Мазмұны түсінік хаты


ЕДІГЕ Пәни, фәни дүние



бет49/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

ЕДІГЕ

Пәни, фәни дүние – өткінші, жалған мағынасында қолданылып, бұл дүниенің мәңгі еместігін анықтайтын ұғым.
Шолақ белсенді – асыра сілтеуші, шаш ал десе, бас алатын адам.



1. Хансұлу қалай қайтыс болады? «…Марқұмның қол буындары сіресіңкіреп қалған екен. Төсегіне жатқызғаннан кейін қолдарын жазып, бетін ақ шүберекпен бүркеді. Содан кейін ішкі бөлменің еденін жалаңаштап, Хансұлудың денесін ақ кебінге орап, екеулеп жүріп сонда апарып қойды…» деген үзіндіде автор Едігенің бойындағы қандай мінез-құлықтарды ашып отыр деп ойлайсыңдар?
2. Жазушы романда символдық бейне ретінде нені қолданған? Оның қандай мәнісі бар?
3. Романдағы аспанның келбетін өмір туралы толғамдармен астастыра беруде қандай мағына бар деп ойлайсыңдар?
4. Едігенің тағдыры не болады деп ойлайсыңдар? Автордың шешімімен келісесіңдер ме?
5. Романның әсері тілінде ме, оқиға өрбітуінде ме?
6. Романнан қандай өмірлік қорытынды шығаруға болады?



1. Хансұлудың трагедиясын күшейткен жағдайларды топпен бірге санамалап жазып шығыңдар.

2. «Концептуалды кесте» әдісімен үзіндідегі кейіпкерлердің өмірге қызығушылықтары мен адами қасиеттеріне талдау жасаңдар.

3. Үзіндіні тыңдап, автор стилін анықтаңдар. Авторлық стиль ерекшеліктері туралы өз пікірлеріңді шағын талдау жұмысы түрінде жазыңдар. Уақыт – 10 минут.



Топқа бөлініп, бір-біріңе «Жалған дүние» романы бойынша 3 түрлі сұрақ қойыңдар. Сұрақты талқылаңдар. Романда көтерілген мәселені анықтаңдар.
Анықтау. Романдағы тарихи және көркемдік құндылықтарды анықтаңдар.
Салыстыру. Романдағы құндылықтарды заманауи тұрғыда бағалап, салыстырыңдар.
Бағалау. Романдағы тарихи және көркемдік құндылықтарды өзіндік көзқарас тұрғысынан қорытып, жаңашылдығына баға беріңдер.



«Жалған дүние» романымен идеялық жағынан мазмұндас қандай көркем шығармаларды білесіңдер? Салыстыра талдап, әдеби сын жазыңдар.
Кері байланыс. «Бағалаушы сұхбат».
1) Роман бойынша алған біліміңді қай жерде қолдануға болады?
2) Роман бойынша қандай қосымша ақпарат алғың келеді?
3) Бұл романнан не үйрендім?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет