«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет60/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

3 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Аса қауіпті инфекция қоздырғыштары

Мақсаты:
-Аса кауіпті бактериялық инфекциялардың қоздырғыштарын анықтау үшін тәжірибелік дағдылар үйрету.
-Білім алушылардың ойлау қабілетін жетілдіру.Зерттеу жұмыстарына талдай жасай білуге бағыттау.
-Білім алушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: тәжірибелік сабақ.
Оқыту әдістері: жұптасып жұмыс жасау, оқулықпен жұмыстану, ситуациялық есептер шығару, өзіндік жұмыс тақырыбын талқылау, тесттік тапсырманы орындау.
Тақырыптың оқу-әдістемелік құралдармен қамтылуы:
1. Интерактивті тақта
2. Тақырып бойынша кестелер мен сызбалар,плакаттар
3. Ситуациялық есептер
4. Тесттер
5. Оқу- әдістемелік құрал
6. Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер;

  1. Б.А. Рамазанова «Жеке бактериология» Алматы, 2010 ж

  2. А.Ә. Стамқұлова «Жалпы және жеке вирусология» Алматы, 2010 ж

Сабақтың құрылымы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен тақырып бойынша теориялық білімін тексеру.
3. Тапсырманы орындауға арналған нұсқаулық.
4. Оқушылардың өз бетімен жұмысы.
5. Жұмыс нәтижесін тексеру, талдау және бағалау.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың жүру барысы
1-тапсырма . Оба иерсиниясын бөлу және идентификациялау кезінде материалдары мен бірінші, екінші, үшінші, төртінші зерттеу кезеңдерінің әдістері. Псевдотуберкулез бен оба иерсиниясын дифференциялайтын белгілерге сипаттама беріңіз.
Мақсаты:зерттелетін материалдан оба иерсиниясын бөліп алу, оба иерсиниясының псевдотуберкулезден идентификациялау және патогенділігін зерттеу, зерттеу хаттамасын толтыру.
Зерттеу әдісі: микроскопиялық, биологиялық, люминесцентті-серологиялық.
Зерттеу материалдары: ойық жара немесе бубон пунктаты, қақырық (өкпелік форма), нәжіс (ішекті форма ),қан (барлық формада), мәйіттен материал (мүшелер, қан, жұлын сұйықтығы), бүрге - ішегінің бөлігі, кеміргіштер (ішкі мүше, қан).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет