Мазмұны түсінік хаты



бет48/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

ТОҚТАСЫННЫҢ ЖҰМБАҚ ӨЛІМІ

ТНКВД – «Народный комиссариат внутренних дел» деген орыс тіліндегі анықтаманың қысқартылып алынуы. Халықты бақылаушы орган.
Фәни дүние – өткінші, жалған мағынасында қолданылып, бұл дүниенің мәңгі еместігін анықтайтын ұғым.

1. Хансұлу өмірінің соңғы күндерінде түсінде кімді көрді?
2. Хансұлудың жанына елес болып келген Ждақай кім? Қандай бейне?
3. Неліктен Едігенің көз алдынан ЦК-ға барғандағы және қалың бет Хатшымен даладай кең кабинетте кездескендегі көрініс кетер емес?
4. Едіге мен Хатшы арасында әңгіме қалай өрбіді?
5. Хатшы бейнесі арқылы жазушы өмірде кездесетін қандай адамдарды бейнелеген деп ойлайсыңдар?
6. Едігенің күн-түн қатып, 4–5 жыл жүріп жазған кітабының тағдыры не болды?



1. Үзіндідегі Ждақай бейнесін топпен бірге талдаңдар.

2. «–…Қолжазбаңыз туралы… естігем… Ол бір… Халық басына түскен қасіретті жылдар ғой… Оны айтар мезгіл… емес қой!.. – деді, әрбір сөзі ернінен әрең үзіліп. Маңдайшаға қадалған Хатшы қасын керіп, тағы үнсіз қалды» деген үзіндіден көрінетін автор бейнесіне қатысты ойларыңды бүгінгі күнмен байланыстырып жазыңдар.
3. Үзіндіні тыңдап, көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметіне талдау жасаңдар. Уақыт – 10 минут.



1. Хансұлудың көрген түсі қандай тарихи оқиғадан хабар беріп тұр деп ойлайсыңдар?

2. Үзіндідегі ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс жазыңдар.



1. Романның тарихи және көркемдік құндылығы неде деп ойлайсыңдар?
2. Романда көтерілген мәселенің қазіргі замандағы өзектілігіне баға беріңдер.

Кері байланыс. «Жинақтау парақшасының индексі» (Екі жағында да көрсетілген тапсырмалары бар парақтар таратылады).
1-беті: бүгінгі тақырып бойынша негізгі идеяларды атап шық.
2-беті: бүгінгі тақырыптан нені түсінбегеніңді анықта.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет