197
Сӛйтіп ақын ұлтының ар-ұжданына айналар ақындық бағытты тауып,
“Қазақ үшін шам қылған жүрек майын” Ахмет, Әлихан сынды
кӛшбасшылардың соңынан еріп, солар салған ақ жолды дұрыс деп біліп,
білекке-білек, тілекке-тілек қосады.
Әрине, замана ӛзгеріп, дүниенің астан-кестеңі шығып жатқан тұста ақын
кӛңіл-күйінің үнемі бір қалыпта қалуы мүмкін емес. Талай заңғарды
адастырып, ойын онға, санасын санға бӛлген уақыт үрдісі жүрегі
сезімтал,
кӛңілі күдікшіл ақынды сарсаңға саяғаны белгілі.
Ақынның сол аумалы-тӛкпелі заман тұсындағы кӛңіл-күйін білдіретін
ӛлеңнің бірі – “Жас жүрек”.
Жас жүрек қайда сенің ыстық қаның,
Тап мұндай мұздауыңның айтшы мәнін, –
деп, ақынның ӛз жүрегіне сұрақ қоюынан басталатын ӛлең,
“Бұ күнде адасудан кӛз ашпадым,
Не нәрсені кӛздесем тап баспадым,
Дүниеден басқа рақат тілемеймін,
Кеш, арым, мен білместің адасқанын!” –
деген “жүректің” ӛксікті ӛкініш жауабымен аяқталады. Кӛп зерттеушілер бұл
ӛлеңді ақынның “Алашордашыларға” еріп алданғанын мойындауы деп
біледі. Біздіңше ӛлең мағынасы бұған мүлде келмейді. Мұны ең алдымен
сезімшіл ақынның кӛңіл мұңы, соны жырлау арқылы жан-дүниесіндегі екі
ұдай ойдан құтылуды кӛздеген ақынның бір сәттік сілкінісі деп бағалауымыз
керек. Ақын ӛзі “Ӛткірсің наркескеннің алмасындай”
деп бағалаған
Ахметтердің жолынан шошынбайды, “Тәтті үміттің қиялы сәуле берген”
бостандық нұрына қол жетпей қалуына ӛкінеді. Азаттық, бостандық үшін
күресте “бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарар” бірліктің, бар күш-
жігерді біріктірер басшылықтың, тіпті қала берді азаттық үшін жанын қияр
қайсарлықтың барлық жанның бойынан бірдей табыла бермегеніне күйінеді
ақын. Аңсаған азаттықтың “тәтті қиял” күйінеді қалуына ақын ӛзінде кінәлі
санайды. Сол үшін ол адамдық арынан кешірім сұрайды.
Осыдан кейін, үміті ақталмаған ақын ӛзіне “Неге жасаймын?” деген сұрақ
қояды. Мұндағы түйінделген ой – ақынның енді ӛмір сүру керек пе, жоқ па
деген тура сұраққа жауап іздеуі. Ақын ӛзі де, жұрты да аңсаған “бостандық
туы жарқырап”, жақсы күннің келеріне деген сенімі азайғанын кӛреміз.
Сусыз, шетсіз шӛлдерден,
198
Тұманды, түпсіз кӛлдерден,
Адамдық кӛші ӛткенше!..
…Іштен ӛсіп адамдық,
Сырттан түлеп жамандық,
Тазарып әбден кеткенше:
Талай шаштар ағарар,
Талай тәнді жер алар,
Талай буын қуарар,
Талай ӛмір суалар.
Жасамаймын: “Еңбектің,
Жемісін кӛзбен кӛрем” деп,
Жасаймын: “Бір қолғабыс
Кейінгіге берем” деп.
Иә, ақын ӛз ұлтының азаттыққа жетер күнінің алыс екенін сезінеді. Оның
талай ұрпақтың толассыз күресінің, ұлт қамын жеген ұлылардың азапты
ӛмірінің нәтижесінде келерін жанымен түйсінген ақын, аз ғана ӛмірінде
соның сәл де болса жақындауына “қолғабыс” тигізуді мақсат тұтады. Бұл –
халқының азаттығын аңсаған ақынның
азаматтық позициясының
айқындығының кӛрінісі.
Ақын 1917 жылғы ақпан революциясын қолдап қуануын кейін
адасқандық деп санады, ал қазан революциясын бостандық таңы деп
бағалады деуіміз кейінгі коммунистік идеологияның санамызға сіңірген кӛп
қисындарынан туындаған жасанды долбар.
Бұған бір ғана дәлел келтірейік. Ақын ақпан революциясын жаңбырға
теңеп, “Сарыарқаның жаңбыры” деп ӛлең жазса, қазан революциясынан
кейінгі уақытты “Дауылдағы әбігер” деп атайды. “Жаңбыр” – құт-береке, жер
нәрі, жаңғыру, жаңару, ӛсіпӛнудің символы. Ол табиғаттың ажарын ашып,
дүр сілкінуіне, жайнап, түлеуіне себепші. Табиғаттың
осынау құбылысына
балау арқылы ақын ақпан революциясы әкелген ұлы ӛзгерістің шапағатын
кӛрсетуге ұмтылған.
Бұл мысалдың мәнісін ұға алсаң сен,
Келген заман – бостандық жаңбырмен тең…
Жаңбырдан соң кӛгерген Сарыарқадай;
Бостандықтың күшімен кӛгерсін ел!
199
Ақынның айтар ойы анық, жасаған образы бейнелі, сенімі нық. Осы нық
сенімді бұзған не? Кӛңілге күдік ұялатқан қандай жағдай? Ол – әрине,
“Дауыл”! Қиратушы, талқандаушы дүлей күштің символы.
Желге ұшқан жүндей болып барлық елдер,
Адал, арам, ішінде кемеңгерлер,
Дауылдан бұрын ӛртеп елдің үйін,
Енді “тігем” деп жүрме арамтерлер?
Дауыл ештеңені талғап, талдап жатпай
жолындағының бәрін қиратып,
ұшырып, әкетті. Ол жүріп ӛткен жерде ӛмірдің қайта жандануы ұзақ мерзімді
талап етеді.
Оған дейін бірталай күндер ӛтер,
Талайдың қыршын жанын алып кетер.
Бір мезгіл ақын:
Дауылдың түбі қайда, айдаған кім?
Халық үшін жауға қылыш қайраған кім?
Қанды балақ қорқауды күшпен жеңіп,
Адамзаттың дұшпанын жайлаған кім? –
деген ӛткір сұрақтар қойып, оның жауабын таба алмайды. Сондықтан да
басқа арнаға ауытқып, “Шаруалы, мәдениетті ел гүлденер…” Демеңдер, “Бұл
сандырақ келмей кетер” деген қияли ойды қаужап, болашақтан үміт күтеді,
сабырға шақырады.
Сұлтанмахмұт ӛз поэзиясына негізгі ӛзек етіп халықтың бостандық
сүйгіш ұлы мұратын алды. Оның ақын ретінде қалыптасуына әсер еткен
жағдай ӛз кезеңіндегі халықтың әлеуметтік ӛмірі, ұлтының бостандық
жолындағы күресі болса, үйренген мектебі, алған тәлімі ұлы Абайдың озық
үлгідегі әдеби дәстүрі болды. Сұлтанмахмұт
шығармашылығы ұлтымыздың
санасын ояту мен ұлтжандылығын танытудағы ӛзгеше ӛріс.
Сұлтанмахмұттың ұлтжандыққа ұмтылдырып, бостандық сүйгіштікке
баулитын ерекше әсерлі ӛлең-жырларынан, коммунистік идеологияның
белсенділері қатты сескеніп, ұлы ақын мұрасының жанды, пәрменді
ықпалынан қауіптенді.
Ел үшін жан береміз,
Жау қайратын кӛреміз.
Сүйген жарым теңдікті
200
Кімге тегін береміз?
Біз де ұлттың ұлымыз.
Жолында құрбан құлымыз.
Осынау азатшылдыққа, күреске шақырған шұғылалы шындықты ойды
жазғаны үшін кезінде оны “буржуазияшыл ұлтшыл” деп ғайбаттап,
азаматтық тұлғасын тұқыртпақ та болдық. Бірақ Сұлтанмахмұт қашанда да
ақын ретінде де, ұлтжанды санаткер ретінде де ұлттық ой-сана
кӛшбасшысының бірі болып қала бермек.
Достарыңызбен бөлісу: