182
керек. Шәкірттік кезіндегі ӛзіне ұстаз тұтқан екінші бір адам – Нұрғали
молда. Ол мұсылмандық оқудың жаңаша жолын ұстанған, “усули жадид”
үлгісімен
оқытатын, жаңашыл ұстаз екен. Сұлтанмахмұтқа әдебиеттің мәні
мен мағынасын, әлемдік ғылымның жағдайын, заман жайын терең
ұғындырған осы Нұрғали молда болады. Ұстазы шәкіртінің талантын танып,
дарынын байқап оқуын әрі қарай жалғастыруға кеңес береді. Сӛйтіп болашақ
ақын арман жетелеп, Троицк қаласына жол тартады. Ж.Аймауытовтың
айтуынша, бұл 1912-жылдың 9-сентябрі. Ӛзінің Троицкіге келгеннен кейінгі
жағдайы туралы ақын: “Мен Троицкіге 25
ноябрьде келіп, басқа медреседе
оқу ертерек басталғандықтан, жаңарақ тәртіпке салынып ашылған ахун
Рахманкулиннің медресесіне кірдім”, – деп жазады “Айқап” журналында
(1912, N14).
Бірақ Сұлтанмахмұт ӛкпе ауруына шалдығуына байланысты оқуын
жалғастыра алмайды. 1913 жылы кӛзі ауырып,
дәрігерлер оқуға, жазуға
рұқсат етпейді. Бұл аурудан оны қазақтан шыққан білгір дәрігер Әбубәкір
Бірмұхамедұлы Алдияров жазады. Сонан соң Троицкі маңындағы ауылдарда
бала оқытып, 1913 жылдың күзінде қайта оралады. Сол тұста “Айқап”
журналының хатшысы Әкірам Ғалымов қайтыс болып, соның орнына 1913-
1914 жылдың қыс айларында журналға жауапты хатшы болады. Бұл –
С.Торайғыровтың творчестволық белсенділігінің артқан тұсы. Ол ӛлең ғана
шығарып қоймай, қоғамдық-саяси ӛмірге, әдеби процеске кеңінен араласа
бастайды. Журнал бетінде ӛлеңдерімен бірге әдеби-сыни мақалалары да
жарияланып, ӛзіндік бет-бағдары айқындалып, ақындық,
азаматтық тұлғасы
қалыптаса бастайды.
1914 жылдың басында журнал басшылығымен келісе алмай,
хатшылықтан шығады. Турашыл да бір беткей жас ақын ӛзі ұстанған
бағыттан айнымайтын, бір сӛзді жан екенін осылай білдірсе керек.
1914 жылдың жаз айында Сұлтанмахмұт туған еліне келіп, ағартушылық
шараларға бағытталған “Шоң” серіктігін ашады. Ақынның бұл ойы
жергілікті байлар мен беделді кісілерден қолдау таппайды.
1914 жылдың күзінде Семейге орысша оқуға барады, бірақ денсаулығына
байланысты түсе алмай, Қотанқарағай жақтың қазағы,
болыс Әбдікәрім
Ережепұлымен танысып, бала оқытып, қаражат таппақ болып соның еліне
кетеді. А.Еспенбетовтің деректері бойынша, ол осы жерде Михайл
Григорьевич Комаров деген орыс тілінің мұғалімімен достасып,
орысша
білімін кӛтереді. Қотанқарағайдан кетуіне Әбдікәрімнің Бағила деген қызына
ғашық болуы себеп болса керек. Қыз әкесі ата салтын бұзбай, атастырған
жеріне ұзатып жібереді. Сӛйтіп 1915-1916 жылдары Тарбағатайдағы
Терісарық болысындағы Құрбан қажының ауылында бала оқытады. Осы
кезде “Кім жазықты?” атты ӛлеңмен жазылған романы дүниеге келеді.
“Қазақ” газетінде Құрбан қажыдан естіген бірнеше әңгімелерін жариялайды.
183
1916 жылдың аласапыранында Тарбағатайдан кеткен Сұлтанмахмұт
Семейге келіп, онда байыз таба алмаған соң, Томскіге сапар шегеді. Сол
қалада Әлімхан Ермековтер ашқан дайындық курсына түсіп, жарты жылдай
орысша білім алады. Қиыншылықта ӛмір сүреді. “Жұмасына екі рет “обед”
етем (ет татамын) құр шай мен нан. Киім алғаным жоқ. “Киноматограф”,
вечерлерге бір мәрте барғаным жоқ. Күндіз-түні
айналдырғаным ала
қағаздың беті” – деп жазатыны осы тұс.
Ақпан тӛңкерісін Томскіде қарсы алған Сұлтанмахмұт 1917 жылдың 10
мартында Семейге келеді. Онда Семейде ұйымдасқан, қазақтың үлкен бір
азаматы Пайымжан Марсеков басқаратын қазақ комитетінің хатшысы
болады. “Абай” журналының ісіне араласады. Қай бір нәрсе болса да ӛзіндік
пікір, айқын кӛзқарас, белгілі бағыт ұстанған Сұлтанмахмұт комитет
басшыларымен келісе алмай, қызметтен шығып еліне қайтады. Кӛп ұзамай
қайта оралып, Семейде шығып тұрған “Сарыарқа” газетіне мақала, ӛлеңдерін
жариялап, қоғамдық ӛмірге қайта араласады.
1918 жылдың наурызында еліне оралады.
Арманы биік ақынды дерт
меңдете береді. 1918-1919 жылдары ақын “Адасқан ӛмір”, “Кедей”
поэмаларын жазуға күш салады. 1919 жылы Керекудегі революциялық
комитеттің жұмысына араласады. Бірақ жабысқан дерт ақыры біржола
меңдеп, денсаулығы нашарлай береді. 1920 жылдың 21 мамырында ұзақ
созылған ауру “Қараңғы қазақ кӛгіне күн” болуды мақсат тұтқан ұлы
ақынның арман отын сӛндіріп, ажал құшағына береді. Небәрі 27 жас ӛмір
сүріп, дүниеден озған ақынның соңғы сӛзі “Тым болмаса екі жыл тұра
алмадым, іштегіні түгел жарыққа шығара алмай кетіп барамын” болған екен.
Достарыңызбен бөлісу: