Шал мен жайын
Дентусо – акуланың түрі.
Амальгама (франц. amalgame – қорытпа) – сынап араласқан металдардың қорытпасы. Амальгама сұйық және қатты болуы мүмкін. Бұл сынап пен басқа металдардың арасалмағына байланысты.
Румпель – жүргізу тұтқасының (руль) үстіңгі бөлігіне кигізілген мүйізшелер.
1. Үзіндінің мазмұнымен танысып, бөлімге ат қойыңдар. Сол атты таңдауыңның себебін дәйектеп жазыңдар.
2. Шал күнә туралы неге ойланып кетті? Өзін қалай жұбатты?
3. Сантьягоның мұхит пен теңізді мекендейтін жыртқыштарды жақсы білетінін үзіндіден мысалдар келтіре отырып дәлелдеңдер.
4. Ол су жыртқыштарымен неге арпалысады?
5. Шалдың акулалармен айқасы кезіндегі іс-әрекеттерін жазушы қалай сипаттаған?
1. Шал акулалармен неше рет айқасқа түсуге мәжбүр болады? Үзіндіден мысалдар келтіріңдер.
2. Кейіпкердің болмысы мен табиғатын ашу үшін топпен бірге «Блум түймедағы» стратегиясына сай анықтауыш сұрақ, тәжірибелік сұрақ, бағалау сұрағы, шығармашылық сұрақ, интерпретациялық сұрақ, қарапайым сұрақтар құрастырыңдар. Сұрақтарды топпен бірге талқылаңдар.
3. Үзіндіден көрінетін құндылықтарды топта талқылап, құндылықтар бойынша кластер құрастырыңдар.
1. Жұмекен Нәжімеденовтің «Шал мен теңіз» өлеңін zhumeken. kz сайтынан оқып, екі туындыны салыстырып, өз көзқарастарыңды білдіріңдер. Шығарманың көркемдік құндылығына баға беріңдер.
2. Өздеріңе ерекше ұнаған үзіндіге «Үш жақты түсініктеме күнделігін» толтырыңдар. Ойларыңды жұптасып бөлісіңдер.
3. Мәтінді тыңдап, үзіндіде айтылған теңіз жануарлары туралы экология тақырыбында шағын эссе жазыңдар. Эсседе шал не себепті өзін теңіз тасбақасына теңегеніне назар аударыңдар. Табиғат пен адам қарым-қатынасы үзіндіде қандай сөздер арқылы берілген? Уақыт – 15 минут.
Шығармадағы Сантьяго бейнесін оның қандай қасиеттері даралап тұр? Ойларыңды түйіндеп, сыни баға беріңдер.
Кері байланыс. «Табыс сатысы» әдісі.
1-баспалдақ. Мен … білемін.
2-баспалдақ. Мен … түсінемін.
3-баспалдақ. Мен … жасай аламын.
Достарыңызбен бөлісу: |