин, М.Тынышбаев, С.Сырттанов, 
Б.Қаратаевтар еді. Съезд қырғыз (қазақ) конституциялық демократиялық 
партиясын құрды. 
Қaзақ зиялылары неліктен ӛздеріне кадет партиясын үлгі етіп алды деген 
сұраққа осы партияның құрылтай съезінде қабылданған “Азаматтардың 
негізгі құқы” және “Мемлекеттік құрылым” атты екі бӛлімнен, 9 пункттен 
тұратын программасындағы: “Все российские граждане, без различия пола, 
вероисповедования и национальности, равны перед законом. Всякие 
сословные различия и всякие органичения личных и имущественных прав 
поляков, евреев и всех без исключения других отдельных групп населения 
должны быть отменены” – деген сӛздердің қазақ зиялыларының жүрегіне 
жақын, ойына дӛп келгенін жауап етіп тартар едік. 
Кадет партиясы 1905-1907 жылдардағы ең беделі күшті партиялардың бірі 
болғандығын еске алсақ, қазақ даласын ашықтан-ашық отарлауға білек 
түрініп кіріскен патшалық жүйемен күрес жүргізу үшін қазақты тапқа жіктеу 
емес, әуелі басын біріктіру қажеттігін түйсінген қазақ зиялыларының 
кемеңгерлігіне таң қаласың. 
Әлихан Бӛкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар бастаған қазақ зиялылары 
орыс буржуазияшыл-демократтық партияларын үлгі етіп алып, қазақ 
халқының тұтастығы мен дербестігін ұлттық автономия арқылы сақтап 
қалуға тырысса, Б.Қаратаев, М.Сералин, Ж.Сейдалиндер бүкіл түркі 
халықтарының бірігуін жақтап, татар буржуазиясымен бірлік құруға 
ұмтылды, татар буржуазиялық партияларынан үлгі алды. 
Бұл екі топ отырықшылдандыру, оқу-ағарту жұмысының сипаты, дінге 
кӛзқарас тұрғысынан да түрлі қайшылықтарға келіп отырды. 
Алғашында қазақ зиялылары ӛз кӛзқарастарын ӛздерінің ұлттық 
басылымдары жоқ болғандықтан, алдымен “Үлфәт”, “Пікір”, “Уақыт”, 
“Шора”, т.б. татар журналдарында, “Смена”, “Омич”, “Голос степи” тәрізді 
орыс газеттерінде білдіре бастады. Одан кейін айтыс “Айқап” бетінде жүрді. 
1911 жылы 11 қаңтарында талай қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, 
“Айқап” журналының жарық кӛруіне қол жеткізілді. Ал “Айқаптың” шығуы 
– қазақ ұлты үшін ХХ ғасырдың бас кезінде болған үлкен тарихи оқиға. 


23 
Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. “Айқап” 
– ӛзінің сипаты жӛнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде 
Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың 
ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-
пікірінің, 
әдебиетінің, 
публицистикасының 
прогресшілдік 
және 
демократиялық дәстүрін жалғастырған, ілгері дамытқан журнал болды”
8

“Айқап” журналын ұйымдастырушы және редакторы демократ-жазушы 
Мұхаметжан Сералин ӛз тӛңірегіне түрікшілдікті жақтаған қазақ 
зиялыларының үлкен тобын – Бақытжан Қаратаев, Жанша Сейдалин т.б. 
топтастырды. 
Ұлттық интеллигенцияның бұл тобы (түрікшілдер) бүкіл түркі халқының 
бір тудың астына жиналуын, қазақты отырықшыландыруды жақтап, түркілік 
бірлікті дәріптеді. Татар үлгісіндегі мектептерді кӛбейтуді ұсынды. 
И.Гаспринскийді ұстаз тұтты. 
Олардың кӛзқарастары мен шығармашылығына, саяси мәндегі ой-
пікірлеріне ХХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ жеріне тарай 
бастаған түркілік, исламдық ағымдар зор ықпал етті. 
Осы күнге дейін біржақты бұрмаланып, дұрыс байыптау берілмей келген 
ХХ ғасыр басындағы бұл ағымдар отарлық езгіде діні, тілі, рухани қазынасы 
іске алғысыз етілген түркі тектес халықтарды азаттық жолындағы күресте бір 
тудың астына жинау идеясын уағыздаған еді. 
Отырықшыландыру мәселесіне келгенде де “айқаптықтардың” ӛзіндік 
кӛзқарасы мен ойлары болды. “Айқаптықтар” отырықшылдықты ӛркениет 
тірегі деп білді. Жер-жерде отырықшылдықтың үлгі мекендерін жасап, 
жұртты соған тартуға әрекеттенді, үлгі шашпақ болды. Мәселен, 
Мұхаметжан Сералиннің Қостанай уезінің Шұбар болысында, Б.Қаратаевтың 
Орал облысында ұйымдастырған елді мекендері. Әрине, бұл іс-әрекет пен 
пікірлердің прогресстік ойдан туғандығына күмән жоқ, дегенмен қазақ 
шаруашылығының байырғыдан келе жатқан бағытын аз уақытта ӛзге арнаға 
бұрып жіберу ӛзін-ӛзі ақтамайтындығы анық болатын. 
Жер мәселесі А.Байтұрсынов, Ә.Бӛкейханов бастаған топты да 
(батысшылар) қатты ойландырды. Алғашында ӛз пікірлерін “Айқап” бетінде 
білдіріп отырған бұл топ ӛкілдері енді ӛз басылымдарын ашуға ұмтылды. 
Қaзақ халқының қоғамдық ӛмірінде, даму тарихында ерекше орын алған 
“Қазақ” газеті 1913 жылдың 2-ақпанында Орынбор қаласында “Каримов, 
Хусайыновтар баспасынан” шықты. Бұл газеттің маңындағы топ 
отырықшылдыққа қарсы тұрды.
Россия империясының 1909 жылғы 9 маусымда жариялаған столыпиндік 
заңы бойынша жер алуда екі түрлі норма болды. Отырықшы норма әрбір жан 
басына 15 десятинадан, кӛшпелі норма ер адам басына 15 десятинадан. Бұл 
8
Бекжожин Қ. Қазақ баспасӛзінің даму жолдары . –Алматы, 1964. -86-бет 


24 
қазақ халқын тонау заңы болып табылады. Сондықтан “Қазақ” газеті кӛшпелі 
нормамен жер алу қазақтың дәстүрлі шаруашылығын сақтап қалудың және 
дамытудың бірден-бір жолы деп түсінді. Ӛйткені отырықшылдықпен жер 
алу, жер ӛңдеу кәсібін жете меңгермеген қазақтар үшін пайдасыз еді. 
Сӛйтіп, “Қазақ” газеті жарық кӛргеннен кейін қазақ зиялыларының арасы 
ашылып, екіге жіктеле бастаған екі үлкен идеялық-саяси арнаға айналды. Бұл 
туралы тарихшы С.Аспандияров: “Казахская интеллигенция разбилась на две 
основные группы. Одна часть, группировавшаяся вокруг журнала “Айқап” 
стояла на пантюрксистской позиции блока с татарской буржуазией, за 
объединение всех тюрков. Она выдвигала требования оседания казахского 
населения и стояла за развитие татарских новометодных школ.
Другая группировалась вокруг газеты “Казах”, начавшей выходить в 1913 
г. (Букейханов, Байтурсынов, Дулатов, и др.). Эта часть требовала развития 
казахского языка, считая что “блок с татарами” приведет к ассимиляцию. Эта 
группа была и против оседания, пологая, что резкое изменение казахского 
хозяйственного быта отразится крайне вредно и болезненно на казахском 
хозяйстве” – деп жазды. Патшалық Ресейдің отарлық саясатына қарсы ашық 
түрде ұлт-азаттық саяси күреске шығуды қолдаған, халқының азаттығы мен 
бостандығы жолында белсенді де батыл күрес жүргізген қазақ зиялы-
ларының басым бӛлігі “Қазақ” (1913-1918) газетінің маңына топтасты. 
Бұл зиялылар тобының мақсаттары “Қазақ” газетінің 4 санындағы бас 
мақалада айқын жазылған: “Істің мәні жалғыз-ақ тамақ асырап күн кӛруде 
қалмас, ӛз бетімен күн кӛре алмаса, ӛзге жұрттың есігінде жүріп, 
малайлықты тамақ асырап, қазақ тіршілігін ӛтер ғой… ӛз алдына дербес ұлт 
болып, Еділден Ертіске, Оралдан Ауғанға шейін тұтас тұрған халық едік. 
Арамызға әр жұрт кіріскенде солармен қатар атымыз жоғалмай қазақ ұлты 
болып тұра аламыз ба? Осы біздің тӛсекте дӛңбекшітіп ұйқымызды бӛлетін 
нәрсе”… 
Саяси тартыстарда кӛбіне “Қазақ” жағының туралықта болғандығы 
“Қазақ”, Ахмет жайлы заманның ушығып тұрған кезінде шыққан 
зерттеулерде сипай айтылып кетеді.Сәбит Мұқановтың1932 жылы шыққан 
кітабында “Қазақ” “Айқап” шала пісірген нәрселерді дұрыс пісірді, кӛмескі 
пікірлерді айқындады, сонымен қатар, “Қазақпен” қазақтың тілі туды, таза 
қазақ тілінде шыққан баспасӛз “Қазақ” газеті ғана болды... кӛпшіліктің пікір 
кӛші “Айқаптан” “Қазаққа” ауды”
9
, – деуі қиын кезеңде ащы шындықты 
айтуы болатын.
“Айқап” пен “Қазақ” топтарының арасындағы айтыстың басталуын 
кӛрсететін “Қазақ” газетінде мынадай бір дерек бар. М.Дулатов 1914 жылғы 
(N56) “Айқап туралы” деген мақаласында: “Қазақ” та, “Айқап” та ӛз бетімен 
келе жатқан кезде сәтсіз күні басталған бас қосу мәселесі шыға келді”, - деп 
9
Мұқанұлы С. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті.-Қызылорда, 1932. 52-бет.


25 
кӛрсетеді. Екі басылымның кейінгі кӛптеген айтыс-тартыстарына соқпақ 
салған бұл бас қосу арнайы сӛз етуді қажетсінеді. 1913 жылы қазақ 
зиялыларының “Айқап” тӛңірегіндегілері кӛптен жиналған қазақ ӛміріне 
қатысты түйткіл мәселелерді шешіп алу үшін “бас қосу” (съезд) ӛткізу 
туралы ұсыныс жасайды.
Бұл қазақ зиялыларының бас біріктіруіне жасалған алғашқы қадам еді. 
Бірақ аяқсыз қалып, нәтижесіз бітті. Кінәліні заманадан іздеуіміз қажет. 
Мұндай пікірді “Айқаптың” редакторы М.Сералин 1913 жылғы 4-5 
сандарында алғашқылардың бірі болып кӛтерген еді. Онан соң, 10-санында 
Райымжан 
Марсеков, 
16-санында 
Барлыбек 
Сырттанов,
13-санында Жүбекен Тілеубердиновтер кӛтеріп алып кетті. Бұл мәселеде 
съезд ӛткізудің қажеттігін дәлелдеген пікірлерімен кӛзге түскендердің бірі – 
заң қызметкері, жоғары білімді заңгер Жанша Сейдалин еді.
Бірақ реакция жылдарындағы мұндай әрекеттерге “Қазақ” ӛте сақтықпен 
қарады. Ӛйткені 1910 жыл министр Столыпиннің “бұратаналардың” барлық 
мәдени-ағарту қоғамдарына тиым салатын нұсқауы таратылған болатын. 
Ендеше, ашық түрде съезд шақыруға үндеу басқа әрекеттерге кері әсерін 
тигізуі мүмкін еді. “Қазақ” редакциясы тӛңірегіндегілер съезд турасындағы 
ой-пікірлерін А.Байтұрсыновтың “Бас қосу турасында” атты мақаласы (1913 
N18) арқылы білдірді. Бұл мақаласында Ахмет Байтұрсынов бас қосуға 
келісуге болмайтынын ашық айтып, бірнеше дәлелдер арқылы 
сақтандырады. Онда: “...хүкіметтің сенбестік кӛңілін байқап тұрып, “бас 
қосалық деп едік” деп, әуелі рұқсат сұрап алуымыз қиын. Екінші, тыныш 
отырып, тыңғылықты жұмыс істеп, аман елге қайтуы екіталай. ...ӛзі үркіп 
тұрған жұртты үркітуге ықтималы бар кезде бас қостырамыз деп, әлдеқалай 
бола қалса, онан соң ондай жұмыстан бездіріп алып жүрмейік. Нақ осы кез 
бас қосу қанша керек болғанымен, бас қосуға қолайлы кез емес”, – деп, 
басқосуға әкімшіліктің рұқсат берместігін, сонау “Қарқаралы істеріндегідей” 
қудалауға себеп іздеп отырған жандармерияның съезд мәселесін ӛңін 
айналдырып, басқа жаққа бұрып кетуі мүмкін екендігін ескертеді. Сондықтан 
да ол күрестің жасырын жолын, құпиялы түрін іске асыруға шақырады. 
“…Бас қосуға бұл күнде қолайсыз шақ, оны басқа кезге қарата тұру керек. 
Қазақтың керегін ӛзге жолмен сӛйлей тұралық, бұрынғыдай емес, қазақта 
қазірінде бір журнал, бір газет бар, сыйғанынша солар арқылы кеңеселік, 
сыймағанын хатпен сӛйлесуге болады. Съезде сӛйлесіп, кеңескенмен, түбі 
барып істеушілерге тіреледі. Ісімізді іздеу іздеушілер, жоғымызды істеушілер 
кӛбейсе, ойлаған пікір, кӛздеген мақсат жан бітіп тірелмекші”. 
Бұл уақытта біраз саяси күрескерлік тәжірибе жинақталып, патша 
әкімдерінің айла-әдісін аңдап, түрмесін танып қалған Ахаңа олардың әрбір 
басқан қадамы аян еді. Ахаң күдігі расқа айналды. Мәселен, съезге дайындық 
ісін 
бақылауға 
алған 
Орынбор 
жандармериясының 
құжаттары 


26 
ұйымдастырушылар мен жетекші қазақ зиялыларының басына қара бұлт 
үйіріле бастағанын айқындайды. 
Орынбор жандармериясының бастығы генерал-майор Бабичтің 1913 ж. 2 
июльдегі бір мәлімдемесінде осы съезд жайында алғаш деректер кездеседі. 
Олар ӛзінің Урал уезіндегі кӛмекшісіне құпия мәлімдеме жолдағанда: “По 
имеющимся во вверенному мне управлении сведениям, среди киргиз всех 
областей которые они заселяют, идет пропаганда общекиргизского съезда. 
Инициатором этого съезда является проживающий в г.Троицке присяженный 
Джанша Сейдалин. ...Из принимающих участие в съезде: некто Раймжан 
Марсеков и юрист Бахытжан Каратаев, проживающий в Уральской области. 
Эти два лица послали приглашение Барлыбеку Сырттанову, другие лица 
неизвестны. …Сообщая об изложенном, предлагаю проверить эти сведения, а 
также выяснить Джанша Сейдалина и др. лиц, от последующем мне до-
нести”
10
, – деп нұсқау берген еді. 
Жоғарыда Ахмет мақаласына байланысты “Айқап” журналының 1913 
жылғы 13-14-15 сандарында Жанша Сейдалиннің хаты жарияланады. Онда 
ол Ахмет және “Қазақ” тобының съезд шақыруға қарсылығы қара бастың 
қамын ойлау деп бағалап, “Съезд бола қалса бетегеден биік, жусаннан аласа 
болады, патшаның жұртқа әйгілі 1906 жылғы 4 наурыздағы указы бойынша 
жұмыс жүргізеді. Осы указ бойынша съезд шақырып, ӛздерінің мектеп, клуб, 
пансион, түрлі серіктік ашу, жерге орналасу, қала бӛлу сияқты істерін жүзеге 
асырып жатқан елдер бар”, – деп қалай да съезді ӛткізу керек екендігін 
айтты.
Осыған жауап хатында А.Байтұрсынов: “Съезд турасында айрым сӛз қыр 
баласы Бӛкейханов һәм менен шығып тұрған кӛрінеді. Басқалардың бәрі 
жануға түскен пышақтай желеңдеп тұрған кӛрінеді. …шеттеп жүрген біз 
болсақ, қосылдық, енді алалық жоқ. Жалғыз-ақ айтатын сӛз мынау: құр аты 
съезд болмай, сиез сияқты болсын; қазақ съез жасады деген соң, съезде 
сӛйлескен сӛзімізге хүкімет құлағын сала ма, салмай ма (ол былай тұрсын), 
қазақ съезінде не сӛйленді екен деп хүкіметтен басқалардың құлақ салатыны 
болар. Съезде де балгер сӛзі сияқты дәлелсіз құр мынау былай, анау алай 
десек, мұның дәлелі қандай демей ме? Сондықтан …съезге алып келіп 
салатын дәлелді докладтары даяр деп ұғамыз”, – деп ӛздерін ортақ істен шет 
ұстамайтындарын ескертті (“Қазақ”, 1913, N30). 
Съезд туралы айтыс кейін “Қазақ” газетінің бетінде ӛрістеді. Бұған Жанша 
Сейдалиннің “Қазақтың” 24-34 сандарында осы съезд жайлы мәселе 
кӛтеруіне байланысты еді. Жанша хаты басыларда алғысӛз жазған Ахмет 
олар жарияланып біткен соң, “Бір қазақтың баласы” атты лақап есіммен 
мақала жазып жауап қайтарады. “Бас қосу турасынан” (“Қазақ”, 1913, N42) 
атты бұл мақалада ол Жаншаның сегіз түрлі қателігіне ой жіберіп, әр 
10
Мартыненко Алаш -Орда (Сб.документов).- Кызыл- Орда, 1929, документ №1.-С.7.


27 
қайсысының себебін ашып, орнықты жауап береді. Осының бесінші 
жауабында былай делінген: “Қазақ” газетасы мен “Айқап” журналын 
Жақанша мырза "шалажансар" деп екі мезгіл айтыпты… Жақанша ӛзі сол 
газета мен журналға жазып тұрады және ол екеуін қорлап сӛз айтады. 
Жақанша мырзаға ол екеуі жақпаса, неге жазады. Жақсы газет, жақсы журнал 
неге ашпайды”. Ахаң газетті қорғап, жеке адамдардың пікірі үшін жалпы 
газетті ғайбаттауға болмайтынын ескертеді. Осы мақаласында ол, әсіресе, 
Ә.Бӛкейхановтың күрескерлік еңбегін жоғары бағалайды. Ж.Сейдалиннің 
пікірлері әркелкілік танытып отырған Әлихан мен Бақытжан Қаратаев екеуін 
съезге шақырып, қайсы дұрыс, қайсы бұрыс екенін тергемекші болуы қазақ 
зиялыларының жігін ажыратпаса, біріктірмейтіндігіне назар аударады. Және 
де ол Әлиханды негізсіз кінәлауды бекершілдік деп есептейді. Сӛйтіп, халық 
үшін күресте жүрген азамат туралы ойын былай бекітеді: “1904 жылдардан 
бұрын қазақ арасында сӛздер басталмай тұрған уақытта Жақанша мырза әлі 
һеш нәрсе кӛрмей, һәм білмей жүрген уақытта Ғалихан сол замандарда не 
сӛйлеп, не істеп жүргенін білесіздер ме? 1905-1906 жылдарда Ғалихан
Жақып Ақбаев һәм ӛзгелер қазаққа бола бейнет тартып жүргенде, онан кейін 
ӛзге жерге дәмі аударылғанда Жақанша мырза неғып һәм қайда жүргені бізге 
белгілі, енді бүгін келіп “арбаны тегіс тартайық”, күш қосып тартайық” (N28 
нӛмір) дейді. Ол қандай арба, кім арбаның қасында жүрген, кім арбаның 
бесінші дӛңгелегі болып жүрген, кім тӛрт дӛңгелектің арасына таяқ салып 
жүрген – бәрін білеміз”.
Ахметтің бұл пікірі осынау қазақ ӛміріне ӛзгеше бір саяси күрес лебін 
әкеліп, жарық жолға бастаған үш тұлғаның ажырамас бірлігінің белгісіндей, 
бұл бірліктің беріктігі туралы кейінгі зерттеушілер де айрықша назар 
аударған еді. Мәселен Ғаббас Тоғжанов ӛзінің әйгілі Ахаңды қаралайтын 
еңбегінде бұл бірлікті қайта-қайта еске алып отырып мынандай қорытынды 
жасайды: “Бӛкейханов, Байтұрсынов және Дулатов – үштігі революцияға 
дейін де, кейін де қашан да бірге болды. Не саясат жӛнінен, не ұйымдық 
мәселе жӛнінен ешқашан бӛ-лінген емес, қашанда бір жүріп, бір кӛзқарас 
ұстанды”
11

Съезд туралы таластың қорытындысын ӛмірдің ӛзі шығарды. Ол уақыты 
келмеген, пісуі жетпеген шала дайындық екендігін мезгіл кӛрсетті. “Қазақ” 
тобының уақыт тынысын дәл аңғарған саясатшылар екендігін бұл талас 
нәтижесі тағы бір танытқандай. Бұны осы съезд мәселесін алғаш 
кӛтергендердің бірі Райымжан Мәрсеков те мойындаған еді: “Айқап” “бас 
қосу” деп сӛз бастады. Оған қарсы “Қазақ” ӛз ойын айтты, пайдалы емес 
демеді. Әлі мезгіл емес қой, сӛзімізді жиылыс қылмай, басқаша сӛйлесек 
қайтеді деп сақтық жасады. …Білген кісіге сӛз аяқталған секілді. Ахмет 
11
Тогжанов Г. О Байтурсынове и байтурсыновщение.- Алма -Ата – Москва, 1932.-С.19.


28 
мырза: “Бас қосудың ашылатын рұқсаты болса біз дайын дейді, одан артық 
не керек” (“Қазақ”, 1914, N45). 
Ахметтің алғашқы қамдану сәтінде айтқан: “Ӛзгелер бас қосуымызға 
сенімсіз кӛзбен қарайтын болса, оларға кӛмекші ӛзімізден де табылып қалар. 
Адал кәсіппен күн кӛре алмайтын, я арам жемесе басы ауыратын иттер қай 
жерде де болса табылады. Айтпағанды айтты деп, етпегенді етті деп 
оттайтын хайуандар, әсіресе, біздің қазақта кӛп. …1907 жылғы Надиров 
жиған кеңесте де, онан соң Қарқаралы істерінде иттік қылған қазақтар 
болмады ма?” деген сезігі расқа айналды. 
Бұған дәлел – Жетісу облысының Верный қалалық іздестіру пунктінің 
меңгерушісі ротмистр Астраханцев дегеннің Орынбор губерниясының 
жардарм басқармасына түсірген ақпары (донесениесі). Ротмистр съезде 
мынандай үш мәселенің қаралатынын айтады: 1) земельный (отчуждение 
киргизских земел от переселенцев); 2) о назначении депутатов от киргиз 
Государственную Думу; 3) об утверждении муфтиатов в областях, где 
население чувствует потребность в муфтиях”
12

Сонымен қатар, бұл съезді ұйымдастырушылардың, дайындық 
жүргізушілердің әрқайсысы туралы жеке ақпар жиналып, олардың әрбір 
қадамын аңдып, әрқайсысы туралы бірнеше донесение берілді. Түркістан 
және Жоғарғы Орал уездері бойынша Орынбор губерниялық жандарм 
басқармасы бастығының кӛмекшісі ротмистр Кучиннің съезге дайындық 
туралы ақпарында бұл туралы анық айтылған. Онда генерал Бабич жіберген 
тізім бойынша ұйымдастырушылар деп шамалаған адамдар туралы 
мәліметтер де бар. 
“…из 
числа 
упомянутых 
в 
списке 
лиц 
мне 
известны:
1) (По списку N2) врач Тройцкой горбольницы Аубакир Бирмуха-медов 
Алдияров, по агентурным сведениям сочувствующий съезду и вероятно, 
тайно принимающий участие в разработке вопроса по киргизскому съезду из-
за национальных принципов. 2) (По списку N6) – киргиз Тургайской области 
и уезда Мир-Якуб Дулатов. Упомянутый в предписаниях вашей от 8 апреля 
1912 г. N1275 и 7 октября того же года за N1831 “б” о донесении моем от 28 
марта 1912 г. за N286. 3) (N14 список) – киргиз Тургайской Кустанайского 
уезда Чубарской волости Мухамеджан Сералин упомянут в донесении от 4 
июня 1912 г. за N429. 4) (N15 список) – присяженный поверенный при 
Троицком окружном суде Джанша Аль-Мухамед Султан Сейдалин 
проживает в Троицке, о нем донесено мною 7 августа 1913 г. за N445. 
Остальные лица, упомянутые в списке, выяснить не представлялось 
возможности, в виду не проживания их в г.Троицке. дальнейший розыск 
производится”. 
12
Мартыненко Н. «Алаш- Орда» (Сб. документов). –Кызыл –Орда, 19296 документ №2.-С.8.


29 
Осынау құжаттардан қазақ съезінің орыс әкімшілігін қаншалықты 
“қызықтырғанын” байқаймыз. Ӛйткені 1905-1907 жылдан кейін қазақ 
даласында әрбір қимыл-әрекетте аш-кӛздене түскен жандармерия мен 
полиция ісі қазақ даласында ӛз жұмысын күшейте түсті. “…в Казахстане 
накануне и в годы революции была создана широкая сеть политического 
надзора для ведения и следствия по политическим “преступлениям”. 
…Полиция широко практиковала негласный полицейский надзор не только 
над отдельными политическими лицами, но и над всем казахским народом. 
…для подготовки массовой репрессии на случай открытого выступления 
против царизма…”
13
.
Қазақ зиялыларының екі тобы кӛптеген мәселелерде ӛзіндік кӛзқарас 
ұстанғанын, сол арқылы ӛздерінің күрес жолдарын айқын танытатынын 
байқаймыз. Ол осы жалпықазақ съезіне шақыру кезінде айқынырақ кӛрінеді. 
Ескере кетер бір жайт съезд шақыру-шақырмау мәселесі қазақ зиялыларын 
ажыратарлық сипат алғаны ӛкінішті-ақ. Ахмет Байтұрсынов, Әлихан 
Бӛкейханов айтқандарының кӛбі сол кезең үшін дұрыс дей тұрғанмен, белгілі 
іс-әрекет жасау, ақылдасу мәселелерін газет-журнал арқылы ғана жүргізейік, 
пісіп-жетілгенін тосайық дегенінде ӛз басынан ӛткен қиындықты ескерту 
жағы басымдау жатқанын аңғармасқа да болмайды. Ӛйткені осы бір 
ақылдасу жайын “Қазақ” газетінің 1913 жылғы 12 сәуіріндегі санында N10 
“Қазақ жайы” атты бас мақалада алғаш қозғаған А.Байтұрсынов болатын. 
Онда ӛкіметтің құр сұраудан ештеңе ӛнбейді дей келе, “ӛнбейтін істі қойып, 
ӛзге жолын қарастырып, ақылдасуымыз тиіс емес пе?” – деп жазған-ды. 
Кейін пікір ӛзгертуінің себебі - “Айқап” тӛңірегіндегілердің еш дайындықсыз 
дуылдатып алып кетуі болса керек. Қалай дегенде де қазақ зиялылары съезд 
шақыру мәселесінде ауызбірлік таныта алмады. 
Жоғарыда 
қазақ 
даласында 
1905 
жылғы 
орыс-буржуазиялық 
революциясынан кейін еріксіз жарияланған патша манифесінің негізінде 
берілген кейбір жеңілдіктерге орай қазақ зиялылары азатшылдық саяси 
күреске белсенді түрде кірісіп, отаршылық бұғауын күш біріктіріп үзуге 
ұмтылғанын, ұлт-азаттық күрестің саяси күрес әдісін қалап алғанын, бірақ 
шыққан тек, ӛскен орта, тәрбие-тәлімнің, білім деңгейінің әркелкілігінен ХХ 
ғасыр басындағы қазақ ұлтының алдында тұрған үш басты мәселеге (оқу-
ағарту, саяси күрес, жер) байланысты қазақ зиялылары арасында кӛзқарас 
алшақтықтары пайда болып, екіге жарылғанын атап ӛттік. 
Қaзақстанның қоғамдық-саяси ӛмірінде болып жатқан мұндай ірі-ірі 
оқиғалар мен саяси ӛзгерістер әдебиетімізде де кӛрініс таппай қала алмады. 
Қазақ зиялыларының “батысшылдар” мен “түрікшілдер” деп екі топқа 
жіктелуі ӛз кезегінде әдебиетіміздің де екіге жарылып, екі айрық жолыға 
түсуіне итермеледі. Сӛйтіп, 1905 жылдан кейін қазақ әдебиетінде идеялық 
13
Сапатғалиева Г. Карательная политика царизма в Казахстане(1905-1907).-Алма-Ата,1966.-С.27-30.


30 
тұрғыдан ұлт-азатшыл, М.Әуезовше айтқанда “елшілдік” (А.Байтұрсынов, 
М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б.), ағартушы-демократтық (М.Сералин, 
С.Дӛнентаев, С.Торайғыров т.б.), бағыттар белең алды. Бұрыннан 
әдебиетімізде бар діни-ағартушылық бағытты (М.Ж.Кӛпеев, М.Қалтаев, 
Ш.Жәңгіров) қосқанда осы кезеңдегі әдебиетімізде үш бағыт ӛркен жайды. 
Міне сондықтанда қашанда, қандай уақытта болмасын әдебиеттің дамуын, 
ондағы 
сан 
алуан 
процестерді 
қоғамдық-саяси, 
тарих-әлеуметтік 
жағдайлардан тыс қарай алмаймыз. 
Оның үстіне, сӛз етіп отырған тарихи кезеңде қазақ санаткерлері 
ағартушылық қызметтерімен бірге кӛркем әдебиетті де мейлінше қатар алып 
жүруге тырысқаны бесенеден белгілі. Олардың сан-салалы істердің басын 
біріктіріп, бірдей атқарып жүруі ерекше дарындылығымен қатар, замана 
ыңғайына бейімделе білгенін де танытады. 
Ендеше, ХХ ғасырдың басындағы зиялыларымыздың қоғамдық-саяси 
пікірлері әдебиетімізде пайда болған әртүрлі бағыттарда кӛрініс табу 
негізінде олардың шығармаларының тақырып, идеясына белгілі дәрежеде 
әсер еткені айқын. Олардың жеке шығармаларынан кӛрініс тапқан идеялық-
кӛркемдік ізденістер – белгілі бір әдеби бағыттарды қалыптастырғаны 
шындық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет