Таралу жолдары.
1.Ауа арқылы
2.Тұрмыстық-қатынас арқылы (ыдыс, ойыншықтар).
Адамдарда тудыратын аурулар:
1.Таңдай дифтериясы.
2.Мұрын дифтериясы.
Сирек кездесетіндер:
1.Көз дифтериясы
2.Құлақ дифтериясы
3.Тері дифтериясы
Иммунитеті.
1.Антитоксиндік
2.Антибактериялық
Алдын-алу. Ауру адамдарды оқшаулау. Ерте диагностика жасау.Зарарсыздандыру тәртібін сақтау.
Арнайы алдын алу.Анатоксин қолдану. АКДС вакцинасын қолдану.
Емдеу.Емдеудің негізгі әдісі-дифтерияға қарсы антитоксиндік сарысуды жедел енгізу. Дифтерияға қарсы антитоксиндік жылқының тазартылған сұйық сарысуы қолданылады. Ауру басталған соң (3 тәуліктен кейін) антитоксиндік сарысу енгізілмейді. Дифтерияға қарсы адамның иммунды глобулинді қолданылады. Сонымен қатар антибиотиктермен емдеу жүргізеді (пенициллин, эритромицин немесе макролидтер және басқа бетта-лактамды антибиотиктер).
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
Тұқымдастықты неге бордетеллалар деп атады?
Бордетеллалардың морфологиясы, культуралдық қасиеттері қандай?
Бордетеллалардың ферментативтік белсенділіктері қандай?
Көкжөтел мен болжам көкжөтелдің бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастықтары қандай?
Бордетеллалар қандай элективті орталарда өседі?
Көкжөтел қоздырғышы қандай токсин түзеді?
Бордетеллалардың антигендік құрылысы қандай?
Бордетелалардың инфекция көзі, таралу жолдары, иммунитеті, алдын алуы қандай?
Күл қоздырғышын тапқан кім?
Коринебактериялар деп неге атайды?
Дифтерия деген сөз қандай мағынада айтылады?
Күл қоздырғышының морфологиясы мен дақылдану қасиеттері қандай?
Күл қоздырғышының қандай биоварианттарын білесіз?
Дифтерия қоздырғышы қандай токсин түзеді?
Дифтерия қоздырғышының инфекция көзі, таралу жолдары қандай?
Күл қоздырғышының қоршаған ортада төзімділігі қандай?
Дифтерия қоздырғышының алдын алуы, емдеуі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |