195
сарынын айқындай түседі. Ӛлең соңында ақын айтар ойын түйіндей келіп,
ащы шындықты жайып салады:
Ал енді, бізге келген заман қандай,
Заманға қарсы тұрар шамаң қандай?
Мұжықтың кӛк желке боп тепкісінде,
Талайсыз неден болдың, аһ, сормаңдай!
“Гүл” атты ӛлеңінде ақынның бір сәттік кӛңіл-күйді қалай шебер
бейнелейтінін кӛреміз. Жаздыкүнгі жайнап тұрған гүлге қарап ақын бір мезет
мұңға беріліп, осы сұлулықтың тез соларына, табиғаттың құрсағынан сонша
ғажап болып жаратылған ӛсімдіктің ғұмыр қысқалығына ӛкініш
сезімін
білдіреді, ақынның жаны толқып ойын екі ауыз сӛзбен түйіндейді.
Мұның бәрін білмесең,
Ӛмір қайдан оңады.
Бұл – ӛмір заңдылығы. Оны түйсіну ӛмір мәнін терең түсінуге жетелейді.
Ӛмірдің ӛтпелігін, уақыттың құндылығын бағалауға итермелейді.
Сұлтанмахмұт ақындығын зерттеуші ғалымның бірі Ы.Дүйсенбаев
“Табиғат суреттері (пейзаж) мен кӛңіл-күйдің нәзік тебіреністерін беретін
жырларында Сұлтанмахмұт ӛзінің дағдылы жолынан танбайды,
демек ең
алдымен, шығарманың тәрбиелік мәніне, эстетикалық әсеріне не эмоциялық
жылылығына ерекше кӛңіл бӛледі”,
49
– дейді ақын шеберлігі ту-ралы. Бұған
мысал болар дүние ақында жетерлік.
“Жазғы кеште” деген ӛлеңінде сӛзден сурет сала отырып, табиғат
аясындағы серуендеп жүрген ғашықтардың кӛңіл күйін, мӛлдір
сезімдерін
уақыттың жанға сая, тәнге шипа кезімен астастыра кестелейді.
Кӛк ауа, мӛлдір аспан бейне жібек,
Кӛргеннің кӛңілі ӛсер, ойы түлеп.
Ай бауыры, кӛк орайдың қойнында
Сырласар сыбырменен сүйген жүрек.
Сұлу кеш, сұлу сезім, албырт кӛңіл, адал жүрек бірін-бірі әдемі ашып тұр.
Ақын бұл ӛлеңінде
сұлу жұлдыз, кӛк ауа, бауыры алтын ай тәрізді
эпитеттерді қолдана отырып, сол бір кештің кӛңіл түкпіріндегі кӛркем
суретін береді.
Сұлтанмахмұт шығармашылығының соңғы кезеңі 1917-1920
жылдар
аралығын қамтиды. Бұл – ақын ақындық ӛнердің бар қырын меңгеріп, нағыз
49
Қазақ әдебиетінің тарихы. Т. 2. 2-кітап.-Алматы, 1965.- 473 б.
196
суреткер ретінде қалыптасқан кезең. Ұлы далаға бостандықтың келгенін паш
еткен буржуазиялық-демократиялық революцияны ақын қуанышпен қарсы
алады. Бұл тұста ақын ӛзінің шалқар шабытына мініп,
ұлтының теңдігін
жоқтап, азаттықты жақтап, халқының кӛңіліне қонар салиқалы ой тастап,
жалынды жырларымен шашу шашты. Ақпан революциясынан кейін іле-шала
“Алаш ұраны” дүниеге келді.
Бұл оның ұлтжандылығын, ұлтының езгіге
қарсы кӛтерілуіне шын тілектестігін білдіретін ӛршіл лепті, рухы биік, отты
жыры болатын.
Алаш туы астында,
Біз – алаштың баласы.
Достарыңызбен бөлісу: