ІІІ бөлім. АҢЫЗБЕН ӨРІЛГЕН КӨРКЕМСӨЗ
Мұхтар Мағауин шығармашылығы
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы аспирантурасын бітірген. Еңбек жолы 1965 жылдан басталады. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, 1967 – 71 жж. «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып, сонымен қатар Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді. 1983 – 84 жж. еркін шығармашылық жұмыста, 1984 – 86 жж. «Жазушы» баспасының бас редакторы, 1987 жылы еркін шығармашылық жұмыс- та, 1988 – 2006 жж. «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды.Баспасөз бетінде алғаш рет 1959 жылы көрінді. 60-жылдары негізінен әдебиет зерттеушісі ретінде танылды. Бұдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды. Шығармалары орыс тіліне аударылған, шетел тілдерінде басылған. Филология ғылымының кандидаты (1967). Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының хатшысы. «Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақстанның Халық жазушысы (1984). Түркияның халықаралық «Түрік дүниесіне қызмет» сыйлығының иегері (1997). «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2002). Қазақстанның Құрметті жазушысы (2019).Шығармалары: Қобыз сарыны. XV–XVІІІ ғасырларда жасаған қазақ ақын, жыраулары. Монография. А., «Жазушы», 1969; Көк мұнар. Роман. А., «Жазушы», 1972; Бір атаның балалары. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1974; Көк кептер. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1979; Аласапыран. Тарихи роман. Бірінші кітап. А., «Жалын», 1983; Шоқан Шері. «Известия», 1993; Ғасырлар бедері. «Ер Дәулет», 1994; Мен. Роман-дилогия. «Гауһар», 1998. Тасқа басылған қолжазбалар. «Қағанат», 1999; Шыңғыс ханның шарапаты.»Ильдан», 2003; Көк мұнар. Роман. Рига. «Лиесма», 1981 (латыш тілінде); Гибель борзого. Повести и рассказы. М., «Советский писатель», 1978; М., «Русская речь», 2003; Поэты Казахстана. М., «Советский писатель», 1978; Змеиное лето. Повесть. М., «Советский писатель», 1984; Голубое марево. Роман, повести, рассказы. М., «Известия», 1985; Вешние снега. Роман-дилогия. М., «Советский писатель», 1990; Кобыз «колье». А., «Мектеп», 2003. Он үш томдық шығармалар жинағы. «Қанағат», 2002; Шыңғыс ханның шарапаты. А., 2003; Қобыз. «Колье». А., 2003; 2006 жылдың желтоқсанында елден біржола кетіп, Чех республикасында қоныстанды. 2007 - «Жармақ» романы. 2007-2008 - «Әрқилы әңгімелер», «Талайсыз әңгімелер» топтамалары. 2008, қараша - 2015, қараша - «Шыңғыс хан және оның заманы», тарихи деректі тетралогия. 2015, шілде - Америкаға түпкілікті қоныс аудару. Мэриленд штаты, әуелде Вашингтонға іргелес Роквилл кенті, 2017 жылдың соңынан бастап осы төңіректегі Силвер Сприң кенті. 2016-2017 - «Естеліктер кітабы»: «Ілияс аға Есенберлин», «Әбіш екеуіміз», және басқа жазбалар 2018 - «Естеліктер кітабының» жаңа тараулары. 2019 - Шығармаларының жиырма бес томдық «Толық жинағын» баспаға әзірлеу.
Шығарманың оқиға желісіне негізделген композициялық құрылымын сызба арқылы түсіндіріңдер.
Реті
|
Шығарманың композициялық құрылымы
|
Үзінді бойынша дәлелдер
|
1
|
Оқиғаның басталуы
|
|
2
|
Оқиғаның байланысы
|
|
3
|
Оқиғаның дамуы
|
|
4
|
Оқиғаның шиеленісуі
|
|
5
|
Оқиғаның шарықтау шегі
|
|
6
|
Оқиғаның шешімі
|
|
Адамдардың жолбарыспен шайқасуы туралы тағы қандай шығармаларды білесіңдер? Ғаламтордан іздеп, шығармамен салыстырыңдар.
Шығармадан Шақан-Шерінің монологын тауып оқып, оның ішкі толғанысын түсіндіріңдер.
Роман оқиғасына байланысты «Сенімділік межесі» әдісін қолданып, төмендегі тапсырманы орындаңдар.
«Жетісудың ең соңғы жолбарысы 1940 жылы оққа ұшыпты дейтін нақты дерек келтіріледі». Жолбарысты біздің жерімізе қайта әкелуге бола ма? Қандай ұсыныс, пікірлер айтар едіңдер?
Жолбарыс туралы ертегі, аңыздар, сөз тіркестерін пайдалана отырып, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты ерлер» деген тақырыпта эссе жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |