Мазмұны түсінік хаты



бет14/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

«Ақбілек» романы
Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілегі» – көп талданған роман. Қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы психологиялық шығарма дегенде тіл ұшына бірден оралатын да осы «Ақбілек». Бас кейіпкерден бастап жанама кейіпкерлердің де ішкі әлемін жарқырата көрсетуде Аймауытов шеберлігіне бас иесің.
Әдебиеттануда нарратор, нарратология деген ұғымдар пайда болмай тұрып Алаш ұранды әдебиеттің өкілі баяншының басты қасиетін «Ақбілекте» тамаша көр­­сетті. «Күнікейдің жазығында» да ав­тордың емес, нарратордың қызметі басым. Яғни шығармаға авторлық жеке көз­қарасын тықпаламай, болған оқиғаны кейіпкерлердің өздеріне айтқызып, әрі қарай да баяншының қызметін қол­дана­тын Жүсіпбектей шебер жазушы аз. «Қа­раторы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түл­­кі мұрт, шүңірек көз жігітпін. Жасым жиы­р­маның жетеуіне шығып тұр. Атым – Бекболат» немесе «Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қарасұр жігітпін. Жасым 35-те. Өзім Мұқаш болғалы аузым асқа, ауым атқа жарыған емес» деп ке­йіпкерлерге өз жайын, өзінің мақ­сат-мұраты мен арман-аңсарын жайып сал­ғызуды қазақ прозасының тарихында ал­ғашқылардың қатарында Аймауытов бас­тады. Бұл шеберлік кейіпкерді көзбен көргендей әсер беретіні өз алдына, оның мінез-құлқы, дүниетанымы, ниеті, бәрі-бәрі айқын. Ақбілек қыздың басынан өткен ауыр да азапты оқиғаның, оның әрі қарайғы шым-шытырық өмірінің негізгі себепшілері біздіңше үш адам. Жазушы пәк қыздың басынан өткен оқиғаны қазақ даласындағы жағдайлармен байланыстыра отырып баяндамас бұрын, ең алдымен сол үшеуін жеке-жеке «сөйлетеді».
Бекболат
Өзінің айтуынша әкесі неше жылдай елу­­­басы, ауылнай, би болған жігіт оннан асқан соң-ақ қолы бос жігіттердің боқауы­зын, былапыт әңгімесін тыңдай жүріп ержетеді. Жолдастарына еріп ойын-сауық құрып, насыбай атуды, мылтық атуды, құс салып, ит жүгіртуді үйренгенін, одан қалса әкесі айттырған Жаманбаланың шотпақ қара қызын менсінбей, Мамырбайдың Ақбілегін елден таңдап айттырғанын да мақтана баяндайды. Бойжеткен қалың­дығына, яғни Ақбілекке жолдастарын ертіп жасырын кездесуге келе жатып, тау бөктерінен жолаушылардың алдын орай қашқан ор қоянды қуып жүріп, бірталай уақытты текке өткізеді. Қыз аулына таяна бергенде шулаған иттің, «апатайлаған» Ақбілектің даусын, ат тұяғының дүбірін естіп, зорлықшыларды қуа жөнелгенімен, оң иығынан жараланып, көзі қарауытып, жолдастарының жанында қала береді.
Ақтар қашқан, қызылдар қуған, ел іші әбігерге түсіп, кімді жақтаймыз, кімді дат­­таймыз, алдағы тіршілік әлдеқалай бо­лар екен деген алмағайып шақта қан­нен-қаперсіз ит жүгіртіп, құс салып, сұ­лу қызды құшуды ғана мақсат еткен мақ­таншақ Бекболаттың қалыңдығын орыс­тар көз алдында тартып әкеткенде қайрат қыла алмағаны, жолдастарының да өзі сияқты ырқыл-жырқылдан ұзап көрмеген жандар екені бір эпизодтың өзінде белгілі болады.
Офицер
«Еркін, қызық өмірді, жан тыныштықты кім жақсы көрмейді?Адам тілегенін істеу­ге ерікті болса, тұрмыс осындай болар ма еді? Біреу ырысты, біреу сорлы болар ма еді? Адамда ерік жоқ. Дүниеде тағдыр бар, лажсыз өмірге көну бар: тағдыр деген сондай, бостандық, еркіндік деген жоқ». Бұл офицердің сөздері.
Тамбов губерниясындағы бай алпауыт­тың кіші баласы үкіметті қара жұмысшы мен қара солдатты жоқтаған большевиктер алып кеткен соң құл-құтанға бағынғысы келмей, соғысып, жеңіліп, қашып бара жатыр. Алтайдың бір тығырығында қызыл­дардан жан сауғалап, маңайдағы қазаққа шабуылдап, азыққа мал, баспанаға киіз, төсеніш, ыдыс-сайман алып тіршілік қып жат­қан бұлардың қарасы жетпіс шақты адам.
Офицер «біз де әйел құшқымыз келеді» дейді. Бірақ оның ойынша қазақ надан болған соң жатырқайды, жиренеді, қазақ қызы орыс жігітін сүймейді. Соңында «біз әзір тіріміз. Тіршілік деген – арпалысып күнелту деген сөз. Ендеше, біз тіршілік қып жүрміз» деп ой түйеді. Ол өздерінің зор­лықшыл әрекеттерін осылай ақтайды. Ақ­білекті аз күн әйел қылған, соңында өлтіріп кетпекке бел байлаған офицер тір­шілік үшін ешкімді де аямайды.
Мұқаш
Сөз басында жайы белгілі болған, аузы асқа, ауы атқа жарымаған Мұқаштың да өмірлік философиясы бар. «Ойға алғанын істемеген жігіт жігіт пе!». Сараң, жаман Тө­леубайдың қозысын баққанда дамбалы борша-борша, шекпені өрім-өрім болып, жалбаңдап, кейіп, жыламсырап жүретін Мұқаш Бадығұлдың жылқысын баққанда көзі ашылып, өзі айтқандай «кісі болады». Жылқы жұттан кейін есікте жүргісі келмей, параходқа жұмыс қылуға жалданып, Өскемен, Зайсан, Семейді көреді. Азын-аулақ орысша үйренеді. Елге келіп, большевиктер туралы байдың малын, артық қатынын, жерін кедейге тартып әпереді деген өсектерді естіген соң, «балшабайдың жәшейкесіне жазылып, бесатарды мойнына салып» шыға келеді. Іс мұнымен бітер ме? Өзіне қырын қараған кісілердің үйін тінтіп, қорқытып, көр-жер алып, ақ­тардан қалған қаруларды іздестіріп, қа­зынаның мүлкіне де қол сала бастайды. Ел ішінде «шоқынып кет­ті» деген атқа қалады. Үстінен арыз борайды. Мұның негізгі мақсаты – болыс болу. Сол жолда ештеңеден тартынбайды. Бірақ Ақбілек­тің қаладағы ағасы Тө­леген Мұқаштың үс­тінен жазылған арыздарды алып, кеңсеге тапсырады. Осы жерде Мұқаш кектенеді. Тірі болса, алдына келтірем деп іштей серт байлайды. Сондағы ойлағаны – жауының қарындасының арын таптату. Орыстарға. Ол өзінің мерездігін, кекшілдігін, сатқын­дығын былайша ақтайды: «Өмірі байдан, күштіден қорлық-зорлық көріп келдім. Әлі де солардан көріп отырмын. Енді оларды мен несіне аяйын?».
«Ақбілек» – психологиялық тұрғы­дан өте күрделі роман. Бай мен кедей­дің арасындағы тап тартысы, зиялы жас­­­­­­тардың топ-топқа бөлініп аразда­суы, жаңа үкімет орнаған тұстағы қа­зақ ауылындағы өзгерістер, қала қазақ­та­­­ры­­ның орысшылдығы түрлі арналар ар­­қылы шығармадан көрініс тапқан.



«Ақбілек» романының басты идеясы мен тақырыбын анықтаңыз. Романда қандай әлеуметтік және мәдени мәселелер көтеріледі? Жазушының бұл мәселеге қатысты ұстанымын талқылаңыз.
«Ақбілек» романынының композициялық құрылымын талдаңыз. Жазушы оқиғаларды қалай құрған? элеметтердің бірігіп, шығарманың жалпы мағынасына қалай әсер ететінін түсіндіріңіз.
Басты кейіпкер Ақбілекке мінездеме беріңіз. Автор оны қалай суреттеген? Сенің ойыңдағы Ақбілек қандай?
«Ақбілек» романының желісі бойынша,қазіргі замандағы қыз балалардың тағдыры туралы эссе жазыңыз.
Қазан төңкерісі туралы зерттеу жүргізіңдер. Оқиға шығармаға қалай әсер етеді? Топпен талқылаңдар.



Сенімін жоғалтпаған қазақ қызының тек құқылы болуы, өз бақытын табу жолындағы күресінінің даму сатысын өз ойыңызша жазыңыз.


«Ақбілек» романының басты идеясы мен тақырыбын анықтаңыз. Романда қандай әлеуметтік және мәдени мәселелер көтеріледі? Жазушының бұл мәселеге қатысты ұстанымын талқылаңыз.
«Ақбілек» романын «Түртіп алу жүйесі» бойынша біліміңді қорытындылап жаз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет