«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша



бет20/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Микробиологиялық диагноз қою. Барлық зерттеулер арнайы зертханаларда, қорғаныш киімдерімен жүргізіледі. Зерттеу материалы бубон пунктаты, қақырық, қан, нәжіс, мәйттер мен өлген жануарлар ағзаларының бөлшегі болып табылады.
Емдеуі. Антибиотиктер (стрептомицин, тетрациклин, левомицетин, рифампицин, ципрофлоксацин) және ұзақ уақыт әсер ететін сульфаниламидтер және обаға қарсы иммундыглобулин мен спецификалық фаг қолданылады.
Алдын алуы. Шет елден инфекцияның әкелінуінің және оба боцынша бойынша эндемиялық ошақтарда аурудың пайда болуын алдын алуға бағытталған шаралар негізгі болып табылады. Арнайы сақтандыруды эпидемиялық көрметкіштер бойынша обамен ауыратын науқас пайда болуы жағдайында немесе обаның табиғи ошақтарында тұратын адамдар арасында жүргізеді. Аттенуацияланған EV штамынан алынған тірі вакцина қолданылады, оны тері үсті,тері астына (инесіз егу) пероралды және аэрозолды жолмен енгізуге болады. Вакцинациядан кейін түзілген иммунитет 6 айға созылады. Ревакцинация 12 айдан кейін жүргізіледі.

2.1886 жылы Д.Брюс малтия безгегімен ауырған адамның көкбауырынан ұсақ кокк тәрізді бактерияларды тауып, одан таза дақыл бөліп алған. Оларды Micrococcus деп атаған. 1896 жылы Б.Банг түсік тастаған сиырдың ұрық сұйықтығынан да коккобактериялар бөліп алған. 1914 жылы Ж.Траум ауру шошқалардан осы тәрізді таяқша бөліп алған. 1916 жылы Ивенс барлық микроорганизмдерді зерттеп, ұқсастықтарын тапқан және брюстың құрметіне бруцеллалар деп атаған. Бруцеллалар негізгі қожайынына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.


Олар:

  • 1.B.meIitensis-ұсақ малдар (қой,ешкі) ауырады.

  • 2.B.abortus-ірі қара малдар

  • 3.B.suis-шошқа малы

Бруцелланың бұл түрлері бірнеше биоварларға бөлінеді.
Олар:

  • Адам үшін патогенді болып саналатын-B.meIitensis

  • B.abortus-адамдарда өте сирек ауру тудырады.

Морфологиясы.Микробтың пішіні ұсақ 0,6-0,8х0,3-0,5 мкм таяқшалар, кейде сопақша түрлері де кездеседі. Қозғалмайды. Спора түзбейді. Нәзік капсуласы бар. Грамтеріс боялады. Жағындыда орналасулары ретсіз.
Дақылдануы. Аэробтар. Қоректік ортаға талғампаз. Өте жай, 2-3 апта бойы өседі. Арнайы қоректік орталары:

Өсу температурасы 370 С градус, рН 6,8-7,2. Кейбір штаммдары өсу үшін 5-10% СО2 қажет етеді. Тығыз қоректік ортада нәзік, ұсақ, түссіз, дөңес, бетінде перламутр жылтыры бар S формалы колониялар өседі. Антибиотиктердің әсерінен L формалы колониялар өседі. Сұйық ортада бірқалыпты тұнба түзеді. Бруцеллаларды тауық эмбрионының сары уызды қалтасында да өсіруге болады. Фуксин мен тионин бояулары қосылған орталарда өсуі және күкіртті сутек түзу қасиеттерінің болуы бұл микробты дифференциялау негізі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет