«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша


Монотрихтар- клеткаларынын, бір үшында жалғыз жіпшесі бар, қозғалғыш бактериялар. Мәселен, оған вибриондар жатады. Муко



бет89/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Монотрихтар- клеткаларынын, бір үшында жалғыз жіпшесі бар, қозғалғыш бактериялар. Мәселен, оған вибриондар жатады.
Мукор - фикомицеттер класына жататын төменгі сатыдағы микроскоптық саңырауқүлақтар. Гифтері жеке клеткаға ажырамаған, ұшында спораға толы жүмыр спорангийі болады.
Мутаген(латын тілінде mutatіo – өзгерту және ген) – клетканың генетикалық материалын бұзатын және мутациялық өзгерістердің пайда болуына ықпал ететін әр түрлі факторлар. Олар химиялық, физикалық және биологиялық болып бөлінеді. Химиялық мутагенге: көптеген алкилдеуші қосылыстар, нуклеин қышқылдарының азотты негіздерінің аналогтары, алкалоидтар, т.б.; физикалық мутагенге: иондаушы сәулелердің барлық түрлері (гамма, рентген сәулелері, протондар, нейтрондар), ультракүлгін сәулелері, жоғарғы және төм. темп-ра, т.б.; ал биологиялық мутагенге: көптеген вирустар жатады. мутагендердің әсерінен клетканың, қала берді организмнің қалыпты тіршілік ету жағдайы бұзылады. Соның нәтижесінде мутацияның барлық типтері (гендік, хромосомдық, геномдық) көрінеді. Организмде мутация жиілігін жүздеген есе өсіретін мутагендерді ‘‘супермутагендер’’ деп атайды. Кейбір мутагендер канцерогендік те әсер етеді.
Мутация (латын тілінде mutatіo – өзгеру) – табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде ағзаның белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды. Ғылымға мутация терминін 1901 ж. голланд ғалымы Х. де Фриз (1848 – 1935) енгізді. Генетикалық аппараттың өзгеруіне байланысты мутацияның: геномдық, хромосомалық, гендік немесе нүктелік деген түрлері бар.
Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus - ядро) - құрамында фосфоры бар биополимерлер. Табиғатта өте көп тараған. Молекулалары нуклеотидтерден тұрады, бір нуклеотидтіқ 5'-фосфор арасындағы эфирлік байланысы мен келесі нуклеотидтің углевод қалдығының 3'-гидроксилі арасы эфир байланысымен нуклеин қышқылдары углеводты-фосфатты қаққасын калайды. Нуклеин қышқылдары жоғарғы полимерлі тізбектері ондаған немесе жүздеген нуклеотидтің қалдықтарынан тұрады. Олардың м. с. 105-1010. Нуклеин қышқылдары құрамына кіретін мономерлерінің (дезокси- немесе рибонуклеотидтер) түріне қарай ДНҚ жәңе РНҚ деп бөлінеді.
Нуклеозидтер - азот негізі мен рибозадан (рибонуклеозидтер) немесе дезоксирибозадан (дезоксирибонуклеозидтер) тұратын қосылыстар. Олар пурин немесе пиримидин негіздерінің Ы-гликозидтері. Фосфокиназалардың әсерімен фосфорланып нуклеотидтер құрайды.
Нуклеокапсид- нуклеин қышқылымен ақуыздан тұратын құрама, яғни белокқа оралған вирус геномы. Әдетте бұл ұғымды күрделі вирустар бөлшектері кұрылымын белгілеуге қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет