Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет73/133
Дата17.12.2022
өлшемі2.17 Mb.
#467409
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   133
Бал тамған майда бұлбұл сӛзі қандай. 
Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп
Жаутаңдап жан күйдірген кезі қандай
50

 
Қызыл гүлдей құлпырған, сұлулығымен сүйсінткен, ақылымен 
ынтықтырған Қамарды қатерлі әлдене күтіп тұрғандай. 
Тұла бойы ізгілікке толы, жұртқа сыйлы, бозбаланың кӛз құрты болған 
Қамардың ӛз құрбыларынан озық ӛзге де қасиеттері жетерлік. Автор Қамар 
болмысын ӛзгелерден оқ бойы оздырып тұрған басты белгі оқығандығында 
деп біледі. Сондықтан да ол – ӛз заманының озық ойлы қызы. 
50
Торайғыров Сұлтанмахмұт. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2 .-Алматы, 1933. – 4 б.


202 
Қамар қыз оқымаса нетер еді, 
Әуелі бұлтаң-сұлтаң етер еді. 
Кӛзсіз болса, алды-артын болжау қайда, 
Әркімнің жетегінде кетер еді, – 
 
деген сӛздердің автор аузынан айтылуы Қамардың ақылды да жан ретінде 
кӛрінуі – білімділік жемісі екендігінің Сұлтанмахмұт ұсынған бір дәлелі. 
Ақын Қамардың оқығандығын ӛз тағдырына ӛзі араша түсуге мүмкіндігінің 
молдығы ретінде кӛрсетеді. Оқымаған қазақ қыздары ӛз бостандықтары үшін 
күреспек түгіл, ол туралы ойлай да алмайды деген ойды меңзейді автор. 
Оқыған Қамар бейнесін оларға бағдаршам іспетті ұсынады. Білімді, 
парасатты қыз ғана теңдік жолында батыл қимылға бара алатынына 
сендіреді. Қамар образын сомдаудағы автор айтпақ болған ой мен тәрбиелік 
мән, міне, осында жатыр.
Сұлтанмахмұт Қамардың еркіндікке қол созған саналылығын ӛзіндік 
түсінігі, ӛзгелермен қарым-қатынасы арқылы да нақтылай, аша түседі. Бұл - 
Қамар образының ӛзгеше сипатын айқын байқатумен қатар, жазушының ӛз 
дәуірінің ӛзекті мәселелерін кӛтеру тарапындағы ұстанған бағдары мен 
шеберлік тәсілдерін айыруға мүмкіндік береді.
Қамардың Ахметке жазған хаттарынан оның ӛмір, қоғам жайлы 
түсініктері айқын аңғарылады. 
– Біреуге мал мен бақты үйіп беріп, 
Ақылсыз екі аяқты мал қылғаның. 
Біреуге Аплатондай білім беріп, 
Мінер ат, ішер асқа зар қылғаның. 
Қыздарын теңге бермей, малға беріп, 
Қазақты қара кӛңіл аң қылғаның. 
Қамардың осы сӛздері арқылы сол тұстағы қазақ қоғамының надандық 
сыры, кертартпалық сипаты айқындалып, құқық теңсіздігі, бедел мен 
биліктің малға бағаланған қияпаты ашық айтылған. Ол ӛз кезіндегі шектен 
асқан әділетсіздікті, озбырлықты тап басып танып, жиіркенішпен қарайды. 
Қамардың бұл сӛздерінде тек қоғамды танып қою ғана емес, оған деген күдік 
те, сескену де бар. Ӛйткені ӛз басына әлі туа қоймағанмен қазақ қызының 
басындағы халді ол жанымен сезінеді. Бұл сезік кейін шынға айналады. 
Қамар Ахметті ӛз теңі екенін біле тұра, “Сүйсем де сол сӛзіне жарамаймын”, 
“Сілтей бер маған жетер қолың болса, даңы жоқ даңғыл жатқан жолың 
болса”, – дейді. Білім, парасат байлығы мол болғанымен, дүние байлығы жоқ 
Ахметтің ӛзіне қолы жетуінің қиындығын ескертіп, емексітпеуді жӛн 


203 
санайды. “Ашық жол, асулы қол болар еді-ау, бірақ жоқ, әттең, дүние соның 
болса”, – деп, Ахметтей білімді жастың малы мен мал жал бітіретін құдірет 
жоғына күйзеле толғанып, малдыны адам етіп, малсызды кері кетіріп 
отырған заманға қынжыла лағынет айтады. Ол:
Ақыл-ой, сын-сымбатта маған теңсің, 
Шыбыным, шын сүйгенім – жалғыз сенсің. 
Ту бие, қара саба болмаған соң, 
Икемге менің елім қайдан кӛнсін, – 
 
дей келіп, теңіне қосыла алмауының бас айыпкері қоғамдық ӛмірдегі ескірген 
ескі салт, әлеуметтік теңсіздік деп біледі. Бірақ, оған тікелей қарсылық 
білдіруге шамасы келмейді, ӛзінің дәрменсіздігін сезінеді, таяныш боларлық 
берік сүйеніш, рухани қолдау таба алмайды. Жан-жағын қоршаған әлсіздік 
“Арманды арылтатын дәрменім жоқ”, – деген түңілуге алып келеді.
Қамар ақылды қыз ретінде Ахмет екеуінің ара салмағын байыптай, ӛлшей 
келе, ақырында: “Бес-он күндік ойын үшін әрі ӛзімді, әрі оны қаралап, 
жұртыма, құдайға да ұятты болмайын, жанған жаным жана берсін; обалымыз 
қиюы жоқ, қисыны қашқан дүниеге, оңға баспай солға басқан қазақтың қара 
ғұрпына болсын”, – деген тұжырымға тоқтайды. Оның жүрек қарсылығын 
үнсіз басып, ӛзін-ӛзі тоқтатқан осы бір сӛзінің ӛзінен біраз нәрсені 
аңғарамыз. Кӛкірек кӛзі ояу Қамар Ахметке қосыла алмасын іштей 
мойындап, оған кінәлі ескі салт-сана үстемдік құрған заман деп біледі. 
Сондықтан да ол адамдық арын таза сақтауды ӛзінің басты борышы деп 
түсінеді, аз күндік алдамшы қызыққа елікпейді. Мұнда қазақ қызына тән 
инабаттылықпен бірге, Қамарға ғана тән адамгершілік, адалдық, пәктік кӛзге 
ұрып тұр.
Романның басында Қамар ӛмір сүрген ортасы туралы ӛзіндік пікірлер 
қалыптастырған, оған ақылы мен адамгершілігі, білімі мен парасаты арқылы 
қол жеткізген адал жастың бейнесінде кӛрінеді. Шығарманың орта тұсында 
“Даңқы жер жарған, шешендігі ел жарған, күліп кісі бетіне қарап кӛрмеген, 
ибалы, атақты, асыл Қамарымыз жоқ жерден жалаға ұшырап, бүлік шығып 
кеткеніне қайғыра-қайғыра сүзектен тұрған кісідей, құр шыбыны ғана бар”, - 
адам бейнесінде елестейді. Бұл оның сол тұста қазақ тұрмысында үстемдік 
құрып тұрған қатал да қара ниет, дүлей күштің уысына алғаш түсуі еді.
Бұдан кейінгі кӛріністерде Қамардың жағдайы мүлде ауырлай түседі. 
Құлқынының құлдары оны Нұрымға зорлап қоспақ болады. Бұл қатігездік 
қызды 
әділетсіздікке 
қарсы 
қал-қадірінше 
күресуге 
итермелейді. 
Шығарманың соңына қарай Қамар үстемдік етуші билік иелері мен дінге 
телінген ескі салтты жақтаушы, сол арқылы озбырлықты ӛршітуші дүмше дін 


204 
иелеріне қарсылық кӛрсетуге әрекеттенеді. Бірақ бұл - ӛте әлсіз, нәзік 
қарсылық еді. 
Қамардың Нұрымға, молдаға айтқан сӛздерінен кӛп шындықтың сыры 
ашылады. Замананың жас ӛскіні Қамар тамырын тереңге жіберген ескілік 
тікенімен бетпе-бет келген жерде ӛзінің сезімін тежемей, еркіндік жайлы 
ойларын батыл айтып, кісіліктен кеткен азғын топтың бет пердесін сыпы-
рады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет