Мазмұны нормативтік сілтемелер



бет22/32
Дата08.11.2023
өлшемі162.44 Kb.
#482647
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
арысбаева салтанат

Жатыс септікті баяндауыш: Сол ақ жібек шымылдық, сол биік сүйек төсек, сол жасау тегіс орнында. Отырғандар әлі де дел-салда. Сол өнер орыста. Құнанбай қиналған күйде. Абай соңғы күрдерде, әсіресе осы түнде, өзіне бұрын дағдалы болмаған бір халде. Үйде өзің білесің, бай да жоқ, екі бала да сапарда. Қазір төр де, сөз де Майбасар мен Жақыпта.
Тәуелдік жалғау мен жатыс септігі арқылы: Бірақ, барлық көрген –сезгенім есімде. Ертеңгі күн бастарыңа не пәле әкелсе де, бар қайратым мен білгенім, сендердің жолыңда.
Шығыс жалғаулы баяндауыш: Ол ықылас – кітап пен оқушы Абай арасында туған жақсы бір ұғынысудан. Осы, бәріңе кеп жатқан мол абырой, мынау батпан құйрық неден?
Бұл – не Бөжейдің өлердегі өсиетінен, немесе артында ие боп отырған Байдалы, Байсал, Түсіптердің мінезінен.
Баяндауыштары шығыс септік формаларындағы зат есімдерден, сұрау есімдіктерінен, тұйық, есімше етістіктердегі синтаксистік амал арқылы қалыптасып жұмсалған. ІІІ жақ бастауыштың шығу мекені (қайдан, төркіні неден? Себебі (неліктен) сияқты сана-амалдың қатынаста (күйде) екендігін білдіреді. Мұнда да баяндауыштар соншалықты тиянақты, басым интонациялы болып келеді.
Жатыс, шығыс септік формалы есім баяндауыш түрлері де сөйлемде синтаксистік және морфологиялық та тәсілдер арқылы қалыптасып, баяндауыштарымен бағыныңқы қатынаста байланысып келеді.
Негізінде сын есім, сан есім, тек анықтауыш қызметінде жұмсалуы тиіс болса, есімдік осы үш сөз табының да қызметіне ие. Осы сөз таптарының ішінде заттық ұғымды білдіріп, ойды тиянақтауда зат есімнің орны ерекше деген қорытындыға келуге болады.
Жалпы зат есімді сөйлемнің соңында баяндауыш қызметі негізінде жасалған есімді сөйлемдердің түрі бұл роман бойынша жан-жақты.


2.2 Сын есімді есімді сөйлемдер

Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы – сын есім. Семантиқалық жағынан зат есім әр алуан заттық ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса, сын есім неше алуан сыр-сипатпен байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматиқалық тобы ретінде бөлінеді [85, 66].


Сын есімдер табиғатында затқа қатысты анықтауыштық қатынаста жұмсалуы тиіс. Дегенмен сын есім сөйлемде тек анықтауыш сөйлем мүшесі ғана емес, заттанып толықтауыш, бастауыш сол сияқты пысықтауыш қызметінде жұмсалады.
Сын есімдердің әсіресе соңғы кезде көп жұмсалатын түрі оның сөйлемде тиянақты баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Міне оның осы қызметте жұмсалуы оның есімді сөйлемді құраудағы басты ерекшілігі болып табылады.
Сонда сын есімдер сөйлемнің соңында келіп, баяндауыш қызметінде жұмсалу негізінде өз бастауышымен предикативтік қатынас құрайды да, есімді сөйлемнің негізгі арқауы жасалады. Ондай кезде сын есімдер сапалық, қатыстық, түрлі шырай формаларында да қатысады [86, 87 ].
Сын есімдер – сөйлемде әсем ойдың көрікті көрінісі сияқты жұмсалатын сөз табы. Сын есімнің сөйлем соңында баяндауыш қызметінде жұмсалуы тілімізде тарихи жағынан ерте қалыптасқан сияқты. Басқа сөйлем мүшелері сияқты сын есімдер де сөйлем соңында жұмсалып, сөйлемді тиянақтауда өзіндік орын алады.Осының негізінде енді есімді сөйлемдердің аясы кеңейгенін көреміз. Сын есімдер есімді сөйлемдер жасауда зат есімдердей болмағанымен, сан есімдерге қарағанда «Абай жолы» роман – эпопеясында мол. Сын есімдер баяндауыштық қызметте сапалық та, қатыстық та түрде дара, күрделі құрамда келеді. Осы негізде сын есімдердің баяндауыш болуы, оның тұлғалық ерекшеліктері және есімді сөйлемдердің семантикасының да айқындалуы зат есімді баяндауышқа қарағанда енді басқаша мақсат тұрғысынан сөз болатыныны белгілі.
Ол үшін сын есімді баяндауыштардың жасалуын көрсетелік. Роман эпопеядағы сапалық сын есімдердің жай түрі: ұзақ, сұлу, жақын, үлкен, кең, суық, жас, салқын, ашық, ыстық, әсем, жаман және т.б. жиі кездеседі. Мысалы: Туыс жағынан алғанда, Бөжей мен Сүйіндіктен гөрі Құнанбайға Байсал жақын. Түсі ақсұр келген, өзі қоңыр сақалды, кесек мұрынды Бөжей- осы отырғанның бәрінен де сұлу. Анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы, бие бауы, ауыл қонысы, қой өрісі – барлығы да соншалықты таныс, жақын. Оспан әкесі ұрғанда жыламаса да, шешесі ұрған уақытта тіпті жылауық. Қарқаралыдан Шыңғысқа шейін жүретін жер ұзақ. Осы сөйлемдердегі бастауыштар Байсал, қой өрісі, жол сөздері таныс, жақын, ұзақ баяндауыштарымен бірлікке, қашықтықта, өлшемге, мезгілге байланысты ойларды білдіруге арналған. Керісінше Бөжей, шешесі – бастауыштары сұлу, жылауық баяндауыштарымен предикативті қатынаста бүткіл сөйлем әрі табиғи қасиетін және мінез түрін де көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет