АЛЛЕГОРИЯ (ежелгі грекше, аллегория – пернелеп айту), пернелеу – оқырманның санасына, қиялына ерекше әсер ететіндей образ жасаудың бейнелеуші құралы, көркемдік тәсіл. Аллегорлау – көркемдік тәсілдердің ең көнесі. Мы с а л ы : түлкі – қулық, арыстан – зорлық, қасқыр – қастық, қоян – сужүректік, есек – ақымақтық, аққу – адалдық, махаббат т.б. түрінде бейнеленетін кейіпкерлерде адамдарға тән мінез пернелеп айтылса да, бірден санаға, қиялға әсер етіп, көз алдыңа елестейді.
СИМВОЛ – әдебиетте ойды астарлап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне. Жалпы халықтық тілде кездесетін символда бір нәрсені өз қалпынан басқаша сипатта көрсетіп, сондай-ақ нақтылы бір затты, нәрсені екінші нәрсенің не ұғымның жай баламасы ретінде алу арқылы жасалады. Мысалы, гүл – жастықтың, ал көгершін бейбітшілік символы ретінде алынады. Бұл жағынан символ аллегорияға өте жақын келеді.
Зәки Ахметов
«Сыр сандық» өлеңі
Сыр сандық өлеңі 1926 жылы жазылған. Ақын өлеңін 1923 жылы Қызылжар қаласында болған жағдайға байланысты туған.
Сәкенді бір сапарында вокзалдан күткен досы Шәріпжан Потаев аяғын сындырып алады. Бірақ кейінгі тағы бір кездесуде Сәкенді танымайды, шақыртқанына келмепті. Сонда көңілі қалған Сәкен ақын:»Үлкен шенділерге табынғыш, жаоамсақ. Былтыр күтіп, аяғын сындырған дос сымағым ұлық болсам, шырқ айналар соқыр тауық болғаны ма?» дегенді ойлапты.
Жалған достар қолыңда жемің болса, сені шыр айналып қасыңнан кетпейді. Ал қолыңнан билік кетсе, жемің таусылса, ол жалт береді. Ол дос емес, жалған дос. Нағыз достар сырын ақтарып, бірін-бірі ұғынып, сыр түйінін берік сақтайды. Ондай достардың жан сарайы, жүрегі берік қойма тәрізді. Оны ақтаруға кез келгеннің қолы жете бермейді.
Тек достың досы ғанаақтара алады. Сәкен де сағына сырласатын нағыз дос іздейді. Ақын досының ішкі сырын Сарыарқаның биік шыңдарына, оның қалың нулыорманы, мұз бұлақтары мен табиғи байлығына теңейді. Сол тауда биік шың бар, онда қымбат жасау бар, сол асыл бұйым, ғажап перне, сен оның кілтін тауып аш та, сым пернені басып қара, дұрыс бассаң ғана сырын ақтара аласың. Ақынның суреттеген қоймасы — досының жан дүниесі, жүрегі.
Қазақтың дәстүрі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады», «Досы жақсының өзі де жақсы», — деген мақал-мәтелдер де жеткілікті. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дос дегеннің не екендігін білмейді.
Зеңгер (зеңгір) – 1. Аспанмен таласқан биік; заңғар. 2. Аспан түстес, көк, көкшіл. Зеңгір сырмен сырланған үлкен терезелер. Зеңгір [аспан] – заңғар аспан, зәулім көк. Зеңгір құз [шың] – биік жартас, тұңғиық шыңырау. Зеңгір орман – мәңгі көгеріп тұратын қалың, ну орман.
Достарыңызбен бөлісу: |