Сабақтың мақсаттары
Білімділігі:Қоздырғыштардың биологиялық ерекшелігін,зертханалық диагностикалау принциптерін түсіндіру.
Дамытушылығы:Білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Білім алушыларды жауапкершілікке,тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: құрама сабақ
Сабақтың әдісі (оқытудың):түсіндірмелі-безендірмелі, мәселелік, жартылай ізденіс.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету, көрнекі құралдар:
1.Мемлекеттік стандартты плакаттар
2.Мультимедия, проектор, презентациялар, бейнероликтер.
3.Әдебиеттер:
Б.А. Рамазанова «Жеке бактериология» Алматы, 2010 ж
А.Ә. Стамқұлова «Жалпы және жеке вирусология» Алматы, 2010 ж
Сабақтың құрылымы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен тақырып бойынша тірек білімінің сай келуі.
3. Жаңа материалды мазмұндау (дәріс жоспары):
1.Сіреспе.
2. Газды гангрена.
3.Ботулизм
4. Тақырып бойынша дағдылар мен білімін бекіту
5. Сабақтың қорытындылау кезеңі.
а) Үйге тапсырма.
б) Оқушыларды бағалау.
Бұл өте қауіпті асқынулардың бірі, көбінесе қол-аяқтың терең сүйекпен қоса зақымдануында сонымен қатар алғашқы жараны сапасыз емдеуді жүргізген жағдайда пайда болады. Алғашқы көрінісі жарақаттанғаннан кейін бірнеше сағаттан, бірнеше күннің арасында болуы мүмкін. Аяқ-қол (көбінесе аяқ) ісінеді, тіндер өлуі өршиді, жалпы жағдайы нашарлайды: токсинмен ағзаның улану белгілері пайда болады. Дер кезінде көмек көрсетпесе (көбінесе зақымданған аяқтың бөлігн амплутациялау) өлім қауіпі туады. Процес басталуынан және ағзаның өлуіне дейін өте тез (сағаттар), жедел (тәуліктер) және баяу ағымда (бірнеше күннен аптаға дейін) дамиды. Гангренаны бактерияның клостридий түрі шақырады. Олар сыртқы ортада тұрақты, ал споралары қайнатқанда да өлмейді.Жарада оттегі түспегенде дамиды. Анаэробты қоздырғыштарға (инфекцияларға) сіреспе, газды гангрена және ботулизм жатады.олар жаралар инфекцияланғанда және организмнін басқа да зақымдалуларында жарақат инфекциясы ретінде саналады. Олар жайлы организмнің зақымдалуы туралы бөлімде жан-жақты айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |