Мазмұны түсінік хаты


ІҮ бөлім. ЗАМАН, ДӘУІР ТҰЛҒАСЫ



бет19/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

ІҮ бөлім. ЗАМАН, ДӘУІР ТҰЛҒАСЫ


Қабдеш Жұмаділов шығармашылығы
(1936-2021)
Қабдеш Жұмаділов – 1936 жылы 24 сәуірде ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы. Шәуешек гимназиясын бітіріп, жолдамамен ҚазҰУ-не (1956) түседі. 1958 жылы Қытай үкіметі органдары кері шақырып алады.
1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түскен. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–62 жж. Қытайдағы қуғын-сүргінге ұшырады. 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай қалған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты. «Қазақ әдебиеті» газетінде (1965 – 67), «Жазушы» баспасында (1967 – 76), Мемлекеттік баспа комитетінде (1976 – 81) жауапты қызметтер атқарды. 1981 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыста. Жазушының әдеби қызметі Шәуешек гимназиясында оқып жүргенде басталған. 1954 жылы «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңдері жарық көрді. «Жамал» атты тырнақалды әңгімесі 1956 жылы «Шұғыла» журналында басылды. Жастық шақта жазылған өлеңдері 1967 жылы «Жас дәурен» деген атпен жеке жинақ болып шықты. Осыдан кейін жазушы бірыңғай проза жазуға ойысқан. «Қаздар қайтып барады» атты алғашқы әңгімелер жинағы 1968 жылы, «Көкейкесті» романы 1969 жылы жарық көрді. Содан бері жазушы қаламынан көптеген әңгіме, хикаяттар, оншақты роман туды. Романдарының дені тарихи тақырыпқа арналған. Екі кітаптан тұратын «Соңғы көш» (1974 – 1981), «Атамекен» (1985), «Тағдыр» (1988) романдары Шыңжаң қазақтарының өмірінен жазылған. «Соңғы көш» дилогиясына 1983 жылы М.Әуезов атындағы әдеби сыйлық, «Тағдыр» романына 1990 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді. Қос томдық «Дарабоз» (1996) романы тарихи тақырыпқа, «Саржайлау», «Сәйгүліктер», «Бір қаланың тұрғындары», «Бір түп тораңғы» атты шығармалары бүгінгі заман тақырыбына арналса, «Қылкөпір» романы (2003) мен соңғы жылдары жазылған бір топ әңгімелерінде тәуелсіздіктен кейінгі өтпелі дәуір шындығы көрініс тапқан. Жазушы «Таңғажайып дүние» атты ғұмырнамалық романында (1999) өзі өмір сүрген орта мен замандастары жайында сыр шертеді. «Көкейкесті», «Соңғы көш», «Атамекен», «Дарабоз» романдары мен хикаяттар топтамасы орыс тіліне аударылып басылған. Жекелеген әңгіме, хикаяттары қырғыз, өзбек, ұйғыр, украин, белорус, грузин тілдерінде, «Соңғы көш» романы түрік тілінде жарық көрді. Бүгінге дейін отызға тарта кітабы шықты. Негізгі еңбектері 2003 – 2004 жж. «Қазығұрт» баспасынан шыққан «Он екі томдық» шығармалар жинағына топтастырылған. «Мәңгілік майдан» (2008) кітабы жарық көрген. Медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 1998 жылы «Қазақстанның халық жазушысы» деген атақ берілді. «Парасат» орденінің иегері. Тарбағатай, Үржар және Аягөз аудандарының Құрметті азаматы. ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен (2018) марапатталған. Қазақстанның Құрметті жазушысы (2019).Жазушы 2021 жылы өмірден өтті.
Қабдеш Жұмаділов ХІХ ғасырдың соңғы кезеңіндегі шекара бөлінісін арқау еткен «Тағдыр» романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын иемденді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет