Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет4/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133
 
 



1-тарау
ХХ ҒАСЫР БАС КЕЗІНДЕГІ ТАРИХИ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ 
ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ 
 
1. Қазақ зиялылары ҧлт қамы жолында 
 
ХХ ғасырдың басы – қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-
пікірдің ӛрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы әдейі тұмшалаған ой-
сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше ұлттық сананың ең ӛнімді 
саласы – әдебиеттің, қоғамдық сананың кӛрсеткіші баспасӛздің бұл кезеңде 
күрт алға басуы – табиғи заңдылық. Бұл тұста Абайдың нақты жалғасы 
іспетті Шәкәрім мен дүниеге Абайдан кейін келсе де, еңбегі ерте жарық 
кӛрген Мәшһүр Жүсіп шығармашылығы ӛзінің кемел шағына жетіп, шырқау 
биігіне кӛтерілсе, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Бернияз т.б. 
тәрізді алыптар әдебиет айдынында бой кӛрсетіп, биік кӛркемдік сипаттағы 
дүниелерін жариялай бастады. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ағартушылары мен ақын-
жазушылары аңсаған ілім-білімді үйренуге үндеу – ХХ ғасырдың бас кезінде 
біршама нәтижесін беріп, алдыңғы қатардағы қазақ азаматтарын елді ояту, 
азаттыққа қол жеткізу мақсатына жетеледі. Оқыған зиялылар арасынан ел 
бағытын айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып 
шығуға ұмтылған жаңа тұлғалар шоғыры таныла бастады. Сол кӛш 
бастаушылардың алдыңғы қатарында қазақ ақын-жазушылары да болғаны 
талассыз шындық. 
Патшалық Ресейдің отарлық езгісінде қиын да күрделі ӛмір сүрген қазақ 
халқының әлеуметтік тұрмысы ХХ ғасыр басында тіптен қиындап кетті. 
Ұланғайыр ӛлкені сүлікше сорған Ресей билеушілері обыр құлқынның қамы 
үшін тізгінді неғұрлым қыса ұстап, тежеп отыруды оңтайлы кӛріп, саяси-
әкімшілік қысымды күшейте түсті. Бірақ қашанда әрбір нәрсенің екі жағы 
болатыны секілді ӛмір ӛз заңдылығымен алға дамып, Россияға бодан 
болудың да екі жақты әсері болды. Оны ешқашан жоққа шығара алмаймыз. 
Бірі зорлық-зомбылық, езіп-қанау болса, екінші жағы Қазақстанға кӛз 
алартушылар сиреді, мардымсыз болса да ӛндіріс орындары ашылды, қазақ 
жұртына батыстық ілімнің жарығы шашырап, ағарту ісі жандана бастады. 
Тарихи дамудың сол бір кезеңінде бұған негізде бар болатын. Себебі замана 
ағысын аңдаған, жеткілікті дәрежеде білімі бар азаматтар ел арасында кӛптеп 
кездесетін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет