«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет11/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Сіреспе ауруы


Сіреспе (лат., ағыл., фр.-tetanus; нем.- starrkrampt; орыс.- столбняк) – сапрозоонозды бактериалды қоздырғышы жанасу механизмі арқылы берілетін орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен бұлшық еттердің сіресуімен асфекция дамуы мүмкіндігімен сипатталатын жұқпалы ауру.
Аурудың маңызы ауыр клиникалықағымына, өлім деңгейінің жоғарылығына, кең таралғандығына, инфекцияның сапрозоонозды (инфекция көзінің көптүрлілігі) сипатына байланысты.
ЭтиологиясыСіреспе қоздырғышы - Clostridium tetani Bacillaceae туысына жататын спора түзетін облигатты анаэроб. Аэробты жағдайда микроскоппен барабан таяқшасы тәрізді спора түрінде көрінеді. Спора қоршаған ортада жылдар бойы сақталады. Анэробты жағдайда, 37°С температурада ылғалды, аэробты бактериялармен араласқан ортада споралар вегетативті цормаға айналады. Вегетативті формадағы қоздырғыштар грам оң боялады, қоғалады (талшықтары арқылы). О- және Н – антигендік топтармен сипатталады, Н- антигеніне байланысты 10 серологиялық варианттарға бөлінеді. Қоздырғыш вегетативті формасында аса улы экзотоксин бөледі. Экзотоксин тұрақсыз, кілегей қабаты арқылы сіңіріле алмайды.Сіреспе эндотоксині 3 бөліктен құралған:тетаноспазмин, тетаногемализин және ұсақ молекулалық бөлік.
Споралар қайнатқанда 1 сағаттан кейін өледі, 5% фенол ерітіндісі, 1% формалин ерітіндісі, иод, сутегінің асқын тотығы 10 сағатта өледі. Вегетативті формасы әдеттегі физикалық, химиялық факторлармен 3-6 сағатта жойылаы.
Инфекция көзі. Шөп қоректі жануарлар, кеміргіштер,құстар және адам. Қоздырғыш жануарлардың және адамның асқазан-ішек жолдарында сапрофиттік тіршілік етеді. Олардың нәжісімен қоршаған ортаға түскеннен кейін спора түрінде ұзақ уақыт топырақта сақталады. Қолайлы климаттық жағдай туғанда споралар вегетативті формаға айналып, көбейіп, қайта спора түзеді . осы құбылысқа қарай сіреспені сапроантрозоонозды инфекцияларға жатқызуға болады. Ауру адам қауіпсіз. Қоздырғыштың берілу механизмі – жанасу. Қоздырғыш жарақатталған тері қабаты арқылы өтеді. Тыныс жолының клегей қабаты арқылы да өтуі мүмкін. Жанасу механизмінің жүзеге асу жолдары әр түрлі: тұрмыста, медицинада,өндірісте. Бейбіт кезде барлық аурулардың 85% астамы тұрмыста залалданады. 5-6% негізінен медициналық мекемеден тыс жерде жасалынған түсікпен босану кезінде болады. Қоздырғыштың берілу факторлары топырақ, көң, нәжіс, шаң ластанған әр түрлі тұрмыс эаттары, хирургиялық, акушерлік құралдар. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы әр түрлі 1-2 күннен 1 айға дейін созылуы мүмкін. Көп жағдайда 6-14 күн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет