Негізгі және қосымша әдебиеттер.
Б.А. Рамазанова «Жеке бактериология» Алматы, 2010 ж
А.Ә. Стамқұлова «Жалпы және жеке вирусология» Алматы, 2010 ж
Ақпараттық блок
1-тақырып: Ауа-тамшы жұқпа қоздырғыштары
Сабақтың мақсаттары
Білімділігі:Қоздырғыштардың биологиялық ерекшелігін,зертханалық диагностикалау принциптерін түсіндіру.
Дамытушылығы:Білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Білім алушыларды жауапкершілікке,тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: құрама сабақ
Сабақтың әдісі (оқытудың):түсіндірмелі-безендірмелі, мәселелік, жартылай ізденіс.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету, көрнекі құралдар:
1.Мемлекеттік стандартты плакаттар
2.Мультимедия, проектор, презентациялар, бейнероликтер.
3.Әдебиеттер:
Б.А. Рамазанова «Жеке бактериология» Алматы, 2010 ж
А.Ә. Стамқұлова «Жалпы және жеке вирусология» Алматы, 2010 ж
Сабақтың құрылымы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен тақырып бойынша тірек білімінің сай келуі.
3. Жаңа материалды мазмұндау (дәріс жоспары):
1.Бордетеллалар.
2.Көкжөтел және болжам көкжөтел қоздырғыштары.
3.Күл қоздырғышы
4. Тақырып бойынша дағдылар мен білімін бекіту
5. Сабақтың қорытындылау кезеңі.
а) Үйге тапсырма.
б) Оқушыларды бағалау.
Бұл аурулардың қоздырғыштары BordeteIIa туыстығына жатады.
1.BordeteIIa pertussis-көкжөтел қоздырғышы, 1906 жылы Борде және Жангу сипаттаған.
2.BordeteIIa parapertussis-болжамкөкжөтел қоздырғышы, 1937 жылы Элдеринг және Кондрик тапқан.
3.BordeteIIa bronchiseptica-жануарларда ауру тудырады. Адам ағзасында бронхопневмонияға ұқсас ауру тудыруы мүмкін. 1926 жылы Браун тапқан.
Морфологиясы. Өте ұсақ, сопақша келген таяқшалар. Болжамкөкжөтел таяқшасы-ірілеу. Споралары жоқ. Қозғалмайды. Капсула түзеді. Грам – боялады.
Достарыңызбен бөлісу: |