«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет56/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Зерттеу материалдары:
1.Жара құрамы
2.Зақымдалған аймақтан тін
3.Жараға түскен бөгде дене
4.Профилактикалық мақсатта таңу материалын, кетгут, мата, теріастына енгізетін препараттардың стерильділігін зерттейді.
5.Топырақ


Іс-әрекет алгоритмі:
Зерттеудің 1-ші күні:
Жара құрамы, зақымдалған аймақтың бөлігі, бөгде дене-
Микроскопиялық әдіс. Алынған материалды бірнеше заттық әйнекке жағады, кептіреді, фиксациялайды. Жағындының бір бөлігін Грам әдісімен бояп, бір бөлігін Ожешко әдісімен спорасын бөліп алу үшін бояйды. Жағындыларды микроскопиялайды. Грам оң споратүзуші таяқшалардың табылуы ориетировалы диагноз қоюға мүмкіндік береді.


Биологиялық сынама.
1.Стакандағы ұсақталған үстіне натрий хлоридінің изотоникалық ертіндісін құйылған материалды 1 сағатқа токсин экстрагированиясы үшін қалдырады.
2.Алынған экстрантты мақта-мәрлі фильтрі арқылы сүзеді.
3.Фильтрді 2 порцияға бөледі.
4.Порцияның біреуіне сіреспеге қарсы анатоксин қосып 1 сағатқа токсинді бейтараптау үшін қалдырады.
5.Эмульсияның 2ші бөлігін флакондардағы қоректік ортаға және қоректік агары барПетри табақшасына егеді.
6.Егулерді 35-37С-та анаэробты жағдайдан инкуберлейді.


Зерттеудің 2-3ші күндері.
1.Егер жануарлар өлмесе,оларға бақылау жүргізу жалғаса береді.Тышқандардағы сіреспенің белгілері:жүні,аяқ-қолдары мен құйрығының ригидтілігі,токсин енгізілгендерінде салдану болады.Жануарлар өлгенде алдыңғы аяқтарын жинап және артқы аяқтарын созып қалады.Жануарлар өлгеннен кейін микроскопиялық және бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.Соңғы токсинмен антитоксинді біруақытта алған тышқандарда сіреспе ауруы туындамайды.
2.Биологиялық сынаманың теріс нәтижесінде егулерді зерттейді.Күдікті колонияларды таза дақыл алу үшін Китта Тароцци ортасына егеді.


Зерттеудің 4-5ші күндері
1.Бөлінген микроорганизмдердің дақылдық қасиеттерін зерттейді.
2.Жағынды жасап және микроскопиялайды.
3.Алынған дақылды биологиялық сынамада сіреспе токсинін анықтау үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет