Сабақтас құрмалас сөйлемдер
Есімдікті қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас
Сілтеу есімдікті қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас. Басыңқы сыңарының баяндауышы сілтеу есімдігі арқылы: Базаралыны бұдан былайғы бір қимылға шүйлеп, қайрап салудың анық сөзі осы. Ел жұрттың бетін көріп, жай-жапсарды ең әуелі білісіп отырғаным осы. Өзі де күліп, топты да күлдіріп келе жатқан сол.
Бағыныңқы және басыңқы сыңарларының баяндауыштары есімді болып келген қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас:
Аса сырлас, нәзік жақын болып, Абайды көп барлайтын Қарашаш та міне Бұл сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышы жақын болып жалпы есім мен бол көмекші етістігіне –ып көсемше жұрнағының жалғануы арқылы жасалса, басыңқы сыңарының баяндауышы нольдік тұлғадаға келген міне сілтеу есімдігі арқылы жасалып сөйлемді тиянақтап тұр. Кітап шындығы, өмір уымен тең сыбаға боп, Абай үшін анық бетпе-бет кеп ең алғаш қақтыққаны осы. Бағыныңқы сыңарының баяндауышы сыбаға боп жалпы есім мен –п жұрнағы арқылы жасалған көмекші етістіктен жасалса, басыңқы сыңарының баяндауышы осы сілтеу есімдігінен жасалған.
Есімдікті мезгілдес (ыңғайлас) сабақтас
Сілтеу есімдікті мезгілдес (ыңғайлас) сабақтас: Байсал Құнанбаймен араздасып кеткелі, Абай мен Жиреншенің кездескені осы. Мал тұяғы тимеген шүйгін қонысқа келгенде, алғашқы күн, бар түліктің істейтін мінезі осы.
Есімдікті қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Сілтеу есімдікті қарсылықты бағыныңқылы сабақтас: Абайдың өзіне айтпаса да, Михайловтың ол турасындағы бұл кезеңдегі үлкен бір қорытындысы осы. Тұқымы Ескене деген алыс ру болса да, қысталаңда Құнанбайдың анық сенетін жігіті осы. Бұл сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышы алыс ру болса да құрама баяндауыштан жасалса, басыңқы сыңарының баяндауышы нольдік тұлғада келген осы сілтеу есімдігі арқылы сөйлемді тиянақтап тұр.
Есімдікті шартты бағыныңқылы сабақтас
Өздік есімдікті шартты бағыныңқылы сабақтас: Кездесіп бірге жүре қалған шақ болса, үнемі күлкі ететіні, ойнайтыны осы Ғабитхан молданың өзі.
Сілтеу есімдікті шартты бағыныңқылы сабақтас: Абай жақын арада сол Тінібекке кісі салып: - Тәкежан Құнанбай баласы болса, менің де жөнім сол.
Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер
Сілтеу есімдікті жарыспалы сабақтас сөйлемдер: Абай ауылынан кеткен бетінен қалаға бүгін жетіп, Мұхаметжан жаңа кеп, ат тұмсығын тіреген жері осы. Аузына осы тірі жүрген ұрпағымның қайсы түссе де, шайнап тастағалы, көзге шұқып жоқ еткелі отырған түр ғой мынау! Басыңқы сыңарларының баяндауыштары нольдік тұлғадағы осы, мынау сілтеу есімдіктері сөйлемдерді тиянақтап тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |