Мазмұны түсінік хаты



бет65/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

«Шал мен теңіз» повесі

Гольфстрим – Атлант мұхитының солтүстік бөлігіндегі жылы ағыс. Гольфстрим Мексика қойнауынан шығып, Еуропа жағалауына дейін ағады; ұзындығы 10 мың километрге дейін барады.
Гарпун – ұшы сүйектен жасалған сүңгі.
Фрегат – желкенді кеме немесе қайық.
Жайын – жайынтәрізділер отрядына жататын жыртқыш балық.
Ересен – орасан, зор, ғаламат деген сөз.

1. «Шал мен теңіз» повесінен берілген үзіндіні оқып, ат қойыңдар.
2. Туынды неге «Шал мен теңіз» деп аталған?
3. Шығарманың астарлы ойы не?
4. Бас кейіпкер ретінде қария алынуының сыры неде?
5. Шал неліктен теңізге балық аулауға жалғыз шықты?
6. Шалдың жанындағы серік баланы ата-анасының басқа қайыққа ауыстыруының себебі неде?
7. Жазушы шалдың портретін қалай берген?
8. Үзіндіде жазушы шалдың жайын балықпен айқасын қалай суреттеген?

1. 1-топ – шалдың, 2-топ – баланың бейнесіне «FILA толтыру» әдісімен талдау жасаңдар. Ү л г і :
F /Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;
I /Пікір/ – кейіпкер туралы өзіңнің ой-пікірің;
L /Сұрақ/ – кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар құрастыру;
A /Іс-әрекет/ – автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі.

2. Автор бейнесі повестің негізгі идеясымен қандай сөздер арқылы байланысады? Автор қандай түйінді ой айтқысы келген? Адам мен табиғат шайқасында кім жеңді? Кім жеңілді? Автор идеясын білдіреді деген 3 түйінді ойды теріп алып, мағынасын түсіндіріңдер.
3. Үзіндіден көрінетін құндылықтарды кестеге түсіріңдер. Шығарманың құндылығына өзіндік баға беріңдер.


1. Мәтінді тыңдап, үзіндіде шал не себепті өзін теңіз тасбақасына теңегеніне назар аударыңдар. Табиғат пен адам қарым-қатынасы үзіндіде қандай сөздер арқылы берілген? Теріп жазыңдар.
2. Жұптасып орында. Шалдың теңіздегі айқасын автор уақыт пен кеңістікті байланыстырып бейнелеген бе?


Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» хикаятының желісі бойынша түсірілген Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмін көріңдер. Кинодағы шал бейнесі мен повесть кейіпкерінің ішкі әлемі мен өмір сүру дағдыларында қандай ұқсастықтар бар? Бұл нені аңғартады? Олар өмір үшін күрескен адамның жинақталған бейнесін бере білген деп ойлайсың ба? Пікірлеріңді жүйелеп, ойтолғау түрінде жазыңдар.
Кері байланыс. «5-5-1».
1. Үзінді туралы 5 сөйлем жазыңдар.
2. 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартыңдар.
3. 5 сөзді 1 сөзге дейін қысқартыңдар.
4. Түйінді сөзді сыныппен бөлісіңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет