«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша


-бөлім. Вирустық жұқпа қоздырғыштары



бет4/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

15-бөлім. Вирустық жұқпа қоздырғыштары.
Оқу ақпараты:
Жалпы сипаттама. Вирустардың номенкластурасы және жіктеу принциптері. Дақылдандыру. Вирустық жұқпалардағы иммунитет ерекшеліктері.
РНҚ- геномды вирустар. Ортомиковирустар. Тұмау вирусы.Тұмау қоздырғышының сипаттамасы. Тұмау көзі және жұғу жолдары. Тұмаудың патогенезі және клиникалық белгілері. Тұмаудың қоздырғышын дақылдандыру тәсілдері. Емдеу және алдын алу препараттары.
Рабдовирустар. Құтыру вирусының қоздырғышы. Құтыру вирусының қоздырғышының сипаттамасы. Сыртқы ортада резистенттілігі. Қоздырғышты дақылдандыру тәсілдері. Құтыру вирусының эпидемиологиясы: вирустың табиғаттағы көздер, ауру көзі және жұғу механизмдері. Аурудың патогенезі және клиникасы. Зертханалық диагностика тәсілдері. Құтыру вирусын арнайы профилактикасы және емі. Құтыру вирусын алдын алудың жалпы ерекшеліктері .
Пикорнавирустар. Сал вирусы. Сал вирусының жіктелуі. Сол биологиялық қасиеттері . Салдың эпидемиологиясы (ауру көзі және жұғу жолы мен механизмі). Салдың патогенезі және клиникасы. Сал кезіндегі иммунитет. Салдың зертханалық диагностикасы: қолданылатын клиникалық материал; дақылдандыру тәсілдері. Салды емдеу және алдын-алу.
Қызылша вирусы. Қызылша вирусының сипаттамасы.Қызылшаның эпидемиологиясы: ауру көзі, жұғу жолдары. Патогенезі және аурудың клиникасы. Зертханалық диагностикалық тәсілдер. Емі, қызылшаның арнайы алдын алу шаралары.
А гепатит вирусы, Е және С гепатиті. А гепатитінің морфологиясы және биологиялық қасиеттері. А гепатитінің эпидемиологиясы (ауру көзі және берілу жолы мен механизмі). А гепатитінің диагностикасы және алдын алуы. А гепатитінің зертханалық диагностикасы: клиникалық материалы; дақылдандыру әдістері. А гепатитін емдеу және алдын алу.
Г гепатит вирусы. Эпидемиологиясы, клиникасы және Вирусты Е зертханалық диагностикалау принциптері. С гепатит вирусы. Эпидемиологиясы, клиникасы және зертханалық диагностикалау принциптері. В гепатит вирусының таксономиясы және морфологиясы. В гепатитінің қоздырғышының антигендік құрылымы.Сыртқы ортада резистенттілігі және дақылдандыру тәсілі. В гепатитінің ошағы және берілу түрлері. Жұқпаның клиникасы және патогенезінің ерекшеліктері. В гепатитінің зертханалық диагностикасының негізгі сипаттамалары. Жұқпаны алдын алу және емдеу препараттары.
Адамның иммунды тапшылық вирусы. АИВ антигендік құрылымының ерекшеліктері, морфологиясы. АИВ жұқпасының эпидемиологиясы. Дүниежүзінде АИВ жұқпасымен аурушылдық. АИВ-ке неғұрлым сезімтал ағза жасушалары, ауруға патогенезі. АИВ жұқпасына неғұрлым нақты сипаттама беру әдістері. ЖИТС-пен ауруларды емдеудегі негізгі принциптер. Емдеуге арналған негізгі химиопрепараттар ЖИТС-тің имунопрофилактикасы.
Онкогенді вирустар.Онкогенді вирустардың биологиялық қасиеттері. Вирустық және жасушалық онкогендер және антионкогендер. Адамның қатерлі ісігінің патогенезіндегі онкогенді вирустардың рөлі.
Баяу вирусты жұқпалардың қоздырғыштары. Прионды жұқпалар. Адамдағы прионды аурулардың эпидемиологиялық ерекшеліктері. Прионды жұқпаны алдын алу шаралары.
Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы:


Біледі: бактериологиялық және вирусологиялық зертханаларда жұмыс істеу ережелерін, дезинфекциялық режимді сақтау ережелерін, микроскоптық зерттеу техникасын, жұқпалы аурулардың ерекшеліктерін, иммунды алдын алу шараларын, иммунды терапияны жүргізуді.


Істей біледі: зерттеуге материалды алу, материалды қоректік орталарға егу, таза өсіндісін бөліп алу, микроорганизмдердің сезімталдығын анықтайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет