Есептік сан есімдері
Дара тұлғадағы есептік сан есім:
Алдыңғы бәйге түйе бастатқан тоғыз, екінші жамбы бастатқан тоғыз. Осы сөйлемдердің бірінші сыңарының баяндауышы тоғыз, екінші сыңарының баяндауышы да тоғыз сан есімдері сөйлемді тиянақтай келе түйе бастатқан, жамбы бастатқан бастауыштарымен предикаттық қатынасқа түсіп отыр.
–Күрделі тұлғадағы есептік сан есімдері: Бір Тәкежанда қазір сегіз жүз жылқы бар екен. Жиреншеде сегіз жүз. Оразбай мың бес жүзге жеткізіпті. 3. Жетісуда – алты жүз мың. 4. Торғай облысында үш жүз отыз сегіз мың. 5. Солар саны елу-алпыс.
Есептік сан есімдердің ішінде бір сөзінің алатын орны ерекше. Бір сөзі есептік сан есімдерден жаңа сөздер жасайтын амал-тәсілдердің бәріне түгелдей қатысады. Осымен тынбай, бұл сөзден басқа қосымшалар арқылы да әр түрлі жаңа формалар (сөздер) жасалады. Сонымен қатар, бір сөзінен лексика-семантикалық тәсіл арқылы басқа сөз табына ауысқан формалар да бар. Бір сөзінің осылайша әр тарапты болып келуі оның лексика-семантикалық және грамматикалық ерекшелігі мол екеніне, қолданылу өрісінің орасан көп және жан- жақты екендігіне әрі көрнекті дәлел де, әрі соларға байланысты (А. Ысқақов). Роман-эпопеяда бір сан есімі арқылы жасалған есімді сөйлемдер мол кездеседі. 1. Ендігі керді тап өзі көреді. Өз басы көреді! Ал Керей, Уақтың малын берсін! Бергіземін! Ертең үстіңе сияз құрғызамын. Бұл бір. 2. Қайта, болыс болмай сыртырақ отырса, бар Тобықтыға өз әмірі молырақ жүрмек, ол бір.
Тәуелдік жалғаулы есептік сан есім:
Шарды түбінде елубасылар салып болған соң, санайтын ұлықтың өзі болмайды, осы мынау, столда отырған екі тілмаштың бірі.
Қарашоқының күнбатыс жағы, бұрынғы Қодар қыстауының арғы жапсары Торғай руына тиісті. Құлыншақ – сол Торғайдың басты кісісінің бірі.
Жинақтық сан есімдер
Сан есімдердің ішінде жіктік жалғауда жұмсалуға көбірек бейімі – жинақтық сан есімі.
Дара тұлғадағы жинақтық сан есім: Абай тақап келгенде, үй иесі шыққан еді. Иығына шекпен жамылған сақалды біреу.
Жоғарыдағы сөйлемдерде баяндауыштары І, ІІІ жақтық жинақтық сандардан жасалып сөйлемді тиянақтап тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |