Мазмұны Қолданылған қЫСҚартулар тізімі



бет8/14
Дата12.06.2016
өлшемі2.58 Mb.
#130516
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

2.3 Орташа мерзімдегі болашақтағы территорияның әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамудың негізгі мәселелерінің, тәуекелділінің, ұстамды факторларының, бәсекелестік артықшылықтар мен мүмкіндіктердің кешенді сипаттамасы


әлді жақтары

әлсіз жақтары

- мемлекеттік бюджеттің барлық формаларының тұрақты орындалуы

- мұнайгаз өндіру кешендерінің жақын орналасуы

- көп бейінді экономиканың болуы

- жағымды демографиялық жағдай, көшіп-қонудың оң сальдосы, еңбекке қабілетті жастағы халықтың келуі

- машина жасау, металл өңдеу және ауыл шаруашылық саласында білікті мамандардың болуы;
- еура-азия кеңістінің көлік дәлізде тиімді географиялық орналасу, Ресейдің дамыған әлеуметтік-экономикалық орталықтарына территориалдық жақындық, тарихи-мәдени және экономикалық байланыстардың болуы

- су ресурстарының жеткіліктілігі және Батыс Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда жайлы экологиялық және табиғи-климаттық ортаның болуы;


- жайлы табиғи-климаттық ортасы бар дамыған, көп бейінді ауылшаруашылық аймақта тиімді орналасу;

- қала орталығының тарихи-мәдени құныдылығы,

- халықтың әлеуметтік келіспеушілігінің төмен деңгейі

- Батыс Қазақстанның басқа қалаларына қарағанда азық-түлік, тұрғын үй және комуналдық қызметтердің тұрақты төмен бағаларының болуы



- республикалық және облыстық бюджеттердің трансферттік түсімге тәуелділігі

- инновациялы дамудағы мемлекеттік салымдардың тиімділігінің төмен болуы

- жеке капитал жағынан инновациялық саланы жеткіліксіз қаржыландыру және қаржы нарығында еркін қаржы ресурстарының болмауы және оларды мобилизациялау мен басқару құралдарының болмауы

- шикізат секторларынан жоғары білікті мамандардың кетуі

- өнеркәсіптегі жоғарғы технологиялық салалар үлесінің қысқаруы, сыртқы және ішкі нарықта көптеген кәсіпорындардың бәсекелестікке қабілеттілігінің төмендігі

- өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық кешеннің негізгі қорларындағы амортизация дәрежесінің жоғарылығы

- бизнес орталығы белсенділігінің төмен болуы

-жоғары білікті мамандарды қолданудағы сәйкессіздік.

-қызмет көрсету, туризм және денсаулық сақтау салаларындағы білікті мамандардың тапшылығы

- көліктік-логистикалық инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы;

- қаланың және облыстың ішкі нарығының аз көлемі, басқа ірі нарықтарға қол жеткізудегі ыңғайсыздық

- рекреациялық – оңалту инфрақұрылымының әлсіз дамуы


- ауылшаруашылық қайта өңдеу саласының дамуына арналған шикізат базасының дамымауы

- туристік инфрақұрылымның және туристік қызмет көрсетудің әлсіз дамуы.
-ТҮКШ инфрақұрылымының тозуы,

- Батыс Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда жалақының төмен болуы.



Мүмкіндіктер

Қауіптер

- ұзақ мерзімді мемлекеттік және жеке тапсырыстар негізінде қалада машина жасау және металл өндіру саласын дамыту, жеделдетілген өнеркәсіптік дамудың мемлекеттік бағдарламасында қатысуы;

- облыстағы шикізат өндірісін кеңейту негізінде ауылшаруашылық өнімдерін қайта даярлауды дамыту;

- жалпы жұмыспен қамту құрылымында жоғары білікті еңбек үлесінің өсуі

- қалалық аймақтың экологиялық және қолайлы мәдени-тұрмыстық ортаны сақтау және дамыту;

- жергілікті жеке қаржы ресурстарының мобилизациясы және Батыс Қазақстан аймақтары мен Ресейдік жақын аймақтарынан қаржы капиталдарын тарту, мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде даму:

Батыс Қазақстанға шекаралас облыс тұтынушылары үшін санитарлы-оңалту, емдік және басқа да медициналық қызметтерді көрсету, Батыс Қазақстанға көршілес облыстар және Ресей тұтынушылары үшін туристік мәдени ойын-сауық қыметін көрсету,

- жалпы жұмысшы мамандығынан бастап Батыс Қазақстанға көршілес аудандарда қажет мамандарды қайта даярлауға дейінгі кең салада сапалы білім беру қызметін ұйымдастыру;

-құрылыс материалдары өндірісінің және азаматтық тұрғын үй құрылысының, рекриациялық-оңалту, туристік, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы нысандар құрылысын дамыту;


- Батыс Қазақстанға көршілес облыстар және Ресей тұтынушылары үшін ақпараттық, жарнамалық және логистикалық бизнес үрдістерімен қамтамасыз етуді дамыту;
- территорияның жалпы даму негізінде орта және шағын бизнесті дамыту;

- шетел өндірісінің өнімі жағынан бәсекелестіктің өсуі, отандық өндіріс өнімдерін сату жүйесіндегі импорттық өнімі үлесінің өсуі;

- адами капитал, инвестиция және технологиялар үшін қалалар арасындағы аймақ аралық және шекаралас нарықтағы бәсекелестіктің жоғары деңгейі;

- қаладағы интеллектуалдық және технологиялық потенциалының құлдырауының мүмкіндігі мен қажеттілігінің аздығы,

- Жайық өзені аймағындағы табиғи экологиялық ортаның бүлінуі;


- шикізат тауарларының әлемдік құндарының түсуі салдарынан бюджеттің тапшылығы;

- негізгі қорларды, әлеуметтік және инженерлік-техникалық инфрақұрылымды модернизациялауға арналған инвестициялардың жеткіліксіздігі;

- қалада жоғары технологиялық өндіріс пен қызмет көрсету салаларын дамыту үшін қажетті мамандарды дайындау сапасының төмендігі

- құрылыс саласының құлдырауы;

- жұмыспен қамту құрылымының нашарлауы, төмен білікті мамандар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үлесінің өсуі, жұмыспен қамтылмаған халықтың қылмысқа бару мүмкіндігі және осы тұрғыда әлеуметтік, дінаралық және этникалық қақтығыстардың пайда болуы






2.4 Территорияның әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу саясатының анализі.

Территорияның әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу саясаты, бәрінен бұрын, экономиканың дамуына мемлекеттің араласпау позициясынан басталды. Сондай-ақ оның дамуы мемлекеттік реттеу саясатын нарықтық реттеуге, яғни әлеуметтік салаға байланысты болды. Сонымен қатар, жоспарлы-мемлекеттік реттеудің кеңінен қанат жаюы жеке және мемлекеттік басқарудың жіберген қателіктері үшін мемлекеттің жауапкершілікті өз мойнына ала бастағандығын білдіреді. Мұндай модельдің шектеуі мен шығынын түсіну мемлекеттік реттеу субъектілерінің жауапкершіліктерін бөлу мен жергілікті биліктің өкілеттілігі мен міндеттерін айқындаумен байланысты территорияның дамуын мемлекеттік реттеудегі сапалы жабдықтаудың ізденісіне әкелді. ҚР Президентінің 25 тамыз 2006 жылғы «2015 жылға дейінгі ҚР-ның территориалды даму стратегиясы туралы» Жарлығында «жергілікті атқарушы органдардың жаңашылдар ретінде шығып, дәстүрлі факторларға (өндірістік қорлары бар табиғи, еңбек ресурстары) қарағанда аймақтың өзі қалыптастыра алатын және олардың ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз ете алатын өндірістін мамандандырылған факторларын (инновациялық мүмкіндік, білікті жұмыс күші, институционалдық орта) құра отырып, экономикалық өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуы қажет» екендігі аталып көрсетілген. Территориалды басқару тақырыбындағы соңғы құжаттарда (2020 жылға дейінгі ҚР дамуының стратегиялық жоспарын іске асырудың стратегиялық картасы) негізгі назар нақты кәсәпорындарды құруға емес, олардың аралық және ағымдық көрсеткіштерінде қарастырылған процестері мен динамикасына, бағыттарына аударады. Процестерді басқару экономикадағы ағымдық жағдайды зерттеу негізіндегі оң процестерді бастау мен қолдауға сүйенген тура мемлекеттік шығындарды төмендетуді ұсынады.

Орталық және жергілікті органдар арасындағы жауапкершілікті бөлу территорияға тұтас қарау қажеттілігін алып тастамайды. Мұндай интеграторлар биліктің жергілікті органдары болуы керек. Территория дамуын басқарудағы аймақтардың жаңа қызметтері жергілікті мемлекеттік органдар жүйесіндегі мамандарылған зерттеу құрылымдарын және ыңғайлы ұзақ мерзімді жоспарлау механизмін құрумен байланыстырылуы қажет.

Территориалды дамудың бес жылдық жоспарларын жасау бойынша әкімшіліктің атқарып отырған жұмыстары артықшылықтар пен тәуекелдерге, мүмкіндіктер пен қауіптерге, өзін-өзі қолдайтын, өзін-өзі дамытатын және аймақтағы жағдайы сапалы түрде жақсартатын процестерді алу үшін жергілікті мемлекеттік органдардың ықпалымен басқару дамуын зерттеуге бағытталған кешенді бағдарламалық құжаттар болып табылады.

Бюджеттік қаражатты бөлу негізінде іске асырылған «2007-2009 жылдарға арналған шағын бизнесті дамыту және қолдауға байланысты», «2007-2010 жылдарға арналған аула территорияларын абаттандыруға байланысты қалалық бағдарламалар» қалалық даму бағдарламаларының сәтті жүзеге асқандығының үлгісі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет