Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет59/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   133
Он бесінде Кебектің аты шықты
Атты жаяу бәріне бірдей мықты. 
Кӛзі ӛткір, қараторы жігіт екен, 
Орта бойлы, тапалдау кең иықты. 
 
Ел қамы үшін ӛлуге жанын салып, 
Соғыс десе тұрмайды қойса байлап, 
Жауға батыл, жақынға және әдепті, 
Кішіні іні, үлкенді ағатайлап. 
 
Еңліктің де кездеспестен кӛп бұрын Кебектің атына қанық болуы – “Ел 
мақтаған жігітті қыз жақтағанның” шындығы. 
Кебек батыр табиғатына тән аңғалдықтан ада жан емес. Ол кӛп істің 
артын болжай бермейді. Нысан абызға бал аштырған батырдың оның 
сәуелейлікпен айтқан тағдыр болжауына мән бермеуі, тіптен естен шығарып 
алуы осыны танытады. Кебек –Шәкәрім сомдауында терең ақыл, кемеңгер ой 
иесі емес, албырт та аңғал батыр. Тоқтамыстай ел ағасы батырдың соңынан 
еріп, “Жас бала болса да жаны отты” деген мақтау естіп, ӛз ортасынан артық 
шығып жүрген батырдың ӛз қызығы ӛзінде еді. Шәкәрімнің ӛз кейіпкерін 
осылай суреттеуінде ӛмір шындығынан алшақтық жоқ. 
Кебектің нағыз ер ретінде танылар тұсы Еңлікпен кездесуден басталады. 
Алдында кездесуге аса мән бермеген Кебек, Еңлік арудың жан-дүниесін 
терең түсінген соң, ӛзі сүйген “биік қабақ, ақ сұр” қыздың тағдырына араша 
түсуге бел буады. “Сен ӛлген жерде мен де ӛлемін” деген уәдені Кебектің 
бірден бермеуінде үлкен мән бар. Кебек – елдің ертеңіне ие боламын деп 
жүрген арманшыл азамат. Сондықтан да ел жайы, ондағы айтыс-тартыс, 
оның бұлардың тағдырына қатысы болашақты ойлаған жас батырды бей-жай 
қалдыра алмайды. Ғашықтықтың от сезіміне бірден жанып кетпей, ол 
Еңілікті ақылға, сабырлыққа шақырады. 
 
– Ей Еңлік! Айтқан сӛзің – сӛздің шыны, 
Сӛйтсе де бір сӛзім бар, тыңда мұны. 
Соғысқа сылтау таппай отырғанда 
Бүлдірмелік Матай мен Тобықтыны. 
 


169 
Кебектің Еңлік үшін ештеңеден тайынбай, қатал тағдырға мойын 
ұсынуына сүйгені Еңліктің жүрегін жарып шыққан, ақыл мен сезімнің 
тоғысынан туған бір ауыз сӛзі әсер етеді. 
Сен мені бүгін алып кет демеймін 
Осы екі елдің түбіне жет демеймін 
Шын ішің сүймей, сыртың сүйген болса, 
Әуре боп саған уағда ет демеймін. 
 
Осы бір ауыз сӛздің түйер түйіні – “Шын сүймесең сүйдім деп айтпа 
маған”. Ажарына ақылы сай арудың жүрек сыры жас батырды тебірентпей 
тұра алмайды. Ол Еңлік үшін ӛлімге болса да басын тігеді. Және осы серттен 
еш айныған емес. Еңлікпен елсіз тауда ӛмір сүруге бел бууы, Матайлар 
қоршаған сәтте аттан түсіп қалған Еңлікті тастай қашпай, соғыс салуы – ер 
жігітке тән мінез белгісі. Кейбір зерттеушілер осы Матайлар қоршаған 
сәттегі Кебекті Шәкәрім әлсіздеу кӛрсеткен, оның батырлығы кӛрінбейді 
деген пікір айтады. Шәкәрімнің Кебекті шыншылдықпен бейнелеуі де 
осында жатыр. Кебек Алпамыс, Қобланды емес, жаудың “бір шетінен кіріп, 
бір шетінен шығатын”. Ол – реалистік бейне. Шәкәрімнің “Кӛпке топырақ 
шашсын ба?” деген сӛзінде үлкен мән бар. Кебекте “ет пен сүйектен 
жаралған адам”. Кӛппен жалғыз алыса алмасы белгілі. Арпалысып, біразын 
жаралап, ақыры қолға түседі. “Ӛлсе бірге ӛлмекші” сертіне ол берік. Осының 
ӛзі батырлық емес, ғашықтық дастандағы Кебек бейнесін айқындай түседі. 
Ол – Еңлікке деген адал сезімнің құрбаны. Шәкәрімше айтқанда, “Не күшті, 
ойласаңыз, тағдыр күшті”. Қырын келген тағдырға шара бар ма?.. 
Шәкәрім Кебектің батырлығын сыртқы түр-тұлғасы, іс-әрекетінен емес, 
ішкі рухының күштілігі арқылы кӛрсетуге ұмтылған. Кебек – жанын арының 
жолында құрбандыққа шалар, “ерге бір-ақ ӛлім” қағидасын ұстанған жан. 
Сондықтан ол – ер жігітке тән бар қасиетті бойына жинақтаған 
романтикалық қаhарман, тұтас тұлға. 
Поэмадағы Еңлік – қазақ әдебиетіне соны жаңалық болып қосылған 
кӛркем бейне. Жалпы бұған дейін қазақ әдебиетінде Еңліктей ару бейнесі 
сомдалған 
емес. 
Бұрынғы 
батырлар 
жыры 
мен 
лиро-эпостық 
жырларымыздағы арулар батырдың ерге серік адал жары, ӛздерінің ажар-
кӛркімен, ақылдылығымен олардың сүйіспеншілігіне бӛленген жандар болса, 
жазба әдебиеттегі Гүлкәшима т.б. тағдырына мойынұсынған қыздар. Ал 
Еңлік – сұлулықты да, батылдықты да, күрескерлікте тал бойына жинақтаған 
тың бейне, соны образ. 
Поэмадағы сюжеттік байланыс, даму, шиеленіс, шешімнің бүкіл желісі 
осы Еңлік іс-әрекетіне тізгінделген. Әрбір істің бастауында Еңлік тұрады. 
Ақын Еңлікті ӛмір шындығынан алып, кӛркемдік шындыққа сай бейне етіп 


170 
сомдаған. Ол – ӛзгеден артылып жатқан, қиялдағы адам нанғысыз бейне 
емес, сұлулығы да, бітім-болмысы да, мінез-құлқы да реалистік шындыққа 
тән белгілермен кӛркемделген заманына сай тұлға. Шәкәрім Еңлікті алғаш 
Нысан абыз арқылы таныстырады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет