«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет54/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Тапсырма 6. Есептерді шешіңіз.
ЕСЕП №1
Бактериологиялық зерттеуге К. 42 жастағы науқас назофарингитке күдіктенген менингитпен ауырған науқаспен қатынаста болған жіберілді.
Сұрақтар:
1.Қандай қоздырғышқа зерттеу жүргізіледі?
2.Зерттеуге алынатын материал және науқастан қалай алу керек?
3.Қандай қоректік құрамдарға егу жүргізіледі?
4.Қоздырғыштың түрін қалай анықтайды?

ЕСЕП №2
Жұқпалы бөлімге А. 5 жастағы бала ауырып түсті: дене қызуы 390С, жұтқанда ауырады, миндалинадан жағындыны шпательмен алғанда шырышы қансырайды.


Сұрақтар:
1.Қандай материалды зерттеуге алу қажет? Материалды алу тәсілдері.
2.Қандай қоректік құрамдарға егу жүргізіледі? Қалай?
3.Әрі қарай зерттеуді қалай жалғастырады?
ЕСЕП № 3
Күлге микробиологиялық зерттеу кезінде КТАда ірі қара түсті, шеті тегіс емес колониялар өсті.
Сұрақтар:
1.Қоздырғыштың түрі,биовары жайлы алдын ала болжам жасаңыз.
2.Микроорганизмдердің түрін анықтау үшін қандай тесттер қолданады?
3.Қандай бояу әдістері қолданады?
4.Қандай морфологиялық ерекшеліктері бойынша дифтериялық коринебактерияларды дифтероидтерден ажыратуға болады?
ЕСЕП № 4
Ристомицин қосылған сарысулы агарға менингитпен ауыртан науқастаың жұлын сұйықтығын еккенде нәзік көгілдір түсті колониялар өсті.
Сұрақтар:
1.Бұл қандай қоздырғыш?
2.Жағындыны бояу үшін қандай бояу әдістері қолданады?
3.Микроскопияда қоздырғыш қалай көрінеді? Қоздырғыштың түрін қалай анықтайды?
III : Бақылаушы блок


Тест сұрақтары
I нұсқа
1. Ең алғаш күл қоздырғышын ашқан:
а) Т.Клебс
b) Эберт
c) Эшерих
d) Мечников
e) Ивановский
2. Күл таяқшасының токсигендігін анықтайтын орта:
а) Мартен
b) Клауберг
c) Бучин
d) Кесслер
e) Козер
3. Ең алғаш менингококкты тапқан:
а) Кох
b) Пастер
c) Вексельбаум
d) Листер
e) Бильрот
4. Менингококктардың тұқымдастығы:
а) Нейссериялар
b) Энтеробактериялар
c) Микобактериялар
d) Коринебактериялар
e) Фузобактериялар
5. Менингококктардың жағынды препарата орналасуы:
а) жүзім тәрізді шоғырланып
b) бір-бірден
c) екі-екіден
d) төрт-төрттен топтасып
e) моншақ тәрізді тіркесіп
6. Менингококктардың жұғу жолы:
а) ауа шаңы, ауа тамшысы арқылы
b) тағам арқылы
c) тұрмыстық қатынас арқылы
d) жыныстық жолдар арқылы
e) қан арқылы
7. Микроскопта дифтерия қоздырғышы осы тәрізді көрінеді:
a) тізбектеніп орналасқан таяқшалар түрінде
b) шарбақ сияқты орналасқан таяқшалар түрінде
c) бір-біріне қиылы орналасқан таяқшалар
d) ретсіз орналасқан таяқшалар
e) шоғырланып орналасқан кокктар
8. Neisseria meningiditis-ті патогенез нейссерияларын ажыратуға болады:
a) 37 0 С температурада өсуі
b) 22 0С температурады өсуі
c) Грам бойынша теріс боялуы
d) оксидазалық сынамасының оң болуы
e) жоғары тыныс алу жолының шырышты қабықтарында мекендеуі
9.Көкжөтел микробының колониясының пішіні:
a) арыстан жалы
b) медуза басы
c) сынап тамшылары
d) дәстүргүл пішініне ұқсас
e) Эндо ортасында қызыл колония түзеді
10. Көкжөтел қоздырғышының қасиеттері:
a) спора түзеді
b) жылдам өседі
c) облигатты аэроб
d) биохимиясы белсенді
e) қоректік орталарға талғамды
11. Көкжөтел қоздырғышын алғашқы рет сипаттаған кім:
a) Борде Жангу
b) Гамалея
c) Пастер
d) Минх
e) Кондрик
12.Болжам көкжөтел микробын тапқан кім?
a) Борде Жангу
b) Элдеринг және Кондрик
c) Гамалея
d) Пастер
e) Минх
13.Элективті қоректік орталары:
a) Борде - Жангу
b) Бучин
c) Эндо
d) Казеинді-көмірлі орта
e) Висмут ортасы
14.Бордетеллалардың морфологиясы:
a)спора +, капсула -, қозғалады Грамм «+» боялатын таяқша
b) спора -, капсула +, қозғалмайды,Грамм «-» боялатын таяқша
c) спора -, капсула -, қозғалмайды,Грамм «-» боялатын таяқша
d) спора -, капсула -, қозғалмайды,Грамм «+» боялатын таяқша
e) спора +, капсула +, қозғалады Грамм «+» боялатын таяқша
15. Көкжөтел диагностикасына арналған КБР:
a) Борде - Жангу
b) Вассерман
c) Видаль
d) Кумбс
e) преципитация

II нұсқа


1. Микроб клеткасының сыртқы қорғаныс органелласы:
а) клетка қабырғасы
b) пильдер
c) талшықтар
d) спора
e) капсула
2. Клетка қабырғасы толығымен жойылған бактериялар:
а) протопласт
b) анаэроб
c) сферопласт
d) аэроб
e) мезофил
3. Күл ауруын немен емдейді:
a) сары су
b) пенициллин
c) анатоксин
d) бактериофаг
e) иммуноглобулин
4. Бордетеллаларды өсіру үшін қажетті жағдай:
a) рН
b) ылғалдылық
c) қан
d) глицерин
e) анаэробты жағдай
5.Қай әдіспен бордетеллалар қызыл түске боялады:
a) Грам
b) Циль-Нильсен
c) Бурри-Гинс
d) Нейссер
e) Ожешко
6. Көкжөтел қоздырғышын алғашқы рет сипаттаған кім:
a) Минх
b) Гамалея
c) Пастер
d) Борде Жангу
e) Кондрик
7. Вакцинаның көмегімен қандай иммунитет қалыптасады:
a) тұрақты иммунитет
b) тұрақсыз иммунитет
c) табиғи иммунитет
d) залалды иммунитет
e) жүре пайда болған иммунитет
8. Күл таяқшасына элективті орта:
a) Гисса ортасы
b) Клауберг ортасы
c) Тинсдаль ортасы
d) Рессел ортасы
e) Левенштейн-Иенсен ортасы
9. Бөлініп алынған дақылды мынадай қасиеттері бойынша идентификациялайды:
a) морфологиялық
b) тинкториалдық
c) дақылдық
d) биохимиялық
e) аталғандардың барлығы
10. Дифтерияға күмәнді баланың көмейінен уілегей алынды. Боялған препаратта волютин дәндері табылды.Бояу әдісін айтыңыз:
a) Циль - Нильсен
b) Нейссер
c) Ожешко
d) Маккиавелло
e) аталғандардың барлығы
11. Менингококкты инфекция кезінде ену қақпасы:
a) асқорыту жүйесі
b) тері жабындысы
c) жыныс мүшелерінің шырыштары
d) жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабықтары
e) көздің шырыштары.
12. Коринобактерияларға тән:
a) капсула түзу
b) жағындыда V,X рим цифрлері тәрізді орналсуы
c) грамтеріс болуы
d) қышқылға төзімділігі
e) Бабеш-Негри денешектерінің болуы.
13. Көкжөтел қоздырғышының сипаттамасы:
a) ұсақ,грамтеріс, коккобактериялар, қатаң аэробтар, капсуласы бар.
b) шеттері жұмырланған ірі таяқшалар
c) майда, грамтеріс таяқшалар
d) дара орналасқан грам оң кокктар
e) шеттері жұмырланған орта пішінді таяқшалар
14. Күлдің спецификалық алдын алуы үшін қолданылады:
a) АКДС
b) БЦЖ
c) химиялық вакцина
d) анатоксин
e) бактериофаг
15.Менингококкты инфекцияға диагноз қою үшін қанды қандай ортаға себуіміз керек
a) ЕПА
b) ристомицині бар орта
c) сарысулы орта
d) Эндо ортасы
e) қанды бактериоскопиялық зерттеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет