Мазмұны түсінік хаты



бет22/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

«ТОМИРИС» пьесасы
Тәуелсіздік алған Қазақстанның драматургиясында тарихи бейнелер мол-мол сурттеле бастаса, соның бір шырайын шығарған туынды – Шахимардан Құсайыновтың «Томирис» драмасы.
Бұл пьеса – Томирис анамыздың өмір сүрген б.э.д 503 жылдардағы ата- бабамыздың атамекенді қалай сүйгенін, қалай қорғағанын, қалай сақтағанын суреттеген биік парасатқа жетелейтін көркем туынды. Томирис туралы Геродот жазбаларынан жеткен мәлімет парсының елдерді бағындыруға бет алған Кир патшаның қан аңсаған басын қанға бөктіріп, «іздеп келгенің қан болса, қанып іш!» деп, дүниені сақ қызының әлемді дүр сілкіндірген қайратты ерлігі арқылы қайталанбайтын бейнесін танытады. Томиристің осындай ерлігі қазіргі қазақ қызының әрқайсысының бойынан табылатыны сөзсіз. Қазақ үшін қыз – ұлттық намыстың бір белгісі.
Қыздың пәктігі, өрлігі мен батырлығы – ұлттың болашағының мықты болуының сенімді тірегі. Осындай тәрбиелік маңызы зор шығармалар уақыт ағымымен жазылу үстінде. Қазіргі қазақ драматургиясы әлемдік классикалық дәстүрді шығармашылықпен қабылдай отырып, ұлттық топырақтағы осы өнердің өркендеуіне жаңашылдықпен үлес қосып келеді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі салтанат құрған жылдары жазылып, бірқатары театр сахналарында қойылып келе жатқан әртүрлі такырыптардағы пьесалар классикалық драматургия жанрларының уақыт пен кеңістіктегі еміршең, ұлағатын айғақтайды.



Шығарманың басты кейіпкерлеріне мінездеме беріңдер.

Томирис

Балхаш

Спаргапис








Драмада қолданылған көркемдегіш құралды табыңдар.



Шығармада тарихи шындық қалай суреттелген? Шығармадан тауып,топтасып талқылаңдар.
Ұлы Тұран елінің тағдырын шешкен қандай жағдайлар? Драманың басты идеясы қандай?

Жағдаяттық тапсырма. Колледжде студенттердің драма театры құрылған. Үйірме жетекшісінің тапсырмасы бойынша, «Томирис» шығармасын қойылымға арнап ықшамдау керек. Драманың қай көрінісі қойылғанын қалайсыңдар? Және өздеріңді кімнің рөлінде көргілерің келеді?

Пьесаны оқу барысында сендер үшін Қызық, Қиын, Құнды болған дүниелерді жазып, ой бөлісіңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет