Патогендік- микроорганизмдердің адамдарда, жануарларда және өсімдіктерде жұқпалы ауруларды қоздырғыштық қабілеттілігі.
Пектиндер- бірқатар өсімдіктер (жемістер, қара қурай) клеткаларын ез ара жалғастырып туратын полисахаридтер тобына жататын углеводтар.
Пектин ашу процесі - кейбір зең саңырауқұлақтары мен бактериялар клеткала рында болатын пектиназа ферментінің әсерінен клетка аралық пектин заттарының ыдырауы. Пеницилл- қалталы саңыраукұлақтар класына жататын туыс. Споралары саусақ тәрізденген конидиносцыларда орналасады. Табиғатта кең тараған, жасыл-кек тусті зең саңыраукулактар осыған жатады.
Пенициллин - пеницилл саңыраукулағынан тіршілік әрекеті барысында беліиетін антибиотик. Ол бірқатар ауруларға ем ретінде қолданылады.
Перитрихтар - қозғалу органы - жіпшелері денесін түгел жаба орналасқан бакериялар. Олар бір орында тұрып, тербеле қозғалады.
Пиноцитоз (pinocytosis; лат. pinos - жұту, ішу, сіміру; kytos - жасуша) - жасушаның плазмолемма арқылы қоршаған ортадан сұйық затты немесе ерітіндіні нәзік- микроскопиялық мөлшердегі көпіршіктер түрінде жұту процесі.
Пигменттер- жарықтың зиянды әсерінен сақтауда зор маңызы бар, зат алмасуына белсене қатысатын микроорганизмдерде кездесетін әр түрлі түске боялған тіршілік өнімі. Көптеген микроорганизмдерде пигмент клетка ішінде орналасады. Ал кейде бул бояулар қоректік ортаға да бөлінеді.
Плазмолиз - қант, туз, глицерин және басқа да заттардың күшті концентрациялы ерітіндісіне салғанда бактериялар клеткасында байқал.атын қубылыс.Бунда цитоплазмадағы судың ерітіндіге ауысуына байланысты клетка қабығы ажырап, жиырылады.
Полимофтық- кейбір микроорганизмдер клеткалары пішіндерінің өзгеруі. Бұған табиғатта аса көп тараған протеус бульгарис деген шіріту бактериялары жатады. Кейде олар ұсақ таяқшаға уқсаса, кейде ұзарып, жіп тәрізді күйге айналады.
Полирибосома немесе полисома - рибосомалар мен РНҚ-ның кешені, онын молекуласының қатарға орналасуы.
Провирус (провирус ДНҚ-сы) - вирус геномының тіршілік құру түрлерініц бірі. Онда вирус геномы торша геномымен қосылып бірлескен ДНҚ молекуласын құрады. Провирусқа кейбір бактериофагтар мен ісік туғызатын вирустар жатады. Дімкәстік кезең - аурудың алғашқы белгілерініц пайда болуынан бастап оның клиникалық белгілерініц толық дамуына дейінгі кезең.
Профаг - қалыпты бактериофагтардың жасырын түрі. Әдетте қалыпты фаг геномдары профаг жағдайына өткенде ДНҚ белгілі бір бөлігіне онымен бірге енеді. Бұл фаг геномының арнайы аймағымен қадағаланады. Кейде бактериофаг хромосомаға косылмайды да, одан бөлек, тұйық ДНҚ түрінде бактерия торшасы ішінде өмір сүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |