12-бөлім. Анаэробты жарақатты жұқпа қоздырғыштары
Оқу ақпараты:
Газды гангренаның клостридиялары (негізгі өкілдері). Анаэробтарды дақылдандыру әдістері. Газды гангренаның қоздырғыштарының дақылдық және морфологиялық қасиеттері. Ауру қоздырғыштарының патогенезі, экологиясы, эпидемиологиясының ерекшеліктері. Аурудың диагностикасы. Диагностикалық, алдын алу және емдеу препараттары.
Сіреспе клостридиялары. Сіреспенің қоздырғышының сипаттамасы (морфологиялық және дақылдық ерекшеліктері, сыртқы ортадағы тұрақтылығы) және аурудың диагностикасы. Диагностикалық және алдын алу, емдеу препараттары.
Ботулизм клостридиялары: морфологиясы, тинкториальдық және дақылдық қасиеттері. Негізгі вируленттілік факторлары. Эпидемиологиясы және клиникасы. Диагностикалық және алдын алу, емдеу препараттары.
Спора түзбейтін анаэробты бактериялар (клостридиальды емес). Сипаттамасы және зертханалық диагностикасы. Диагностикалық және алдын алу, емдеу препараттары.
13-бөлім. Аса қауіпті зоонозды жұқпа қоздырғыштары.
Оқу ақпараты:
Оба иерсиниялары: оба қоздырғышының морфологиялық, тинкториалдық және дақылдық ерекшеліктері. Вируленттілік факторлары, эпидемиологиясы және патогенезі. Зертханалық диагностикалық ерекшеліктері. Аурудың арнайы алдын алу жне емдеу препараттары. Алдын алу шаралары.
Туляремия франсиселлалары. Биологиялық қасиеттері, патогенезі, экологиясы, жұқпаның ерекшеліктері және эпидемиологиясы. Туляремияның микробиологиялық диагностикасы. Диагностикалық және алдын алу және емдеу препараттары.
Бруцеллалар. Морфологиясы және биологиялық қасиеттері. Дақылдануы және токсин түзуі. Жұғу механизмі. Бруцеллездің патогенезі. Зертханалық диагностикалық әдістері. Арнайы терапиясы және алдын алуы.
Сібір жарасының бациллалары. Морфологиялық, дақылдық және тинкториалдық қасиеттері. Патогендік факторлары, эпидемиологиясы, патогенезі және клиникасы. Микробиологиялық диагностикасы. Емдеу және алдын-алу.
14-бөлім.Венерологиялық және урогенитальдық жұқпа қоздырғыштары. Бактериальды трансмессивті жұқпа қоздырғышы.
Оқу ақпараты:
Патогенді спирохеталар: мерез қоздырғышы, қайталанбалы сүзек қоздырғышы (эндемиялық және эпидемиялық), лептоспироз қоздырғышы. Мерез қоздырғышының сипаттамасы, қайталанба сүзек (эндемиялық және эпидемиялық), лептоспироз: таксономиялық орны, морфологиялық, тинкториальдық және дақылдық қасиеттері. Мерез, қайталанбалы сүзек және лептоспироз кезіндегі жұқпаның көзі және жұғу тәсілдері. Жоғарыда айтылған жұқпалардың патогенезі және клиникалық белгілері. Зертханалық диагностикалық тәсілдер. Алдын алу және емдеу препараттары.
Патогенді риккетсиялар. Эпидемиялық және эндемиялық бөрітпе сүзегінің қоздырғыштары: таксономиялық орны, жіктелуі, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Эпидемиялық және эндемиялық бөрітпе сүзегінің эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық көрінісі.Эпидемиялық және эндемиялық бөрітпе сүзегінің зертханалық диагностикалық тәсілдері. Эпидемиялық және эндемиялық бөрітпе сүзегін емдеу және алдын-алу. КУ-қызбасының қоздырғышы: таксономиялық орны, жіктелуі, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. КУ- қызбасының эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық көрінісі. КУ- қызбасының алдын-алу, емдеу және зертханалық диагностикалық тәсілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |