«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша


Мезофилдер- сыртқы ортаның температурасы бір қалыпты болғанда (+30-+40°) өніп-өсіп, көбейетін микроорганизмдер.. Метабиоз



бет87/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Мезофилдер- сыртқы ортаның температурасы бір қалыпты болғанда (+30-+40°) өніп-өсіп, көбейетін микроорганизмдер..
Метабиоз - микроорганизмдердің бір тобының, екінші бір тобының тіршілігі нәтижесінде пайда болған заттарымен коректенуі. Мәселен, күкірт бактерияларыньщ әрекетінен пайда болған күкірт қышқылы басқа заттарды ыдыратып, бактериялардын, қалған топтарына қоректік орта түзеді.
Микология (грек. mykes – саңырауқұлақ және логия) – саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым. Микологияның негізгі мақсаты саңырауқұлақтың морфологиясын, түрлік құрамын, жүйелік топтарын, биологиясын, экологиясын, физиологиясын, филогениясын, т.б. сондай-ақ табиғатта таралуы мен адам тіршілігіндегі маңызын зерттеу.
Микроорганизмдер колониясы - қоректік ортада бір клеткадан дамыған, жай көзбен көруге болатын микроорганизмдердін. жиынтығы. Әр түрлі микроорганизмдердің колониясы өздерінін, түсіне, пішініне қарай түрліше болады.
Микроорганизмдердің тыныс алуы - тіршілікке қажетті энергия бөлінуді қамтамасыз ететін, клеткада өне бойы жүріп жататын биохимиялық процестердің жиынтығы. Тыныс алудың екі түрі бар: аэробты және анаэробты түрлер.
Микроорганизмдердің қозғалуы - активті және пассивті түрлері бар. Біріншісіне амебалар, түрлі қозғалғыш бактериялар, кірпікшелілер, шырыш бактериялары жатады. Екіншісі сұйықта болатын бактерияларда байқалады.Оны броундық қозғалыс деп атайды. Микроорганизмдердің өзгергіштігі - сыртқы орта жағдайларының және түрлі химиялық, физикалық факторлардьщ әсерінен кейде пайда болып, кейде жоғалып отыратын микроорганизмдер клеткасына тән табиғи қасиет.Микроорганизмдердің өзгеруі түқым қуалаушылыққа байланысты және оны қолдан басқаруға мүмкіндік туды.
Микобактериялар- бактериялар мен микроскоптық саңырауқұлақтардың қасисеттері тән таяқша тәрізді микроорганизмдер. Бұлардың кейбіреулері ауру қоздырғыштар.
Микрококкалар- шар тәрізді микобактериялар.
Микодерма - спиртті ішімдіктерде, шараптар мен сыралардың бетінде қалын, қабық түзе өсетін жетілмеген саңырауқүлақтар класына жататын ашытқылар тәрізді микроорганизмдер. Олар спиртті су мен көмір қышқылына дейін ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет