Мазмұны түсінік хаты


Шат – тау қойнауындағы жіңішке терең сай; шатқал. Жібек



бет27/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

Шат – тау қойнауындағы жіңішке терең сай; шатқал.
Жібек – жібек құрты ораған жіп, сол жіптен жасалған жылтыр мата.
Перне – домбыра, гитара сияқты ішекті аспаптарды ойнағанда дыбысты күшейту үшін саусақпен басатын тетік.

1. Өлеңді мазмұнындағы ой жүйесіне қарай бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қойыңдар.
2. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын, жанрын анықтаңдар.
3. Автор өлеңді неге «Сыр сандық» деп атаған? Өлең атауы саған қандай ой салды?
4. Достық дегенді қалай түсінесіңдер? Достықтың қандай түрлері болады?
5. Ақын нағыз досқа қандай қасиеттер тән деп есептейді?
6. Ақынның өлеңді:
– «Шыққанбыз, дос, шыңға талай,
Талай сырды ойланып,
Ақтарарлық алтын сарай,
Алтын сарай қойманы», –
деп аяқтауы неліктен деп ойлайсыңдар?
7. Өлеңнің негізгі идеясын Абайдың «Жаман дос көлеңке: басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың; күн шалса, қашып құтыла алмайсың» деген нақыл сөзімен қалай байланыстырар едіңдер?

1. Лирикалық қаһарманның ішкі ойы өлең жолдарында қалай көрініс тапқанын жұптасып талқылап, өлеңнен мысал келтіріңдер.
2. Өлеңдегі ақын бейнесін айқындайтын жолдарды топпен бірге теріп жазыңдар. Ақын бейнесін сөзбен сомдаңдар. Ақынның тұлғалық болмысы туралы жоба жасаңдар.
3. Өлеңнен қандай құндылықтарды байқадыңдар? Жаңашылдығы неде деп ойлайсыңдар?

4. Өлеңдегі троп түрлерін тауып, автор стилін анықтаңдар. «Таңдау және зерделеу» кестесін топпен бірге толтырыңдар.

5. Берілген үзіндіні тыңдап, көркемдегіш құралдар мен айшықтауларды теріп жазыңдар. Уақыт – 15 минут.
6. Өлең үзіндісіне «Қос жазба күнделігін» толтыру арқылы түсініктеме беріңдер.


1. Берілген үзіндіні креативті ой қоса отырып, қайта өңдеп жазыңдар.

2. Лирикалық кейіпкерге өздеріңнің сырларыңды, өзіндік ойларыңды айтып, «Ақынмен сырласу» хатын жазыңдар.
3. «Досқа айтылар сыр» айдарымен ішкі толғаныстарыңды монолог ретінде жазыңдар.

«Сыр сандық» өлеңі мен Әйтімбет шешен сөзінің идеялық үндестігі туралы әдеби сын жазыңдар.

Кері байланыс. «Оқырман көзімен».
– Жазушылар: өлеңнен алған әсерлеріңді әңгімелеңдер.
– Ақындар: достық туралы 1–2 шумақ өлең жазыңдар.
– Суретшілер: өлең идеясы бойынша сурет салыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет